Кодоминанттылық –гетерозиготаларда әр түрлi екi геннiң де белгiнiң дамуына әсерi. Адамның қан тобы мен нәруызының көптеген типтерi кодоминантты тұқым қуалайды. Мысалы, адамда рецессивтi ауру – орақ пiшiндi клеткалық анемия кездеседi. Ауру баланың (SS) барлық эритроцитi орақ немесе жарты айшық тәрiздi болып келедi, ал сау баланың (АА) эритроциттiң екi жағы ойыс диск сияқты. Фенотипi қалыпты гетерозиготалар (AS) эритроциттерi аралас гемоглобиндерден қалыпты және кемiс тұрады; кемiс гемоглобин мөлшерi 45 %-ға жетуi мүмкiн. Кодоминанттылықтың басқа мысалдырына адамның АВО жүйесіндегі ІҮ қан тобы (АВ) немесе шортгорн сиырларының шұбар түсі (АВ) жатады.
Асадоминанттылық – Ғ1-дің (гетерозиготалардың) кейбір белгілерінің дамуы бойынша ата-аналық формалардан (гомозиготалардан) асып түсуі. Бұл құбылыс гетерозисдеп аталады, ол түр аралық будандастыруда жиі байқалады. Мысалы, жалғыз және қос өркешті түйелерден алынған бұдан (нар) күші бойынша ата-аналық формалардан (гомози-готалардан) асып түседі. Сол сияқты қашыр да (әңгі есек пен биенің буданы) сондай.
Тұжырым Гомологты (жұп) хромосомалардың мейоз кезінде ажырауы оларда орналасқан жұп гендердің әрқайсысының жаңа клеткаларға жеке ажырайтынын дәлелдейді. Мұның нәтижесінде гаметаға жұп геннің бірі ғана түседі. Ұрықтануда әрбір гамета (аталық және аналық) зиготаға жұп геннің бірін береді. Егер олар бірдей ген берсе, онда гомозиготалы, ал әр түрлі берсе – гетерозиготалы зигота пайда болады.
Гомозиготалы ағзалар жыныс клетканың бір типін түзейді, сондықтан оларды (бірі доминантты ген А, екіншісі рецессивті ген а бойынша гомозиготалы) өзара шағылыстырғанда алынған гетерозиготалы Ғ1 (Аа) түгелдей біркелкі фенотиппен сипатталады. Гетерозиготаларды өзара шағылыстырғанда белгі Ғ2-де 3 доминантты : 1 рецессивті қатынаста ажырайды.
Доминанттылық құбылысына салыстырмалық тән. Әр кезде толық доминанттылық және оның классикалық ажыраулары байқала бермейді. Жұп геннің бірінің екіншісінен басымдылығы толымсыз болуы немесе олар белгіге теңдей әсер беруі мүмкін. Тіпті кейде бір белгінің гені бірде доминантты, басқа жағдайда рецессивті болуы мүмкін, мысалы порфирия гені ірі қара мен қойда рецессивті болса, ал шошқада – доминантты.