Вариациялық қатар –организмдердің зерттеліп отырылған белгінің мәні бойынша кластарға үлестірімі. Қатарды құрастыру үшін мынадай жұмыстарды атқару керек:
1) іріктемеден максимал (хmax) және минимал (хmin) варианталарды табу;
2) класс санын (l) анықтау, 6-кесте арқылы табуға болады;
3) класс аралығын (k) есептеу:
4) кластардың төменгі шекараларын табу керек, бұл үшін белгінің минимал мәніне (аз жағына айналдырылса ыңғайлы, бірақ азайту класс аралығының жартысынан аспағаны дұрыс (хтіп– к/2)класс аралығығын максимал варианта енгенге дейін қосады;
5) кластардың жоғары шекараларын табу, олар келесі кластың төменгі шекарасынан белгінің өлшеу дәлдігіне сәйкес бір бірлікке кем болуы керек;
6) варианталарды өздерінің мәндеріне сәйкес кластарға жүйелі түрде түсіру, оларды нүкте мен сызықшалар арқылы түсірген ынғайлы: