3. Ірі қара қан тобының генетикалық жүйелері
Жүйе
|
Антигендер саны
|
Антигендер
|
A
B
C
F–V
M
S
|
8
> 40
> 10
2
4
> 13
|
A, D, H, Z, A1, A2, D1, D2
B, B1, B2, G1, G2, G3, I, I1, I2, K, O, Ox, O1, O2, O3, O4, P, P1, P2, Q, Q1, Q2, T, T1, T2, Y1, Y2, A1, D, E1, E2, E3, E4, т. б.
С1, C2, C3, F, R1, R2, W, W1, W2, X, G, т. б.
F (F1, F2), V
M, M1, M2, M
S, U, H, H, U, т. б.
|
Қан, сүт, жұмыртқа, шәует, т. б. ұлпа нәруыздарының және ферменттерінің генетикалық алуан түрлілігі биохимиялық полиморфизм деп аталады. Мысалы, трансферрин бойынша барлық жануарларда полиморфизм байқалады: қойда – 13, ірі қарада – 12, т.б.. Ірі қараның көптеген тұқымдарында ТfА және ТfD – аллельдері жоғары жиілікпен сипатталады, ал ТfB аллелінің жиілігі анағұрлым аз, ол тіпті джерсей сиырында кездеспейді. Зебуде, керісінше, бұл аллельдің кездесу жиілігі 66 %-ға тең.
4. Малдардың қан топтары мен нәруыздарының аллельдері
Мал тобы
|
Қан тобының жүйелері
|
|
A
|
B
|
C
|
F-V
|
J
|
L
|
M
|
S
|
Бұзау № 42
Сиыр
Бұқа № 55 Бұқа № 544
Бұқа № 9
|
–/A1
–/A1
–/–
–/–
A2/D2
|
–/Q3QA2E1FJ2
–/OP
Y2A1/G
–/O3QA2E1FJ2
O/O
|
C2E/W
EWL/W
EW/R2
C2E/W
C2W/W
|
F/V
F/V
F/F
F/V
V/V
|
–/J
–/J
J/J
–/–
–/–
|
L/L
–/L
L/–
–/L
L/L
|
–/–
–/–
M/M
–/–
M/–
|
U/U
U/U
SH/H
H/U
S1H/H
|
2. Генетикалық полиморфизмнің практикалық маңызы
Генетикалық полиморфизмнің бірнеше практикалық маңызы бар: ұрпақтың шығу тегін бақылау; егіздің моно- не дизиготалығын білу; популяцияның генетикалық құрылымын талдау; малдың өнімділігімен және ауруға төзімділігімен байланысын анықтау, т. б.
Ұрпақтың мүмкін әкесін анықтау. Бірнеше бұқаның шәуетімен ұрықтанған сиырлардан туылған бұзаулардың әкесін қан тобы локустарының тұқым қуалауын талдау арқылы анықталуын қарастырайық (4-кесте). Бірінші бұзаудың (№ 42) шешесі қатарынан үш рет күйлеп, әр түрлі үш бұқаның шәуетімен ұрықталған. Қан тобының сегіз жүйесін талдау нәтижесінде бұзаудың әкесін қан тобының А, F–V, J, L және M локустары бойынша анықтау мүмкін болмайды. Мысалы, А жүйесінің антигеннің жоқ болуының аллелі (–) екі бұқада (№ 544, № 55) да бар, ал F–V локусының аллельдері барлық үш бұқада бар. Ал, қан тобының B, C және S локустары аллельдерінің тұқым қуалауын талдау аталған бұзаудың № 544 бұқадан туылғанын көрсетеді, өйткені бұзау және аллельдерін аталған бұқадан алған деп сенімді айтуға болады.
Малдың ауруға төзімділігі. АВО қан тобы бойынша А тобы бар адамдар қатерлi iсiкпен, ал 0 тобы – қарын мен он екi елi iшектiң ойық жарасымен жиi аурыды. Ревматизмнiң (құздама) 0 тобында сирек кездеседi. А қан тобы бар балаларда диарея (iш өту) өте ауыр өтеді. А. А. Лазовский гемоглобин локусы бойынша гетерозиготалы қойдың гомозиготалы қоймен салыстырғанда тоғышар құртының көптеген түрлеріне төзімді екенін тапты. Генотипі HbAB қойларға гельминтоздың жұғуы AA типке қарағанда 72-ға, ВВ қарағанда 139-ға кем болды. Ауруға төзімділік көбінесе кейбір полиморфты нәруыз локустарының гетерозигота жағдайымен байланысты болады. Гемоглобин локусы бойынша гетерозиготалы қой лептоспирозға, жұмыртқа белогы овоглобулин локусы бойынша гетерозиготалы тауық пуллорозға төзімді екені белгілі болды.
3. Иммунитет генетикасы. Иммундық жауаптың генетикалық бақылануы
Қазiргi кезде генетикалық тұрғыдан иммунитет деп организмнiң бөтен генетикалық материалды өзiнiкiнен айыру қабiлеттiлiгiн түсінеді.
Ұлпалар сәйкестілігінде басты рөлді гистосәйкестіліктің басты комплексі немесе қысқаша МНС (ағыл Major histocompatibility complex) локусы атқарады. Бұл гендердің өнімдері МНС нәруыздары деп аталады.
МНС нәруыздарының І класының гендері трансплантациялық антигендерді коделейді. Хирургиялық трансплантация үшін мүшелер еш уақытта жетiспейдi. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 13 мың адамға донорлық жүрек қажет. Шындығында мүшелердiң тапшылығы жоқ: АҚШ-тың өзінде жылына 25 мыңдай денсаулығы таза адамдар жазатайым себептен кенет қайтыс болуда. Алайда, олардың 20 %-ы (5000) ғана донор бола алады, ал қалғандары (20 мыңы) негiзінен МНС гендерiнiң сәйкес келмеуiне байланысты донор бола алмайды.
Иммундық жауаптың күшін бақылайтын локус IR (ағыл. immune response – иммундық жауап) – гендері деп аталады. Мысалы, жеке малдың антигенге қарсы IR-гендерi жоқ немесе ол төмен иммундық жауапты бақылайтын болса, онда антигенге қарсы қанша ем салса да, антизаттар жетімді синтезделмейдi.
Тұжырым
Жануарлардың қан тобының антигендері және құрылымдық нәруыздар бойынша генетикалық полиморфизм байқалады. Оларда көптеген қан топтары табылды, олардың кейбіреулеріне өте күрделі көптік аллелизм, біразына кодоминанттылық тән. Кейбір антигендер фенотоп құрамына еніп, ұрпаққа әр кезде біртұтас тұқым қуалайды. Генетикалық полиморфизм ұрпақтың тегін бақылауда, әр түрлі популяциялардың бір-бірімен генетикалық ұқсастығын анықтауда, полиморфты жүйенің малдың өнімділігімен немесе ауруға төзімділігімен байланысын айқындауда, т. б. селекциялық және ветеринариялық мәселелерді шешуде қолданылады.
Ағзаның бөтен молекуланы (антигенді) өзінікінен ажыратуы генетикалық тұрғыдан анықталады. Антигеннің генетикалық субстанциясы ағзаның локусына сәйкес келмесе иммунологиялық реакция басталып, антиген жойылады немесе қабылданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |