9-сурет. Эукариот геномының жұмысы (колинерлы емес принцип).
... Ц А Г Т Т А Ц Г Ц ... ... Г А Т Ц ... ... А А А А А А Ц Г ... ... А Г Ц Т Т ... ... А ... ДНҚ Интрон 1 Экзон 1 Интрон 2 Экзон 2 Интрон3 ... Г Т Ц А А Т Г Ц Г ... ... Ц Т А Г ... ... Т Т Т Т Т Т Г Ц ... ... Т Ц Г А А ... ... Т ...
Транскрипция гяРНҚ .. Ц А Г У У А Ц Г Ц ... ... Г А У Ц ... ... А А А А А А Ц Г ... ... А Г Ц У У... ... А ...
Процессинг Сплайсинг Ядро и РНҚ ... Г А У Ц А Г Ц У У ... Цитоплазма Трансляция Нәруыз ... Асп Глн Лей ...
10-сурет. Эукариот геномы жұмысының үлгісі.
Тұжырым
Бактерия гендері нуклеоид аймағында орналасқан, нағыз хромосомасы жоқ. Дегенмен ДНҚ-сы шартты түрде хромосома деп аталады. ДНҚ-сы тұйық, оны ұзына бойы жазса сақина формалы болады, ұзындығы 1 мм. Гендерінің саны орта есеппен бес мыңдай.
Вирус геномы тым қарапайым: түзу немесе сақиналы ДНҚ-сындағы гендерінің саны жүзден аспауы мүмкін. Мысалы, φ174 фагының тоғыз-ақ гені бар. Кейбір вирустарда ген болып РНҚ саналады. Олар генетикалық материалдың эволюциясында алдымен РНҚ, онан соң ДНҚ пайда болған деп жорамалдануына байланысты, ретровирустар деп аталады. Мұндай вирустар РНҚ негізінде ДНҚ синтездей алады (кері транскрипция), сөйтіп бактерия және басқа организмдерді зақымдай алады.
Эукариот геномына мынадай ерекшеліктер тән:1) барлығында ген болып ДНҚ саналады және оның формасы түзу, бактерия мен вирустардағыдай тұйық емес; 2) геномы ондаған мың гендерден құралған (мысалы, адам геномында 80 мыңдай ген бар); 3) геномы үзілмелі – генетикалық информация бар бөліктері (экзондар) интрондармен бөліген; 4) генетикалық информация артық – барлық ДНҚ-сының аз бөлігінде ғана кәдуілгі гендерді ажыратады.