кәсіпорындардың, қалалардың әсері), сызықтық (коммуникациялардың әсері)
және алаңдық (үлкен аумақтарда жаңартылатын ресурстарды пайдалану)
болып бөлінеді.
Қоршаған ортаның өзгеруінің ауқымы бойынша жергілікті, аймақтық
және жаһандық әсерлер ерекшеленеді.
Әсердің шығу тегі бойынша механикалық (мысалы, пайдалы қазбаларды
өндіру кезінде тау жыныстарының бұзылуы), физикалық (табиғи ортаға жылу
энергиясының бөлінуі), химиялық (атмосфераға
және су қоймаларына
химиялық заттардың шығарылуы), биологиялық (кеспеағаштарды жеткіліксіз
тазалауға және ормандардың қоқыстануына байланысты зиянкестердің
қарқынды көбеюі) болып бөлуге болады.
Өздеріңіз білетіндей, адамның табиғи жүйелерге әсері стационарлық,
позициясын өзгертпейтін және стационарлық емес, қозғалмалы болуы мүмкін
техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Стационарлық
құралдарға инженерлік құрылыстар — жасанды немесе табиғи
материалдардан (өнеркәсіптік кәсіпорындар, елді мекендер,
бөгеттер,
каналдар және т.б.) адам жасаған жергілікті жерде ұзақ уақыт сақталатын кез
келген
объектілер
жатады.
Олардың
әрекеті
әдетте
кеңістікте
локализацияланған және көп жағдайда үздіксіз жалғасады. Нәтижесінде
инженерлік құрылымдардың өмір сүру уақыты және олардың табиғатқа әсер
ету уақыты көбінесе сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: