Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет48/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Дәріс 9
Энергия алмасу
Зат және энергия алмасуы. Биологиялық тотығу. Тыныстану тізбегі және оның ферменттері. Тотыға фосфорлану, энергетикалық балансы.
Дәріс жоспары:

  1. Зат және энергия алмасуы.

  2. Биологиялық тотығу.

  3. Тыныстану тізбегі және оның ферменттері.

  4. Тотыға фосфорлану, энергетикалық балансы.

Метаболизмге кіріспе
Тірі организм дегеніміз - белгілі құрылымы бар биологиялық жүйе. Тірі организмде үзіліссіз зат алмасу жүріп жатады. Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Организмге қоректі заттардың енуі, ас қорыту ферменттерінің әсерінен олардың қарапайым заттарға ыдырауы, түзілген қосылыстардың қанға сіңуі, қанмен ұлпаларға, мүшелерге тасымалдануы, олардан клетка компоненттерінің және биомолекулалардың синтезделінуі, тотығып энергия бөлінуі және организмнен соңғы өнімдердің сыртқа шығуы.
Организмдегі зат алмасу тіршіліктің негізгі белгісі болып табылады. Тірі организм зат алмасудың нәтижесінде пайда болып жарыққа шығады, тіршілік етеді, өсіп жетіледі және өледі.
Организмдегі зат алмасу (метаболизм) өзара тығыз байланысты екі процестен - катаболизм мен анаболизмнен құралады.
Катаболизм (гректің каtа - төмен, ballen - тастау деген сөздерінен шыққан) дегеніміз күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қарапайым молекулаларға айналуы. Азық-түлік, жем-шөп арқылы организмге енген және ұлпалар мен мүшелерге барған белоктар, липидтер, көмірсулар бірқатар катаболиздік реакциялар нәтижесінде ыдырап, ақырғы өнімдерге (СО2, Н2О, NН3) айналады да, сыртқа бөлініп шығады. Катаболиздік реакциялар кезінде органикалық молекулалардан бос энергия бөлініп шығады және бұлар АТФ молекуласында, басқа да нуклеотидтерде жиналады. Жиналған осы энергия тірі организмнің тіршілік әрекетін іске асыру үшін жұмсалады.
Анаболизм (гректің аnа - жоғары деген сөзінен шыққан) - бұл белоктар, липидтер, нуклеин қышқылдарының және клетка мен ұлпадағы басқа да биомолекулалардың синтезі. Мұндай синтез катаболизм кезінде пайда болған заттардың есебінен іске асады. Анаболизм реакциялары кезінде АТФ молекуласының гидролиз процесінде босап шыққан энергия жұмсалады. Анаболизм процесі кезінде организмнің құрам бөліктері қалыптасады және жаңа бөліктер түзіліп жаңарады. Ал организмді тұтастай алып қарастыратын болсақ, ересек организмнің дене құрамы бірқатар уақыт бойы оншама өзгере қоймайтыны белгілі.
Клеткадағы катаболиздік және анаболиздік реакциялар бірінен-бірі тәуелсіз болады және бір мезгілде жүреді. Бұл екеуі зат алмасудың бір тұтастығын және оның мазмұнын көрсетеді. Бұл реакцияларды ферменттер катализдейді және оны эндокриндік жүйе мен орталық жүйке жүйесі басқарып, реттейді. Катаболизм және анаболизм нәтижесінде түзілетін қосылыстар метаболиттер немесе аралық өнімдер деп аталады. Катаболизм диссимиляция деп, ал анаболизм ассимиляция деп те аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет