Дәріс 4 Қазақ тілін оқытудың педагогикалық негізі 1.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – педагогика саласы.
2.
Қазақ тілін оқытудың жалпыдидактикалық негіздері.
3.
Қазақ тілін оқытудың жеке әдістемелік негіздері.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы. Қазақ
тілін ана тіл ретінде оқыту мен өзге тіл ретінде оқыту әдістемесінің арасында
елеулі айырмашылықтар бар. Осы айырмашылықтарды ескере отырып, өзге
ұлт оқушыларына қазақ тілін үйретудің әдіс-тәсілдерін анықтау, берілетін
білім көлемі мен мазмұнын белгілеу оқытудың педагогикалық негізіне
сүйегенде дұрыс іске асады. Оқытуды тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін
жасаумен педагогиканың дидактика деп аталатын арнаулы саласы
шұғылданады. Дидактиканың қарастырылатын мәселелері – білім
мазмұнының көлемін анықтау, оқыту принциптері мен оқытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін белгілеу.
Қазақ тілінің әдістемесі – лингводидактиканың бір саласы ретінде
педагогикалық ілімнің жалпыдидактикалық принциптеріне сүйенеді.
Дидактикада белгіленген осы оқу принциптерінің негізгі ұлттық мектептерде
қазақ тілі пәнін оқытуда негізгі тұтқа болып табылады. Қазақ тілін оқытудың
принциптерін шартты түрде екі топқа бөліп қарастыруға болады: 1)
жалпыдидактикалық принциптер; 2) қазақ тілі ерекшеліктеріне байланысты
тіл әдістемесіне тән жеке принциптер. Жалпыдидактикалық принциптер
барлық пәндерді оқытуда қолданылатын жалпы оқу негіздері болса, жеке
принциптерге тілдің тілдің ерекшеліктеріне байланысты өзіне ғана лайық,
яғни оқытудың коммуникативтілік, ана тілі ерекшелігін ескеру және
жаттығудың басым болу принципі оқу негізінде жатады.
Өзге тілді үйрену, оның әр түрлі тілдік аспектілерін меңгеру, қарым-
қатынас құралы ретінде қолдана білуге дағдылану-оқыту курсынан
басталатындықтан, оны оқыту қазіргі
Ғылымдардың,
атап айтқанда, лингвистиканың, психологияның,
педагогиканың соңғы жетістіктеріне сүйенетіні сөзсіз. Осы тұрғыда елімізде
шет тілін және орыс тілін өзге тіл ретінде оқытудың ғылыми негізі жан-жақты
қарастырылып, түбегейлі мәселелері ашылған.
Баланың материалды түсінуі ең алдымен бұрын алған білімімен
ұштастыру арқылы шатастыру кезеңі мен кейін бірте-бірте айыратын дәрежеге
көтерілу кезеңінен тұрады. Осы екі процестің бірінен соң бірі ауысып отыруы
арқылы мида жоғарыда айтқандай, шартты байланыс пайда болады. Ал
адамның дүниені танып білуі осы уақытша шартты байланысқа (ассоциация)
тікелей қатысты. Физиологтардың айтуы бойынша, бұл уақытша шартты
байланыстар уақытта түскенде тез қалыптасады. Демек, лексикалық,
грамматикалық материалды игеруде әр сабақта берілетін білімнің мазмұны
бір-бірімен сабақтаса, байланыса жүйелі орналастырылуы керек.