4-тапсырма: Көрермен мәдениеті. Сұрақтарды топта талқылау, қорытынды жасау, ортаға салу. Басқа топ пікіріне өз көзқарасын білдіру дағдылары дамытылады.
Қалай киініп бару керек?
Орныңды қалай анықтайсың?
Қандай іс-әрекеттер жасауға болмайды?
Концерт барысында қандай қошамет сөздер айтуға болады?
Гүлді қай уақытта сыйлаған дұрыс деп ойлайсың?
5-тапсырма: Концерт билеті – шығармашылық жұмыс. Постер құрау топпен орындалады. Әр топ өз концерт билетін дайындайды.
Концерт тақырыбын анықтау.
Топқа ат қою.
Топтың репертуары қандай болады?
Қашан және қайда өтеді?
Қай қалаларда өнер көрсету жоспарланды?
Қай жас шамасындағы көрермендер келуі мүмкін?
Ұйымдастырылған концерт көрермендердің көңілінен шығуы үшін нелер ескерілді?
Билеттің бағасы қанша тұрады?
6-тапсырма: Билет сыйлау.
Қай концертке билет аласың?
Кімге билет сыйлар едің?
Неліктен сыйлағың келеді?
Оқушылардың билет таңдау нәтижесін сызба арқылы көрсетуге болады.
5. «Суретті карта» дидактикалық ойыны. Ауызша әңгіме құрату мақсатында ұйымдастыру (сіздер жазбаша бересіздер).
Мысалы, бұл жұмысты оқушылармен төмендегідей ұйымдаструға болады:
Топтық немесе жұптық жұмыс ретінде: Алдын ала суреттер дайындалады. Оқушыларға бірнеше сурет таратылады. Ойынды бастаған оқушы өз суретіне қатысты бір оқиғаны бастайды. Келесі оқушы өз қолындағы суретке қарай отырып, сол оқиғаны жалғастырып, сөйлем құрастырып айтуы керек. Ойын осылайша жалғасады. Оқушылар әңгімені жұпта құрастыра алады.