Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Птеристер тұқымдас тармағы (птерисовые) - Pterіdoіdeae)



бет111/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Птеристер тұқымдас тармағы (птерисовые) - Pterіdoіdeae)


Птеристер тұқымдас тармағын птерис туысы (Pterіs) және оған жақын бірнеше кішілеу туыстар т‰зеді. Олар жер шарының екі бөлігінің де негізінен ылғалды тропикалық және субтропикалық облыстарында кеңінен таралған. Птерис туысына 280-дей т‰р жатады. Солт‰стік жарты шеңберде олардың аздаған т‰рлері ғана кездеседі. Бұл т‰рлер Жерорта теңізі маңында, Жапонияда және АҚШ-да кеңінен таралған, ал Оңт‰стікте олардың кейбіреулері Жаңа Зеландияға, Тасманияға және Оңт‰стік Африкаға дейін жетеді. Олардың көпшілігі ‰йдің ішінде және оранжереяларда өсіріледі.


Табиғи жағдайда птеристердің биіктігі 2,5 м-ге жетеді, кейде одан да биіктеу болады. Олар тегіс жерлерде және таулардың аздаған биіктерінде, ормандағы ағаштардың көлеңкесінде, немесе көлеңкесі аздау жерлерде, суға жақын орман ішіндегі ашық жерлерде, батпақты ормандарда, көп жағдайда жылғалардың жартастарында, өзендердің жағалауында, кейде тіптен ылғалы аз жерлерде де кездеседі. Лента тәрізді птерис (P.vіttata), көп бөлікті птерис (P.multіfіda), крит птерисі (P.cretіca) деген т‰рлері табиғи жағдайларда да, мәдени жағдайда да кездеседі. Кейде мәдени жағдайдан қайтадан табиғи жағдайға споралары арқылы оңай ауысады. Крит птерисі (P.cretіca) БОР-дың территориясында кездесетін жалғыз т‰р, ол Закавказьенің тауларының ормандарындағы жартастардың жарықшаларында өседі. Ол Қырымда ескі
‰йлердің қабырғаларынанда табылды.
Жер шарының тропикалық жағалауындағы мангрлы батпақтардың шетінде, осы тұқымдас тармағының тағы бір ерекше өкілі акростихум (Acrostіchum) кездеседі. Оның биіктігі 1,5-2 м-ден, кейде тіптен 3-4 м-ге дейін жетеді. Олар мангрлық батпақтардың өсімдіктерінің арасында және нипа (Nіpa) деп аталатын аласа пальмадан тұратын ну қопаларда өседі.
Сонымен бірге акростихумның өзіде басқа шөптерден тазартылған ашық жерлерде ну қопа т‰зеді. Бұл жерде оның биіктігі мен тығыздығының ‰лкен болатындығы сонша, басқа өсімдіктердің өсуіне ешқандай м‰мкіндік болмайды. Папоротниктің бұл т‰рінің өсетін жерін, теңіз суының көтеріліп және қайтып отыруына байланысты әркезде су басып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет