ДӘРІС №7
СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде
тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су - өмір нәрі» деп бекер
айтылмайды. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз
тіршілік процесі жүрмейді. Жер бетінің 77,5 процентін су алып жатыр. Су
қорларына - өзен- көл,
теңіз-мұхит, жер асты сулары, мұзды және қарлы
аймақтағы су, атмосфералық ылғал кіреді. Жер шарының сулы қабатын, яғни
өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, тоған, су
қоймалары және
шалшықтыбатпақты жерлер жиынын – гидросфера деп атайды.
Су – түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, айқын копиллярлық
қасиеті бар. Суды, негізінен тіршілік иелері – адамзат, жан-жануар,
микроорганизмдер және өсімдіктер дүниесі пайдаланады. Су, тірі
организмдердің дене кұрамына кіріп, ондағы зат және энергия алмасуына
қатысады. Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе, адам әлсіреп, шөлдеп,
аяқ-қолы дірілдеп жалпы жағдайы нашарлай бастайды. 20-25 процентке кемісе
өмір сүруі тоқтайды. Бір адам жылына 50 тонна суды пайдаланатын көрінеді.
Деректер бойынша 2005 ж. әлемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд. халық
ауыз су тапшылығына тап болады. Бұл жағдай суға байланысты экологиялық
және қоғамдық шиеленістерді қиындатады. Қазірдің өзінде Африка мен Таяу
Шығыс елдеріндегі ауыз судың жетіспеушілігі кедейлік пен артта
қалғандықты,
политикалық
тұрақсыздықты
әкеліп
отыр.
Судың
жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық
қақтығыстардың себебі
болып отыр. Египет, Судан мен Эфиопия елдері Ніл өзенінің суына таласуда.
1998 ж. жаз айларында жарты миллионға жуық палестинстерге Иордан
өзенінің батыс жағалауынан су алуға кедергі жасалды, бұл Израиль
мемлекетіне деген қатты наразылықты тудырды. Индия мен Бангладеш
төменгі жақтарында кейде кеуіп қалатын Ганг өзенінің ағымына байланысты
араздасуда. Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан
Қытай мемлекетінің су
саясатының әсерін сезінуі мүмкін. 1999 жылдан бастап Қытайда Ертіс өзенінің
жоғарғы ағынын басқа жаққа бұру басталды. Қазірдің өзінде бұл өзеннің
ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі азайып келеді. Жеке елді аймақты таза
сумен қамтамасыз ету
проблемалары тек сол елге ғана қиындық әкелмей бүкіл
әлемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтан да мұндай дағдарыстық
жағдайларды шешу бүкіләлемдік бірлесіп іс-әрекет жасауды талап етеді.
Үлкен ойшылдықпен және болашақтық тұрғыдан суға адамзаттың негізгі
стратегиялық
ресурсы
ретінде
қарау
XXI
ғасырдың
маңызды
бағыттамаларының бірі болып тұр. БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды
«Халықаралық таза ауыз су жылы» деп белгіледі.
Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен суды
тиімді пайдалану мен оны территориалдық жағынан өзгерту жатады. Судың
сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1) суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;
2) өндірісте суды бірнеше
рет қайталап пайдалану;
3) ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау.
Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;
4) ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек
құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол
бермеу;
5) суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау
нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
Судың ластануын кеміту шаралары
ең алдымен суды пайдалану, тазалау
әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды
тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже
береді. Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты және оның ірі қалаларына
шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға
деген сұраныс күрт өсіп кетті. Және өндірістік ағынды сулардың көлемі де
көбейді.
Көптеген өндіріс мекемелері осы ағынды суларды су құбырларымен өзендерге
жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан
өзендер мен көлдердің тым
ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу және жұмыстық қажетке пайдалану
былай тұрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға соғуда. Сонымен
қатар мұндай лас суларды пайдалану тұрғындардың денсаулығына да зиянды
әсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы, әсіресе, ірі қалалар мен
өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда артық екендігі
анықталып отыр. Мәселен, Орал, Тобық, Есіл өзендері ағынды лас суларды
көп жинайтын болғандықтан қазір қатты ластанып отыр.
Сол сияқты Ертіс
бассейні де экологиялық жағынан таза емес. Судың құрамында ауыр
металдардың (цинк, кадмий, мышьяк, фенол және басқалары) иондары көп,
олар өзенге негізінен металлургиялық өндірістің ағынды суларымен келеді.