Дәріс 10: Дөңгелек үстел әдісі
1. Дөңгелек үстел әдісінің сипаттамасы
2. Дөңгелек үстел» өткізудегі оңтайлы жағдайлар
1. Дөңгелек үстел әдісі педагогикалық саясат ғылым шеңберімен байланысты болған. «Дөңгелек үстел» көбіне белгілі бір проблеманы талқылаушы түрлі саяси және ғылыми бағыттағы өкімдермен ұйымдастырылады. Пікірлердің, ойлардың алмасуы жалпы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Оқытуда «дөңгелек үстел» түрлі ғылыми аспектілер өзекті мәселелер қарастырылатың теорияның, проблемалардың тиімділігін жоғарлату үшін қолданылады.
Дөңгелек үстел – оқушыларға белгілі бір проблеманы өрістетіп, ақпаратты алуды арттыруға әсер ететін және олардың өзіндік позициясын бекемдейтін, әрі олардың танымдық қызметін ұйымдастырудың белсенді формаларының бірі, шешім қабылдауда қателіктен қашып құтылудың амалы – дискуссияны логикалық және шығармашылық мәдениетпен жүргізе білуге тәрбиелеудің төте жолы.
2. «Дөңгелек үстел» өткізудегі оңтайлы жағдайлар, күн тәртібіне алынған тақырыптың негізгі және жанама сұрақтарын атауға болады. Олардың бәрінің маңызды болатын себебі: оңтайлы нәтижеге қол жеткізуде, іскер ахуал қалыптастыруда, сонымен бірге интеллектуалды және сезімдік көңіл хошын көтеруге әсер етеді. Ең қажеттісі, Дөңгелек үстел шынымен өз қызметін мүлтіксіз орындасын десек, онда «беппе-бет» немесе «көзбе-көз» қарым-қатынасы іске асуы тиіс.
Әуелі Дөңгелек үстелге қатысушылардың қажетті мөлшерін қарастырып алуға тиіспіз. Егер математикалық олимпиадаға жиналған мұғалімдер саны шамадан тыс көп болса, онда бір емес, екі жүргізуші (оларды әдетте тілшілер деп те атайды) болуы керек. Бір сыныпта әр мектептен келген 20-30 оқушы болғанда, бір тілші мен оған техникалық құралдар жағынан жәрдемдесетін ассистент болғаны дұрыс.
Дөңгелек үстелді өткізудегі ең маңыздысы күн тәртібін сақтау.
Дөңгелек үстелдің жалпы күн тәртібі – 2 сағаттан, оқушылардың жарыс сөзі – 10 мин., дискуссияға қатысуы – 3-5 минуттан болып келеді.
Дөңгелек үстелді өткізу кезінде аяқ астынан туындайтын келеңсіз жағдайлардың да етек алатынын еш естен шығармауымыз керек. Олар Дөңгелек үстел әдісімен өткізілетін семинар-сабақтың нәтижелілігіне өз әсерін тигізеді де, игілікті іске өз көлеңкесін түсіреді.
жағымды жағдайлар
|
келеңсіз жағдайлар
|
алдын ала дайындалған жарамды сценарий
тілшілердің дөңгелек үстел жүргізу дағдысы
күн тәртібін сақтау
«Ар кодексін» сақтау
интеллектуалды төзім
шешім қабылдауды бағалаудағы шынайылық
әдіскерлік
мейірбандық
ашықтық т.с.с.
|
дөгелек үстел алдын ала дайындалған сценарийсіз өз бетімен өткізу
тілшілердің дайын еместігі, жұрт алдында өз позициясы мен дәлелдеулерінің жеткіліксіздігі
құрылымдық сыннан бас тарту
сараптай білмеу
проблеманы тұрпайыландыру
қарым-қатынас жасау дағыдысының жоқтығы
жаңаның енгізілінуіне кертартпалық
беделділерге қысым көрсету
|
Осылардың бәрі, дөңгелек үстелдің психологиялық астарын түзеді. Осылайша, пәнді оқытудағы кез келген проблема бойынша өткізілген дөңгелек үстелдің негізгі бөлігі дискуссиядан тұрады. Сондықтан, жетекші осы әдістің ақпараттық өрістеуін жете меңгеруі қажет. Өйткені, ол әр мектептен жиналған пәндік олимпидаға қатысушы оқушылардың бәріне ортақ, бәрін қанағаттандыратын критерий ұстануы шарт.
Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылардың дискуссияға араласып кетуі әдетте өте күрделі. Өйткені олар:
өзінің ойымен қабыспайтын «бөтен» ойға, идеяға, ұсыныс пен позицияға назар аударады;
талқыланатын проблема туралы жеткілікті хабардар болмайды;
дискуссияны қалыпты жүргізе алмайды, яғни айтылған ойдың, идеяның шынайылығын сездіретін қарсы факті мен айғақтаулар негізінде дөңгелек үстелге қатысушыларды өзіне тарта алмау сияқты кедергілер алдымызды орайды.
Егер қатысушылардың басым бөлігі белгілі бір ғылыми-теориялық сенімді бойларына сіңіріп, осы алған білімдерін өздерінің көзқарастары мен ұстанымдарын пікірталас үстінде қорғауда қолдана алатын болса ғана дөңгелек үстел нәтижелі деп айта аламыз. Психологиялық жағынан аталған бұл процесс жайдан-жай өте салмайды, өйткені бұрынғы қалыптасып қалған ескі көзқарасты өзгерту керек. Сондықтан дөңгелек үстел кезінде үнемі өзіңнің жеке бастық сезіміңді тізгіндеп отыруың керек. Бұл арада дөнгелек үстел жүргізушіден талап етілетіні - үнемі сезімдік ауанды қалай ұстағаны мен интеллектуалды әлеуетті қалай ашатыны.
Қатысушылар дөңгелек үстелге бейімделуі үшін алдын ала «ақпараттық шабуыл» өткізіп алу керек. Бұл – алдын ала бой жазу мен ой сергіту. Осы арқылы болашақ талқылатын проблема жөнінде ақпараттық база қалыптасады.
Сонымен дөңгелек үстел – өрелі оқушылардың семинар-сабақ үстінде өзара ақпараттық қарым-қатынас жасау процесі, онда тек ақпарат алмасу ғана емес, өзінің жеке позициясын қорғау мен өзгенің пікірін мойындау, жоққа шығару, бейімдей түзету де орын алады. Осылайша қажетті жаңа ақпараттық кеңістік пайда болып, жүргізуші ұстаздар тарапынан жаңартпашылық нұсқаулар мен шешімдер қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |