Тұқымдаста 900 т‰р бар (8-9 туыс). Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай т‰сіп отыратын ағаштар мен бұталар. Олар жер бетінің, негізінен қоңыржай климатты және субтропикалық елдеріңде, кеңінен таралған. Жапырақтарының т‰сіп отыртын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасады. Г‰лдері ұсақ, көріксіз, дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар т‰зеді. Кейде дихазиялары бір г‰л қалғанға дейін редукцияға ұшырайды. Аналық г‰лді плюска қоршап тұрады. Г‰лсерігі 6- м‰шелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы, соған сәйкес аналықтың мойныда (столбик) сонша болады, г‰лт‰йіні төменгі.
Аталық г‰лдің г‰лсерігінің т‰п жағы біріккен болып келеді және әрт‰рлі т‰ске- сарыға, қоңыр- қызылға, жасылға боялған. Г‰лсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5-7, аталықтарының саны г‰лсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады.
Емен туысы (дуб- Quercus). Д‰ние ж‰зі бойынша 300 т‰рі бар; БОР-дың флорасында 19 т‰рі, ал Қазақстанда 1 ғана т‰рі кездеседі. Табиғи жағдайда солт‰стік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде, сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Ағашы әрт‰рлі ағаш бұйымдарын жасауға және құрлыс материалдары ретінде аса құнды болып табылады. Жалпақ жапырақты орманның (дубрав) негізгі компоненті. Діңі жуан болып келетін, биіктігі 40м. дейін баратын, әдетте бөрікбасы жан-жаққа тармақталып тұратын ‰лкен ағаш. Г‰лінің формуласы:
P6 A0 G(3) ; P (6-8) A6-10 G0
Жемісі жаңғақ (желудь- шошқа жаңғақ).
Кәдімгі емен(дуб черешчатый, или обыкновенный - Q.robur) Европада кеңінен таралған. БОР- дың Европалық бөлігіндегі, жалпақ жапырақты ормандардың, ең құнды, орман т‰зетін ағашы болып саналады, ареалының оңт‰стік- батыс бөлігінде, қыстық және жаздық формалары болады. Жартас емені (дуб скальный- Q.petraea) негізінен Кавказда және батыс Украинада Карпат тауының етегінде өседі. Т‰кті емен (дуб пушистый- Q.pubescens) Қырымда өседі. Емен ағашының көпшілікке танымал т‰рінің бірі тығын емені (дуб пробковый- Q. suber), ол Жерорта теңізінің батысында кең таралған. Еменнің бұл т‰рін өзінің табиғи ареалынан тыс жерде де, тығын алу мақсатында мәдени жағдайда өсіреді.
Шамшат туысы(бук - Fagus). Барлығы 10 т‰р; БОР-дың флорасында 3 т‰рі бар. Олар солт‰стік ендіктің қоңыржай климатты зоналарында өседі. Ылғалдығы жеткілікті, құнарлы топырақта, буктер өнімділігі жоғары орман алқабы т‰зеді. Құнды ағашынан басқа, жаңғақ тәрізді жемісі малға жем болады. Г‰лдерінің формуласы: P6 A0 G(3) ; P(6-8) A 6-10 G 0 .
БОР- дың территориясында, Карпат тауында және оның Украинаға қарайтын етегінде европа б‰гі (бук европейский- F.sylvatіca). Кавказда, Қырымда шығыс б‰гі (бук восточный- F.orіentalіs) өседі.