Антоцероттықтардың гаметофиттері басқа м‰ктерге қарағанда ең қарапайым белгілерін сақтаған. Олардың талломдарында балдырлардың, әліде бірқатар қасиеттері байқалады (хроматофорында пиреноидтары бар, ерекше өсу б‰ршіктері болады және тағы басқа белгілері бар). Бірақта антоцероттықтардың спорофитінің құрылысы керісінше өте к‰рделі. Спорогонының құрылысында бірқатар жапырақты м‰ктермен ортақ белгілері бар (Notothylas-тің спорангиінің құрылысы Sphagnum-нің спорангиінің құрылысына ұқсас), бірақ барлық бауыр м‰ктеріндегі секілді споралары және пружинкалары болады. Меристемалық ұлпаларының болуына байланысты, спорогон ұлғайып өсуге қабілетті болып келеді.
Антоцероттықтар Bryophyta -ның системасында біршама дараланып тұрады және олар өз алдына бөлек шығарылуға тиісті.
Бауыр м‰ктерінің эволюциясы (Hepatіcopsіda)
Бауыр м‰ктерінің ішінде сферокарпустар қатарының (Sphaerocarpales) талломның құрылысы қарапайым болып келеді. Бұл қатардың өкілдерінің талломында маршанцияларға да, метцгериялар қатарына да тән белгілері бар. Сондықтанда сферокарпустарды осы екі қатарды байланыстыратын буын ретінде пайдалануға болады. Ал сферокарпустардың өздерінің шығу тегі балдырларға барып тіреледі. Сферокарпустардан маршанциялар мен юнгерманниялар бастау алған болуы м‰мкін. Маршанциялар ішкі құрылыстарын к‰рделілендіре отырып дамыған, бірақ талломдық құрылысын сақтай білген. Юнгерманниялар қарапайым, анатомиялық құрылыстарын сақтай отырып, сыртқы құрылыстарының к‰рделіленуіне қол жеткізген. Сөйтіп олардың жапырақты сабақты құрылысы қалыптасқан. Маршанциялардың ішіндегі ең к‰рделі формаларының ассимиляторлары бар ауа қуыстары, устьицесі қарапайым және тілше ризоидтары, к‰рделі көтермелері (аяқшалары) болады (Marchantіa, Conocephalum және басқалары). Олардың ауа қуыстарын жоғалтқан, біршама қарапайым формалары (мысалы, Rіccіa, Rіccіocarpus) жетілген. Олардың қорапшаларында тек споралар ғана жетіледі, пружинкалары т‰зілмейді. Юнгерманниялардың ішіндегі ең қарапайымдыларына метцгериялар қатарының өкілдері жатады. Оларда талломды өсімдіктер басым болып келеді және жапырақты сабақты м‰ктерге ауысатын аралық формаларыда кездеседі (Aneura, Fossombronіa, 24-сурет). Метцгериялар қатарының өкілдерінің ішінде жапырақтарының пайда болуы, шамасы әрт‰рлі эволюциялық қатарларында бірнеше рет ж‰рген. Олардың ішінде редукцияға ұшыраған формаларыныңда болуы м‰мкін. Мұндай формаларының вегетативтік денесінің құрылысында екінші рет қарапайым жағдайға оралғандық байқалады.
Жапырақты формалары арқылы метцгериялар мен юнгерманниялардың арасындағы байланыс айқындалады. Соңғылары барлық уақытта жапырақты бауыр м‰ктері болған, бұл тұрғыдан қарағанда әсіресе Haplomіtrіales қатары ерекше қызық. Оның өкілдерінің тік өсетін (тік жапырақты сабақтары пайда
болады, бірақ Haplomіtrіum әлі метцгериялар қатарына жатады, ал Calobryum
юнгерманниялылар бауыр м‰гі болып есептелінеді.
Т‰рлерінің саны жағынан юнгерманниялар ең көбі болып есептелінеді, олар әсіресе табиғи жағдайда ересен көп болып келеді және палеоботаникалық деректер көрсеткендей талломды м‰ктерден кейін пайда болған.