Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері


Сапалық белгілердің статистикалық



бет34/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
4-Д әрістер жинағы, генетика (2)

3. Сапалық белгілердің статистикалық көрсеткіштері


Сапалық белгілер үшін арифметикалық орта болып зерттелетін белгі байқалатын даралардың үлесі немесе бөлігі саналады. Мысалы, шаруашылықта өсірілетін 2400 күзеннің 2136-сында түгінің түсі бойынша доминантты (қоңыр), қалғандарында рецессивті фенотип (сұрғылтым) байқалды делік. Доминантгы белгі байқалатын варианталардың абсолют санын – т арқылы белгіленсе, онда рецессивті белгі байқалатын варианталардың саны п т арқылы белгіленеді: п = 2400; т = 2136; п – т = 264.
Альтернативаның санын бірлік үлесі немесе пайыз (процент) арқылы есептеуге болады. Егер доминантты белгіні сипаттау қажет болса, онда оның үлесі – р = т/п = 2136/2400 = 0,89 немесе 89 %. Мұнда, р арифметикалық орта коэффициентіне сәйкес келеді (р = ).
Рецессивті белгіні сипаттау қажет болған жағдайда, оның үлесі – q = = (n m)/n = 1 – (m/n) = 1 – р = 1 – 0,89 = 0,11 немесе 11 %. р + q = 1 немесе р + q = 100.
Сапалық белгілердің өзгергіштігі стандарттық ауытқу арқылы сипатталады, оны есептеу үшін мына формула қолданылады:
Бірлік үлесі немесе пайыз арқылы өрнектелген сапалық белгі жиілігінің статистикалық қателігі болады. Мұндай қателік кез келген статистикалық көрсеткіш үшін тән, өйткені оның мәні бас жиындағы параметріне ешуақытта тең болмайды. Мысалы, үшін ірікт. бас. Сапалық белгінің орташа жиілігінің қателігі немесе 0,63 %.


Қорытынды: Күзеннің қоңыр түсінің орташа жиілігі (арифметикалық ортасы) 0,89-ға немесе 89 %-ға, ал сұрғылтым түстің – 0,11-ге немесе 11 %-ға тең. Зерттелген доминантты және рецессивті белгілердің жалпы статистикалық қателігі 0,0063-ке немесе 0,63 %-ға тең. Талданған іріктемеде белгінің орта шамасының жиілігі 0,31-ге () ауытқуы мүмкін.


Әдебиет:

    1. Б. К. Бегімқұл. Биометрия. Алматы. Нұр Принт, 2012, 33–41 б.

    2. Б. К. Бегімқұл. Генетика. Алматы. Фолиант, 2011, 237–264 б.

    3. А. В. Бакай и др. Генетика. М., Колос, 2007, с. 178-184.

    4. Е. К.Меркурьева и др. Генетика с биометрией. М., Колос., 1990 г, с. 172–175

    5. Н. А. Плохинский Биометрия. М., МГУ, 1980. с. 9–18.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет