Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


фтор -2,4 динитробензолдың



бет5/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
1. 1 фтор -2,4 динитробензолдың қатысуымен (Ф. Сенгер); Зерттелетін белокты (пептидті) сілтілік ортадағы жұмсақ жағдайда ФДНБ затымен қосып қыздырады. Бұл кезде белоктың сары түсті динитрофенил туындысы пайда болады.
Динитрофенилбелокты қышқылмен гидролиздейді (6Н. НСl қосылысында), бұл кезде ол N-соңғы амин қышқылының ДНФ-туындысына және бос амин қышқылдарына бөлініп жіктеледі:
Осыдан кейін стандартты ДНФ амин қышқылдары мен салыстыра отырып, N-соңғы амин қышқылының ДНФ-туындысын хромотография әдісі бойынша ұқсастығын анықтайды (идентификациялайды). Біз қарастырып отырған мысалдағы N-соңғы амин қышқылы глицин болып табылады.
2. Фенилизотиоцианаттың қатысуымен жүретін реакция. Бұл реакцияны әдетте Эдманның әдісі бойынша деградациялау деп атайды. Беоктаға полипептидтік тізбекте амин қышқылдарының орналасу ретін тікелей анықтауға осы әдіс қана мүмкіндік береді және ол тізбекті N-соңынан бастап сатылап, бөледі, ажыратып жіктейді:
Модификацияланған полипептидті сусыз қышқылмен тез өңдейді. Бұл кезде тек N-соңғы амин қышқылы фенилтиогидантон (ФТГ) туындысы түрінде бөлініп шығады. Сөйтіп алғашқы полипептид бір амин қышқылына қысқарады. Бұл әдістің ерекшілігі – полипептидтің басқа бөлігі амин қышқылдарына бөлініп ажырамайды.
N-соңғы амин қышқылы ФТГ-туындысының хроматография әдістерінің біреуімен ұқсастығын анықтайды.
3. Дансилхлоридтің (диметиламинонафталин-5-сульфохлоридтің) қатысуымен жүретін реакция. Мұндай реакцияны іске асыру үшін полипептидті дансилхлоридпен өңдейді, бұл кезде соңғы амин қышқылындағы амин тобы мен реактивтік сульфотобы арасында байланыс түзіледі.
Осыдан кейін дансилденген полипептидті тұз қышқылында (6Н. НСl) гидролиздейді. Бұл қосылыста сульфамид байланысы тұрақты болғандықтан, тек қана амин қышқылының N-соңғы дистильденген туындысы бөлініп шығады. Ол туындының күшті флуоресценциялаушы қасиеті болады және бос амин қышқылдары бөлініп шығады. Осы әдісті қолдана отырып және флуоресценцияның жәрдеміммен N-соңғы амин қышқылының өте төменгі концентрациясын анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет