уйренеді. Тілдегі сан алуан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап
қолдануға тырысады. Көркем әдеби тілдің әуезділігін, әсерлігін түсінуге
дагдыланады. Лексиканы өткея кезде сөздің тура және ауыспалы
мағынасына ерекше мэн беріледі. Мынандай мысал келтіре отырып,
салыстыру әдісін пайдалана отырыл түсіндіруге болады: 1) Ол
ата-анасын
құрмет тұтады (тура мағына). 2) Отан
ананы корғайық! (ауыспалы
мағына). Сөз мағынасын түсіндіргенде сөз бен үғымды түсіндіру, олардың
тепе-тең екендігіи мысалдар келтіре отырып түсіндірген жөн. Сөз
біткеннің бэрі магына бере бермейтіндігін де айтып түсіндіру қажет.
Омоним, антоним, синонимдерді өткен кезде кебінесе салыстыру әдісін
пайдалануға болады.
Мұғалімнің көркем эдебиеттен мэтіндерді оқып, синоним сездерді
тапқызып, орньша басқа синонимдес сөздерді койғызып. мәтіннің
көркемдік
ерекшелігіне
талдау
жасатқызуыдаөзнэтижесінбереді.
Синоним сездерді мағыналық реңкінің өзгеруіне қарай койғызу, сөйлем
ішіндегі синонимді басқа сөзбен алмастыру, оның өзгеру процесін
дэлелдету тәрізді жүмыстарды орындатқан тиімді.
Лексиканы оқытуда эрбір лексикалык категорияны түсіндіру
лексикалық магына мен грамматикалық мағынаны қатар қойып салыстыру
арқылы жүрсе ғана ұтымды. Былайша тусіндіру - лексикалық мағынаны
ашуға көмектесумен бірге, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды
дұрыс ажыратып, сөздердің қолданылу аясын терең түсінуге мүмкіндік
жасайды.
Лексиканы оқыту кезінде мұғалім оқушыларды сөздікпен жұмыс істей
білуге үйретуі керек. Сөздердің шығу тарихьш, сөз мағыналарын сөздіктерді
қолдана отырып меңгерткізу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттырады. Әдебиет сабағында өткен тақырыптардың ішінен тусініксіз
сөздерді тапқызьш, сол сөздердің магынасын сөздіктен таптырып отырса
пэн аралық байланыс жүзеге асып, оқушылардың белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: