Дәріс №1: Тақырыбы: Әдебиеттік оқу әдістемесі курсының оқу пәні және ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы



бет30/54
Дата09.06.2022
өлшемі22,6 Mb.
#36588
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
Байланысты:
әдебиет дәрістер

«Оқиға картасы» әдісі

Мысалы:



Атауы

Бай баласы мен жарлы баласы



Кейіпкер

Асан, Үсен



Ахуал, жағдай

Асан мен Үсеннің жұртта қалып қоюы



Шешім

Кез-келген қиындықтарда сабырлылық таныту, көздеген мақсатқа жету



Мәселе

Асанның сабырсыздық танытуы, қиындықтардың көп кездесуі



Оқиға

Асан мен Үсен кез - келген қиындықтардан жол тауып, аман-есен үйлеріне келуі






Атауы
Бай баласы мен жарлы баласы



Кейіпкер
Асан менҮсен



Ахуал, жағдай
Ел көшкен кезде Асан мен Үсен қыр астында ойнап жүріп,ескерусіз жұртта қалып қойыпты. Асан ауылдың көшіп кеткенін көріп еңіреп жылай берді, ал Үсен ауыл орнында қалған сынған ине мен пышақты, бір уыс қылды алып елін іздеп жолға шықты.



Шешім
Жарлы баласы Үсен әкесінің айтқан ақыл-кеңестерін еске ала отырып, өз ауылын тауып келіп, екі бала да өз әке-шешесімен қауышты.



Мәселе
Асан мен Үсен ауыл көшкен сүрлеу ізінен келе жатыр еді, көштің ізі жоғалып кетті. Балалар не істерлерін білмей сасып қалды.



Оқиға
Балалар көштің жүрген ізін тауып, сүрлеу соңынан жүріп отырды. Ауыл орнынан тауып алған заттармен қарны ашқан кезде үйрек,балық ұстап оларды отқа қақтап жеді. Солайша өз ауылын іздеуді жалғастырды.



Сәлем хат.
Құрметті, машықтану!Қалың қалай? Менде барлығы керемет. Сені жақсы аяқтағаныма қуаныштымын. Мен сені олай қиын болады деп ойламап едім, қаншама ұзақ түндерді ұйқысыз өткіздім, шаршадым. Әйтсе де, сенің маған берерің, үйретерің көп болды. Осы мамандықтың қыр-сырымен таныспасам да, осы мамандықтың барлық қиыншылықтарын толық көрмесем де, жеткілікті дәрежеде осы мамандықтың маңыздылығын, тереңдігін сезіне білдім. Оқушыны өзіңді тыңдата білудің мұншалықты оңай емес екендігін біліппін бе? Сенің арқаңда кішкене де болса, өз тәжірбиемде көрген-білгенім, ойыма түйгенім көп болды. Әрине, осы төрт аптаның ішінде өзімді барлық жағынан көрсете алмаған да шығармын..., өте көп қателіктер де жібердім, мен өзімнің қателерімді машықтану аяқталғанда ғана түсіндім.
Саған алғысым шексіз. Сенің менің өмірімде қалдырған ізің, алғашқы сабақ берген оқушыларым мәңгілікке менің санамда, жүрегімде жатталып сақталады. Осы сенен жіберген қателіктерімді болашақта өндірістік машықтануда қайталамауға, өзімді барлық жағынан дайын болуға үміттенемін.

Саған үлкен рахмет, сау бол!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет