Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері



бет3/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Негізгі терминдер және ұғымдар: акроцентрлі хромосома, анафаза, аутосома, гамета, гаплоидты сан, ген, геном, гетерохроматин, гистон, гомологты хромосомалар, диплоидты сан, ДНҚ, жыныс хромосомалар, зигота, интерфаза, кариотип, кариограмма, мейоз, метафаза, метацентрлі хромосома, митоз, митохондриялар, нуклеосома, өзгергіштік, плазмон, пластида, профаза, рибосома, сома клеткасы, субметацентрлі хромосома, телофаза, тұқым қуалаушылық, хроматида, хромосома, Х-, Ү-хромосома, центромера, ядролық және цитоплазмалық тұқым қуалаушылық, эухроматин.


Әдебиет:

  1. Бегімқұл Б. К. Генетика. Алматы. РИК, 2000. Негізгі оқулық. 5 – 35 бет.

  2. Бегімқұл Б. К. Генетика. Практикум. Астана: Фолиант, 2011.

  3. Бегімқұл Б. К. Медициналық генетика негіздері. Астана: Фолиант, 2008. 6 – 56 бет.

  4. Бакай А. В.Генетика. М. Колос, 2007. Орыс тіліндегі негізгі оқулық.

  5. Айала Ф., Кайгер Дж. Современная генетика. М.: Мир. 1987.

  6. Босток К., Самнер Э. Хромосома эукариотической клетки. М.,Мир, 1981.

Дәріс №2. Клетка жайында түсінік және клетканың бөлінуі
Дәріс жоспары:


1)Цитогенетика. Ядролық және цитоплазмалық генетикалық күрылымдар. Цитоплазмалык тұқым куалау.Клеткалардың құрылысы.
2)Хромосомалардың морфологиялық және химиялық құрамы мен құрылымы. (кариотиптің сипаттамасы,аутосома, жыныс хромосомалары).
3)Клетканың бөлінуі(митоз, мейоз), олардың фазалары және биологиялық мәні.
4)Гаметогенез. Ұрықтану үрдісі, оның биологиялық жөне генетикалық мәні.

Онтогенез - (грекше ontos - тіршілік, genesis - даму) тірі даралардың жеке дамуы, яғни зиготадан бастап ағза дүние салғанға (өлгенге) дейінгі уақытгар аралығында байқалатын күрделі өзгерістер жиынтығы болып табылады. Онтогенез терминін алғаш рет 1866 жылы Э. Геккель енгізген болатын.


Әртүрлі ағзалардың онтогенезі түрліше жолдармен жүреді. Осыған орай, оның екі түрін ажыратады: 1. тура даму; 2. тура емес (түрленіп) даму.
Тура даму дегеніміз жұмыртқадан не ұрық қабығынан барлық мүшелері қалыптасқан, ересек өкілдеріне өте ұқсас, тек олардан дене пропорциялары арқылы ғана ерекшеленетін және өз бетінше дербес тіршілік ете алатын ұрпақтардың дүниеге келуін айтамыз. Даралардың тура дамуы ана денесінен тыс жағдайларда (мысалы, жұмыртқаларда - құстар, жорғалаушылар) не тікелей ана ағзасында (мысалы, жатырда - сүтқоректілер) жүруі мүмкін.
Тура емес немесе түрленіп даму (метаморфоз) деп жұмыртқадан ересек формаларына мүлдем ұқсамайтын аралық формалардың (дернәсілдер, қуыршақ т.с.с.) пайда болуы арқылы дамуды айта-мыз. Оның екі түрі белгілі: 1) толық түрленіп даму - жұмыртқадан бір немесе бірнеше формалы дернәсілдер, содан кейін қуыршақ ересек дара - имаго дамып жетіледі (бунакденелілерде): 2) шала түрленіп даму — бұл жағдайда жұмыртқадан- дернәсіл, ал одан ересек дара дамып жетіледі (бунакденелілер).
Онтогенездің мәнін толық анықтайтын түпкілікті теория әлі күнге дейін жоқ. Бірақ XIX ғасырдың басынан бастап оның мәнін анықтау мақсатында бірнеше гипотезалар (болжамдар) айтылуда. Олардың негізгілері - преформизм және эпигенез гипотезалары.
Преформизм гипотезасы бойынша болашақ ағза жыныс жасушаларыңда барлық мүшелері толық калыптаскан, бірақ өте кішкентай күйде күнібұрын аныкталған. Сол кішкентай ағза ішінде олардың болашақ ұрпақтары да айқындалған, яғни болашақ ағзалар жыныс жасушалары қосылмай тұрып қалыптасқан. Ал, онтогенез (жеке даму) дегеніміз сол кішкентай, күнібүрын қалыптасқан ағза мүшелерінің, денесінің жәй өсуі ғана болып табылады, яғни онтогенез барысында ешқандай жаңа құрылымдар - ұлпалар, мүшелер түзілмейді деп уағыздаған.
Эпигенез гипотезасы бойынша жыныс жасушаларында (жұмыртқа жасушасы, сперматозоид) ешқандай дайын, күні бұрын айқындалған кішкентай ағза болмайды, тіпті жыныс жасушаларында ешқандай кұрделі құрылымдар да кездеспейді. Олар құрылыссыз, гомогенді - біркелкі массадан түрады, ал болашақ ағза ұрықтанғаннан кейін күрделі жаңа құрылу құбылыстарының нәтижесінде дамып жетіледі деп айтқан. Яғни жыныс жасушаларының ағза онтогенезі үшін ешқандай ролі болмайды деп уағыздаған.
Зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін айтамыз. Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әртүрлі ақаулықтар қалыптасады.
Ұрықтар түрліше факторларға сезімтал болады, мысалы дамушы уылдырықтар оттегі жетіспеушілігіне, жылылыққа, механикалық әрекеттерге өте сезімтал. П.Г. Светловтың айтуынша ұрық бір қиын кезенде температура әсеріне сезімтал болса, екінші кезеңде — химиялық заттар әсеріне сезімтал болуы мүмкін т.с.с.
Ұрықтың даму барысында метаболизм, тыныс алу құбылыстары күшейеді, РНҚ қасиеттері, иммундық статусы өзгереді, өсу қарқыны төмендейді. Оттек және нуклеин қышқылдарының жеткілікті болуы қиын кезеңдер салдарын байқатпайтын факторлар болып табылады.
Ac құрамында ағзаға қажет барлық аминқышқылдары жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Егер де олардың біреуі жетіспесе өсу тоқталады, даму бұзылады және ағза өліп қалады. Сол сияқты, өсу кұбылысы үшін дәрумендердің, әсіресе А-дәрумені — ретинол, Д-дәрумені — кальциферол, В дәрумендер тобының ролі өте маңызды. Қалыпты өсу үшін, сол сияқты минерал тұздары мен микроэлементтер де қажет. Өсу мен дамуға әсер ететін орта факторларынан — оттекті, температураны, жарықты айтуға болады. Ағзаның өсуі үшін жарықтың бірден-бір ролі- ол Д-дәруменінің синтезделуін қамтамасыз ету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет