Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері



бет36/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
4-Д әрістер жинағы, генетика (2)

5. Хи-квадрат критерийiн есептеу

Фенотип

Байқалатын (Б)

Күтiлетiн (К)

(Б–К)2

(Б–К)2

PGM11/PGM11
PGM11/PGM12
PGM12/PGM12

39
25
4

39,28
24,80
3,92

0,0784
0,04
0,0064

0,002
0,002
0,002

Қосындысы

68

68,00

= 0,006

Есептелiнген хи-квадрат критерийi өзiнiң кестелiк мәнiнен әлдеқайда аз болып шықты –  = 5,99 – 9,21 – 13,82 (v = l 1 = 3 – 1 = 2, болғанда), байқалынатын және теориялық тұрғыдан күтілетiн фенотиптер жиiлiктерi арасында айырмашылық жоқ яғни фосфоглюкомутаза локусы бойынша зерттелген популяцияда тепе-теңдiк сақталған (Р < 0,95).




2. Инбридинг


Инбридинг – туыс даралардың шағылысуы. Ол мысық және иттi өсiруде жиi қолданылады. Мал шаруашылығында инбридингті дұрыс қолдану нәтижесiнде өнiмдi мал тұқымдары шығарылды. Туыс даралар генотипi бойынша туыс еместерге қарағанда өзара ұқсастау болғандықтан, инбридинг гомозиготалар жиiлiгiн көбейтiп, гетерозиготалардың жиiлiгiн азайтады. Туыс шағылысдың генетикалық өлшемi болып инбридинг коэффициентi саналады. Коэффициент популяциядағы қайсыбiр локустар бойынша гомозиготалы даралардың артық санын сипаттайды, ал коэффициенттiң өзi Ғ әрiпiмен белгiленедi. Сонымен қатар ол жеке дараның генотипiндегi гомозиготалы локустардың артуын да сипаттай алады. Инбридинг жоқ кезде = 0) генотиптер жиiлiгi Харди–Вайнберг заңына сәйкес келедi. Инбридинг нәтижесiнде популяцияның гомозиготалы дараларының жиiлiгi гетерозиготалар есебiнен артады. Кездейсоқ шағылысуда бiрдей гаметалардың қосылу ықтималдығы 1/2n-ге тең. Инбридинг коэффициентi:
F = 1/2n, мұндағы 2n – популяциядағы гаметалар саны.


Ғ2-де гомозиготалардың түзiлу (бiрдей гаметалардың қосылу) ықтималдығын мына формула сипаттайды: , мұнда, Ғ1, Ғ2 – I және II ұрпақтағы инбридинг коэффициенттерi. Кез келген келесi ұрпақ үшiн жалпы формуланың құрылмы Ғ2-дегiдей болады, бiрақ оған алдыңғы ұрпақтың Ғ көбейткiшiн енгiзу керек:
, мұнда t – инбридинг коэффициентi есептелiнетiн ұрпақ.


Мысал. Популяция 1500 дарадан тұрады. Онда бiр қос аллельдi локус үшiн аллельдер саны мынаған тең болады: 2n = 2·1500 = 3000. Осы локус бойынша гомозиготалықтың бiрiншi ұрпақта артуы мынадай болады: Ғ1 = 1/2n = 1/3000 = 0,0003 яғни 0,03%, ал екiншi ұрпақта – Ғ2  0,0003 + (1 – 0,0003)·0,0003 = 0,0006 немесе 0,06%.
Адам мәдениетiнiң басым бөлiгiнде инбридингке тыйым салынған (мысалы, қазақта 7 атасына дейiн қыз алуға), кейбiр елдерде мұндай некеге заңды түрде рұқсат берiлмейдi, оның басты себебi – инбридтік депрессия. Инбредтiк депрессия деп инбридингтiң зиянды әсерiн түсiнедi. Бiрақ кейбiр популяцияларда инбридинг қажеттi деп саналады. Мысалы, египет фараондары, берідегi төрелер тек өз тұқымымен ғана неке құруға талпынған.
Қазiргi кездiң өзiнде Индияның Андхра-Прадеш штатында, Израилдың самар, және Египеттiң Нуби руларында туыс неке құру дұрыс деп саналғандықтан, инбридинг коэффицентi бiрнеше есе (үш және одан көп) жоғары. Туыс некеден туылған балаларда әр түрлi кемiстер туыс емес некеден туылған балалармен салыстырғанда бiрнеше есе жиi кездеседi. Инбредтi депрессия зиянды рецессивтi аллельдер бойынша гомозиготалық дәреженiң артуына байланысты.
Тұжырым

  1. Кез келген популяцияның (табынның, отардың үйірдің, т. б.) генетикалық құрамы басқадан қандай да бір айырмашылығы болады, бұдан басқа уақыт аралығында сол бір популяцияның өзінің генетикалық құрылымы эволюциялық факторлардың әсерінен өзгереді. Популяцияның аллельдер жиілігін және соған байланысты генетикалық құрылымын Харди-Вайнберг формуласы көмегімен сипаттауға болады.

  2. Эволюциялық факторлардың әсері жоқ кезде популяцияның гендік құрамы Харди-Вайнберг заңына бағынады яғни оның генетикалық құрылымы кездейсоқ шағылысу сақталатын болса ұрпақтар аралығында өзгеріссіз болып, тұрақтылықпен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет