Дәріс 1: Оқыту әдістері туралы түсінік


Дәріс 11: Пресс-конференция семинар-сабағы



бет12/19
Дата15.01.2022
өлшемі98,75 Kb.
#24040
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Дәріс 11: Пресс-конференция семинар-сабағы 
1. Пресс-конференция әдісі

2. Пресс-конференция өткізудің іс-шарасы
Пресс-конференция – таза ақпараттық сипаттағы дискуссия типіндегі семинар-сабақ. Оның мақсаты шәкірттерді қызықтырған сауалдар бойынша шұғыл түрде өзекті ақпарат беру болып табылады. Ол сабақтың белсенді де, шұғыл формасы, оның негізінде ақпараттық процесс жатыр. Сұрақ-жауап формасы – семинар сабақтың өзегі.

Шәкірттер арасында міндетті түрде шешуді талап ететін сауалдар мен проблемалар қордалынып қалған шақта пресс-конференция өткізіледі. Кейде мұғалім уақыт тауып, сабақтың соңынан ұғынылмаған сауалдың бетін ашу үшін пресс-конференция өткізуіне де болады.

Аталған семинар-сабақтың белсенділігі мынада: ұсыныс жасау тізігіні шәкірттердің қолына көшеді. Олар – интервьюерлерге, ал, мұғалімдер – респондентке айналады.

Осылайша оқу ұжымының педагогикалық технологиясы өзгеріп, шәкірттерге кез келген рөлді орындау ұсынылады: «қитұрқы» да, келеңсіз сұрақ қойып, оған мұғалімнің жауап бере алатындығын шыдамдылықпен күту, яғни оның өз ұстазынан сынақ алу арманы орындалғанына оқушы разы болады ма, соны білу кең орын алады. Сол арқылы біз тек ашық түрде ғана емес, сонымен бірге жасырын түрде де осындай қадамға барамыз.

Ашық себеп ойды мазалаған сауалдың сырқа шығуына түрткі болса, жасырын себептер: 



  • Көңіл-күйдің жалпы ауанын анықтау; 

  • Бірте-бірте өз мойнына жаңа рөлді атқаруды алу

  • Ақпаратты сіңіру деңгейін бағалап, қажет кезінде «күрделі» немесе «қарапайым» дәріс оқу мен сабақ беруді жөнге келтіру; 

  • Шәкірттердің психологиялық жақтан қанағаттанушылығы, оларға сабақтың қорытындысын жасату

  • Оларды өз ойын ашып айтуға, тәуекелшілік етуге, пікірталасқа түсе білуге үйрету. 

Шәкірттердің сауалы сан алуан, кейде арандатушы болып келуі де мүмкін. Сондықтан, пресс-конференцияда мұғалімнің рөлі өте зор. Ұстаз өз шәкірттерінің бойына шығармашылық пен қиыннан қиысын табуды сіңіре білуі қажет. Ол үшін мұғалім тұтастай жүйеленген қасиетке ие болуы шарт (50-сурет).

Пресс-конференция семинар-сабағын төмендегіше жіктеуге болады:



 Шағын ауқымды «ПК»:
-қатысушылар санының аздығы;

-тікелей кері байланыс;

-ресмиліктің жоғарғы емес дәрежесі


Орташа ауқымды «ПК»:

-қатысушылар санының көптігі;

-кешіктірілген кері байланыс;

-ресмиліктің жоғарғы дәрежесі



Кең ауқымды «ПК»:

-БАҚ арнасы бойынша;

-кері байланыс адалығы 

Енді, жаңартпашылық мектептердегі шәкірттер аудиториясы қандай қасиеттерге ие деген педагогикалық мәселеге тоқталайық.

1. Басты рөлді сыныптағы оқушылардың біртектілігі (гомогенділігі) ойнайды. Мынандай факторлар – жалпы танымдық қызығушылық, білім, өмір тәжірибесі, жас ерекшелігі, жыныс, көңіл-күй ауаны ақпаратты белсенді қабылдауға көмектеседі. Сыныптағы оқушылардың кері көңіл-күйі (жалығу, сүреңсіздік, тартымсыздық, әсерсіздік) жиылып келгенде пресс-конференцияны жоққа шығарады.

2. Белгілі бір деңгейде сыныптағы оқушылардың сандық жағы өзіндік рөл атқарады. Қатысушы оқушылар саны аз болған сайын пресс-конференция жалпылық сияқты құны кемитінін есте сақтау керек.

3. пресс-конференцияға қатысушы шәкірттердің бойында белсенділікке ие мынандай мотивтер болуы шарт:


  • Танымдық 

  • Имандылық (қатынасу борышы) 

  • Сезімталдық (ынтазарлығын, эстетикалық қажетін т.с.с. қанағаттандыру) 

4. Ақпарат көзімен тікелей байланыс (көру және есту) және бір-бірімен байланыс аудиторияның алма-кезек ауысып отыратын ахуалына жағдай туғызады.

5. Сыныптың көңіл-күйі көп жағдайда сұраққа жауап беруші респонденттің, яғни мұғалімнің жауап бере бастаған кезінде жалпы назар аударып, құлық қоюға байланысты болып келеді.



2. Пресс-конференция өткізудің іс-шарасы алдына ала дайындық және пікірталас кезеңдерінен тұрады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет