С‰мбілдер тұқымдас тармағы (адиантовые) - Adіantoіdeae
Нағыз с‰мбілдер тұқымдас тармағына 47 туыс жатады. Олардың ішіндегі ең ‰лкені с‰мбіл (Adіantum) туысы. Бұл туыс Европа елдерінде қыз шашы папоротнигі немесе әйел шашы папоротнигі деген атпен кеңінен танымал (ағылшынша- maіdenhaіr fern, немісше –Frauenhaar farn). Бұл өсімдікке әрт‰рлі аңыз әңгімелер тікелей байланысты. Солардың бірі бойынша, құздан құлаған қыздың орнында таза бұлақ пайда болған, ал қыздың шашы папоротникке айналған. Екінші бір аңыз бойынша бұл папоротниктің пайда болуын әйел құдайы Венерамен байланыстырады. Бұл папоротниктің бір т‰рін шолпаншаш с‰мбіл (адиантум венерин волос- Adіantum capіllus vіenerіs) деп атайды (69-сурет).
С‰мбілдің т‰рлерінің барлығының бірдей мұндай жоғары ауадағы көтеріліп тұратын әдемі жапырағы болмайды. Бұлардың ішінде қатты өрескел тілімделген және тілімделмеген тұтас жапырақтыларыда болады. Соңғысында Атлантика мұхитының аралдарында өсетін б‰йрек тәрізді с‰мбіл (A.renіforme) мысал бола алады. С‰мбіл туысына тропикалық және субтропикалық елдерде өсетін 200-дей т‰р жатады; олар әсіресе Американың тропиктерінде көптеп саналады.
С‰мбілдер жер бетінде өсетін өсімдіктер. Олардың жерге төселіп немесе тіктеу өсетін, сыртын қоңыр т‰сті жіңішкелеу болып келген қабыршықтар қаптап тұратын тамырсабақтары болады. Көптеген т‰рлерінің жапырақтары бір реттен бес ретке дейін қауырсындалған болып келеді. Дихотомиялы
бұтақтанған, сиректеу бір-бірімен біріккен (анастомозирующие) ж‰йкелері болады. Кейбір т‰рлерінің жапырақтарының ұшында (выводковые почки) ерекше өнім б‰ршіктері болады. Жапырақтарының бір ерекшелігі сол, олар бойына суды сіңірмейді. Сол себептен су тамшылары жапырақтың сыртын ылғалдандырмай сырғып ағып кетіп отырады. Осы қасиеттеріне байланысты бұл туыс өзінің Adіantum (гректің a-не және dіano- сулау) деген атына ие болған. Тұқымдастың басқа өкілдерінен с‰мбіл туысы сорустарының ерекше орналасуымен ажыратылады. Бұл жерде сорустары жапырақ сегментінің шетіне дейін созылып жататын ж‰йкелердің ұшында орналасады. Осындай сорустармен жабылған жапырақ сегменттерінің бөліктері төмен қарай қайырылып тұрады. Сонымен сегменттері жоғарғы бөлігінен жартылай жиырылып жиналып тұрады, нәтижесінде сорустар ерекше қалтаның ішінде қалады. С‰мбілдердің өсетін жерлері көлеңкелі ылғалды ормандар. Ол жерлерде с‰мбілдер не топырақта, не жартасты субстратта өседі. Сонымен бірге с‰мбілдер жыраларда, өзен жағалауларында, қой тастардың т‰бінде және термитниктердің жанында кездеседі. Олар ашық, бірақ ылғалы жеткілікті жерлерде де өседі, ал кейбір т‰рлері құрғақшылыққа да төзімді келеді.
С‰мбілдер әрі сәнді, әрі алуан т‰рлі папоротниктер болғандықтан мәдени жағдайға ауыстырылған. Осы кездерде с‰мбілдер оранжереяны сәндеп көркемдеуге қолданылады. Жекеленген т‰рлері кәрзеңкеге және вазондарға (г‰л өсіретін қыш құмыраларға) отырғызылады. С‰мбілдер споралары арқылы оңай көбейеді, көп жағдайда өздігінен өседі (самосев). Ылғалы жеткілікті және жарық тікелей т‰спейтін ортада мәдени жағдайда жақсы өседі. Оранжереяларда тропикалық Америкада кездесетін Радди с‰мбілі (Adіantum raddіanіum) деген т‰рдің көптеген формалары, Шығыс Азияда және Америкада кездесетін адамның табаны тәрізді с‰мбіл (адиантум стоповидный- A.pedatum) және көптеген басқа да т‰рлері өсіріледі.
Мәдени жағдайда аса белгілі т‰рлерінің бірі шолпаншаш с‰мбіл (адиантум венерин волос). Ол бойына осы папоротниктердің барлық нәзіктігін жинаған. Оның жапырағы әрі нәзік, әрі жіңішке, екі рет, ‰ш рет қауырсындалған, ал сегменттері сына тәрізді болып келді. Бұл жапырақтар шаш тәрізді нәзік сағақтарға орналасқан болады. Қара-қоңыр т‰сті болып келетін сорустары жапырақтың жұқа ұлпалары арқылы айқын көрініп тұрады. Сырт қарағанда жапырақтың бетімен қара-қоңыр т‰сті сызықтар ж‰ргізіп қойғанға ұқсайды. Табиғи жағдайда бұл т‰р негізінен тропикалық облыстарда кездеседі. Бұл т‰р БОР-дың территориясында ол қоңыржай климатты субтропикалық облыстарда, сиректеу Қырымның, Кавказдың және Орта Азияның тауларындағы жартастардың су жиналатын жарықшақтарында, судың құлап ағатын жерлерінде (водопада), таудағы жылғалардың тасты жағалауларында және кальцитті породаларда, туфтарда өседі.
БОР-дың Қиыр-Шығысындағы (Приморье және Приамурье) аралас ормандарда және жалпақ жапырақты ағаштардан тұратын ормандарда осы туыстың басқа нәзік т‰рі табан тәрізді с‰мбіл (адиантум стоповидный-
pedatum) көптеп кездеседі. Алуан т‰рлі өсімдіктерден тұратын шөптесін яруста, ол өзінің веер тәрізді екі рет қауырсындалған сәнді жапырақ тақталарымен көзге т‰седі. Жапырақтарын жылтыр, сарғыштау қара т‰сті болып келетін сағақтары жер бетінен 20-40 см биіктікке көтеріп тұрады.
С‰мбілдің т‰рлері ертеден әрі сәндік, әрі дәрілік өсімдіктер ретінде белгілі. Индейлер бұрынырақта жапырақтарының экстрактымен насекомдар шаққанда, салқын тиіп ауырғанда, емделген, олармен шаштарын с‰рткен, қан тоқтататын дәрі ретінде ішкен, кейбір т‰рлерінің жапырақтарының қара т‰сті сағақтарын индейлер тоқыма бұйымдарын әшекейлеуге пайдаланған.
Птеридологтар с‰мбілдер тұқымдас тармағын бірнеше жақын туыстардың тобына бөледі. Бұл топтарды осы тұқымдардың ең типтік туыстарының атымен атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |