Асфоделалар тұқымдасы (асфоделовые)- Asphodelaceae
Бұл тұқымдасқа 46-50 туыс, 1400-1450- дей т‰рі жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.
Шырыш туысы (эремурус- Eremurus)- ланцет тәрізді ұзын жапырақтары топтасып жертаған т‰зетін (прикорневые розетки) өсімдік. Осы жапырақтарының ортасынан биіктігі 0,5-2м. болатын, жалғыз атпа сабақ кетеді (цветочные стрелки). Ол әдетте ‰лкен, өсімдікке ерекше көрік беріп тұратын шашақ тәрізді г‰лшоғырымен аяқталады. Мысалы, ‰лкен шырыш (эремурус мощный- E.robustus) деген т‰рдің шашағында 800- дей г‰л болады. Шырыштардың БОР- дың оңт‰стік аудандарында (негізінен Орта Азияда) 23- т‰рі, ал Қазақстанда 13 т‰рі өседі. Кейбір т‰рлері сәндік өсімдіктер ретінде мәдени жағдайға ендірілген.
Алоэ туысы (Aloe) осы тұқымдастың ішінде ерекше орын алады. Оның 250- дей т‰рі бар. Табиғи жағдайда Оңт‰стік Африка мен Мадагаскар аралында өседі. Г‰лсерігі біріккен жапырақшалардан тұрады, көп жағдайда құстармен тозаңданады. Ағаш тәрізді алоэ, немесе ж‰зжылдық. (алоэ древовидное, или столетник- Аloe arborescens)- көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін суккулент өсімдік (шыққан жерінде 4 м биіктікке дейін жететін). Жапырағы өте жуан, етженді, қылыш тәрізді болып келеді. Өте ерте г‰лдейді. Г‰лдері қызғыштау- сары т‰сті, қоңы-рау формалы болып келеді. Г‰лшоғыры өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ т‰зеді. Бірақта А.аrborescens өте сирек г‰лдейді ж‰зжылдық (“столетник”) деген аттың өзі соған байланысты қойылған. БОР-да сәндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіреледі. Мәдени жағдайда Закавказьеде өсіреледі.
Алоэның жапырағынан алынатын “сабур” деп аталынатын қою шырыны медицинада қолданылады. Алоэның эмульсиясын эпидермит пен к‰йікті емдеу мақсатында денедегі жараға жағады. Халық медицинасында алоэның жапырағын және одан алынатын шырынды дәрі ретінде әрт‰рлі сыртқы және ішкі ауруларға пайдаланады.
Гиацинттер тұқымдасы (гиацинтовые)- Hyacіnthaceae
Бұл тұқымдасқа 40 туыс, 900-дей т‰р жатады. Гиоцинттер жер бетінің 2 бөлігінде де кең таралған, бірақ саны жағынан ең көп кездесетін және жақсы дамыған жерлері Оңт‰стік Африка және Жерорта теңізі жағалауы мен Иран- Туран облыстары болып табылады. Тұқымдастың өкілдері сырты көң тәрізді қабыршақтармен қапталған бадаланаларының болуымен сипатталады; фотосинтез процессі ж‰ретін жапырақтары жерге жақын орналасады (прикорневые); г‰лдері жоғарғы жапырақтарының қолтығында орналасады.
Супияз туысы (пролеска, или голубой подснежник-Scіlla)- г‰лдері қызыл, көпшілігінде көкшіл т‰сті болып келетін, орташа мөлшердегі немесе
кішкентай өсімдіктер. Жапырақтары жерге жақын орналасып, жер таған т‰зеді. Г‰л беретін атпа сабақтары қысқа болады. Г‰лдері шашақ т‰зеді (сиректеу жалғыздау болады). БОР-да 20-дай т‰рі, ал Қазақстанда 1 ғана т‰рі кездеседі. Негізінен қара топырақты аймақтарда және оңт‰стікке таман өседі. Супияздың кейбір т‰рлері ерте көктемде сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі.
Ургинея туысы (Urgіnea). Жерорта теңізі маңында кең тараған т‰рінің бірі теңіз пиязы (лук морской- Urgіnea marіtіma) деген атпен белгілі. Оның
‰лкен пиязшығында ж‰рекке әсер ететін глюкозид-сцилярин жиналады. Теңіз пиязының қызыл пиязшықты, бір формасында сабауқұйрықты крыса өлтіретін у болады (крысиный яд), сондықтанда оны элеваторларда, қоймаларда пайдаланады. Кавказдың Қара теңіз жағалауында мәдени жағдайда өсіруге болады.
Гиацинттің (Hyacіnthus) г‰лсерігі воронка тәрізді болады. Туыста 30- дай т‰рі бар. Олар Жерорта теңізі жағалауымен Африкада өседі. БОР-да 3- т‰рі кездеседі, олар Копет-даг тауларында өседі. Осыған жақын туыстың бірі Hyacіnella. БОР- да ол шөлейт зонада өседі. Тамаша қош иісті г‰лдері бар мәдени гиацинттердің ата тегі H.orіentalіs болып табылады. Ол Иранда, Кіші Азияда, Сирияда және Египетте өседі. Батыс Европаға гиацинттер XVІ ғ. ортаңғы кездерінде әкелінген.
Достарыңызбен бөлісу: |