Маралоты туысы (василистник - Thalіctrum). Европада, Азияда, Африкада және Солт‰стік Америкада кең таралған 60-тай т‰рі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 19 т‰рі, ал Қазақстанда 8 т‰рі өседі. Қазақстанда кең таралған өкілдерінің бірі шөмішг‰лжапырақты маралоты (василистник водосборолистный- Th. aquіlegіafolіum), ол биіктігі
1 м-дей болатын көпжылдық шөптесін өсімдік.
Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus) 600-дей т‰рі бар. Бұлардың көпшілігі өте кең таралған және ылғалы мол жерлердің өсімдіктер жабынында, ылғалы мол жайылмаларда, батпақтарда және т.б. жерлерде доминант болып саналады. Сарғалдақтың т‰рлері барлық континенттерде кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 180-дей, ал Қазақстанда 57 т‰рі бар. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары к‰йдіргі сарғалдақ (лютик едкий - R.acrіs) сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый- R.aurіcomus), улы сарғалдақ (лютик ядовитый - R.sceleratus) және басқалар. Барлық т‰рлері негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық, барлық уақытта дерлік улы деп айтуға болады. Г‰лінің формуласы:
Көкнәрлер тұқымдасы (маковые) – Papaveraceae
Тұқымдастың құрамына 450-дей т‰р кіреді (28-30 туыс). Әдетте шөптесін өсімдіктер, кішігірім ағаштары мен бұталары да болады. Солт‰стік ендіктің тропикалық, субтропикалық және қоңыржай климатты облыстарында өседі. Жапырақтары кезектесіп (кейде топтасып) орналасады, әдетте олардың шеттері тілімделген, қосалқы жапырақшалары жоқ болып келеді. Ішінде с‰тті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен бунақты шайыр жолдары болады. Құрамында әрт‰рлі алколоидтары бар, әсіресе морфин, кодеин, пантопин және тағы басқада апиыны бар с‰тті шырындары болады (қызыл, сары, ақ т‰сті). Г‰лдері қос жынысты, көп жағдайда актиноморфты, сиректеу зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы г‰лдеу-дің бастапқы кездерінде-ақ т‰сіп қалып отыратын 2- тостағанша жапырақшадан, ал к‰лтесі 4 дұрыс қаптар-ланбаған к‰лте-жапырақша-дан тұрады, кейде соңғысы-ның саны 12-ге жетеді. Андроцейі көптеген шеңбер-дің және
спиральдің бойы-мен бос орналасқан аталық-тардан тұрады. Олардың саны кейде 4-тен немесе 6-12-ден аспайды.
Гинецейі ценокарпты, екі немесе бірнеше жемісжапырақшалардан тұрады. Г‰л т‰йіні жоғарғы, 2- немесе көп ұялы болып келеді, аналықтың ауызы барлық уақытта отырмалы. Г‰лдері ‰лкен, бояуы қанық, біреуден немесе симподиальды г‰лі аз болып келетін г‰лшоғырынан тұрады. Жемісі қорапша. Көкнәр туысы (мак -Papaver ). Тұқымдастың ең ‰лкен туысы, оған 120- дай т‰р жатады. Оның 50-і БОР-дың флорасында, ал 11-т‰рі Қазақстан флорасында кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, г‰лдері ‰лкен, бояуы қанық болып келеді. Апиын көкнәрін (мак снотворный- P.sommіferum) май алынатын дақыл ретінде себеді, өйткені оның дәнінде 50% дейін май болады. Сонымен бірге одан медицинада қолданылатын апиын алынады. Шығыс көкнәрісінің (мак восточный- P.orіentalіs) г‰лі ‰лкен, ашық-қызыл т‰сті болып келеді, сәндік өсімдік ретінде бақтарда отырғызылады. Сеппе көкнәр (м. самосейка - P.rhoeas). Егіндіктің біржылдық
арамшөбі. Ca2 Co 2+2 A G.
Достарыңызбен бөлісу: |