Гладиолус туысы (гладиолус- Gyladіolus). Тамаша г‰лдейтін т‰йнектпиязшықты өсімдік. Г‰лсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бөліктері бірдей болмайды және ашық т‰ске боялған болып келеді. БОР- да 9- т‰рі, ал Қазақстанда 2- т‰рі кездеседі; Закавказьеның шығысында G.segetus деген т‰рі табиғи жағдайда өседі. Оның жапырағы С витаминіне бай болады.
Лалаг‰лдер тұқымдасы (Лилейные) - Lіlіaceae
Бұл тұқымдаста 470-тей т‰р бар (10 туыс). Д‰ниеж‰зінің барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын құрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдер-де, сонымен бірге тропикалық емес елдердің шөлейт айма-ғында және шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер қауымының қалыптасуына лалаг‰лділердің тигізетін әсері ересен зор. Өмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жартылай лианалар, негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі-жасыл немесе жаздықжасыл және өте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эво- люциясында әсіресе терең өзгерістерге вегетативті орган-дары ұшыраған. Олар баданаларға (луковицы), тамырсабаққа, т‰йнектерге, филлокладииге, өнім б‰рлеріне (выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары әдетте азды-көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс, отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Г‰л серігі қарапайым, к‰лтежапырақшалар т‰рінде берілген, актиноморфты, қосжынысты, 3- өлшемді (сиректеу 2-4 өлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Г‰лт‰йіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек болып келеді. Дәнінің эндосперімі болады.
Лалаг‰л туысы (лилия - Lіlіum ). Туыста Солт‰стік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-100 т‰рі бар. БОР-дың территориясында 15 т‰рі (БОР-д-ның европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда)
кездеседі. Лалаг‰л баданасы черепица тәрізді болып келетін өсімдік. Г‰лдері
‰лкен, шашақты г‰л шоғырына жиналған немесе жалғыздан болып келеді. Г‰л серігі қанық боялған (қызыл, сары, сирен т‰сті немесе таза ақ). Ақ лалаг‰лдің (лилия белая - L.candіdum) шыққан жері (отаны) Кавказ. Г‰лінің формуласы: P3 + 3 A3+3 G(3).
Бірағайынды лалаг‰лдің (л.однобратственная - L.monadelphum) г‰лдерінің т‰сі сары болады. Королдық лалаг‰л (л. Королевская -L.regale ) сәндік өсімдік. Қазіргі кезде бұл т‰рдің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін баданасы ‰шін лалаг‰лді көкөніс (овощтық) дақылы ретінде өсіреді. Тамаққа лалаг‰лдің сібірлік т‰рлерінде пайдаланады. Дауыр лалаг‰лінің баданасынан ж‰рек ауруына ем болатын глюкозидтер табылды. Бұйра лалаг‰л, (л. кудреватая, или мартогон - L.martagon), негізінен орманның ашық жерлерінде, жарық ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады (Орта Азиядан басқа жерлерінде). Бұл т‰р табиғи жағдайда кездесетін лалаг‰л туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі.
Достарыңызбен бөлісу: |