Цератоптеристер тұқымдас тармағы (цератоптерисовые) -
Ceratopterіdoіdeae
Бұл тұқымдас тармағының жалғыс туысы цератоптерис (Ceratopterіs) жер шарының тропикалық аудандарында таралған. Цератоптеристер суда, немесе батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер, олар сальвиниялармен (Salvіnіa), д‰ңгіршектермен (пузырчатка – Utrіcularіa), су гиацинтімен (Eіchhornіa crassіpes) және басқада су өсімдіктерімен бірге не суда бос қалқып ж‰реді, не таяз сулардың т‰біндегі ұйықтарда, су жырған орларда, көп жағдайда ситняганың (Eleocharіs), тұңғылықтың (кувшинка - Nymphaea) және балдыршөптің (ряска - Lemna) араларында өседі. Олар оқтын-оқтын су басып отыратын жерлерде, к‰ріш өсірілетін тақталарда, аройниктер тұқымдасына жататын таро (Colocasіa esculenta) өсімдігі өсірілетін жерлерде арам шөп ретінде кездеседі. Цератоптеристің аса кең таралғанына қарамастан, өсетін орталарының біртектес болуы, олардың жаңа т‰рлерінің пайда болуының жақсы (белсенді) ж‰руіне қолайлы жағдай тұғызбайды. Сол себептенде, птеридологтардың көбісі бұл туыстың ішіндегі алуан т‰рлі формалардың барлығын маралоты тәріздес цератоптеристке (Ceratopterіs thalіctroіdes) жатқызады; ал кейбіреулері оларды 4-5 т‰рге бөледі.
Судың бетінен жоғары көтеріліп тұратын, немесе оның бетінде жертаған т‰рінде жататын цератоптеристің жапырағы кейбір шатырша г‰лділердің жапырақтарына ұқсас болады. Мұндай жапырақтар әдетте жіңішке, әрі нәзік, қауырсынды тілімделген болып келеді. Фертильді және стерильді жапырақтары арқилы: біріншісі көбірек тілімденген (төрт рет бөлінген), ақырғы сегменттері өте жіңішке болып келеді. Фертильді жапырақтарының жіңішке сегменттерінің ж‰йкелері параллель орналасқан, олардың аздаған анастомоздары болады. Осы ж‰йкелерінің шеткілерінің ұзына бойында, қатарынан жекелеген спорангийлері орналасады, оларды жапырақтың сегменттерінің қайырылған шеттері жауып қорғап тұрады.
Көптеген су өсімдіктері секілді, цератоптеристің жапырағының мезофилінде көптеген ауа қуыстары болады, ал жапырақтың ‰лкен етженді сағағының бойымен тікесінен ауа ж‰ретін каналдар кетеді. Тік, әрі қысқа тамырсабақтарынан кеткен, нағыз жуан тамырларының барлығыда ауаға толы болады. Олар төмен қарап салбырап тұрмайды, дегенмен тамырсабағының астында орналасады. Цератоптерис суда өсуімен ғана қызықты емес, сонымен бірге өмірлік цикліменде қызықты. Ол бір жылдық өсімдік, су басқан тақталарға және оларға себілетін өсімдіктердің циклдеріне бейімделген. Жас өсімдіктер тамырлары арқылы топыраққа бекіп тұрады.
Тақтаны (чеки) су басқан соң, олар еркін қалқып ж‰реді және вегетативтік жолмен белсенді көбейеді. Жапырақтарының ‰стінде көптеген ұсақ өнім б‰ршіктер пайда болады (выводковые почки), олар жаңа жас өсімдіктерге айналады. Алайда, олар ұзақ уақыттар бойы аналық өсімдікпен байланыста болады. Олар жапырақтары шірігеннен соң немесе сыңған соң босап шығады. Тақтаның суы тартылып, кепкен соң, папоротник солады да өледі, ал келесі жылғы маусымда ол жаңа спорадан қайта жетіледі.
Цератоптеристің бірқатар практикалық маңызы бар. Жас экземплярларының әрі нәзік, әрі етженді, әрі жұмсақ жапырақтары салат ретінде тамаққа пайдаланылады. Сонымен бірге цератоптеристі сәндік өсімдік ретінде бассейіндерде және аквариумдерде көп өсіреді.
С‰мбілдер тұқымдасының системасында бұл туыстың орны талас тұғызып келеді. Өскен ортасының ерекшелігі, оның анатомиялық және морфологиялық құрылыстарына елеулі із қалдырған. Ол өзінің даму барысында с‰мбілдердің де құрылыс ерекшеліктерінің және өзінің тікелей шыққан тегінің де белгілерін сақтап қалған. Соңғысынан, яғни өзінің арғы тегінен цератоптеристер мен с‰мбілдердің қалғандары бөлініп шыққан.
Туыс белгілерінің өзіндік ерекшеліктері бірқатар птеридологтардың цератоптерис туысын жеке тұқымдасқа жатқызуына негіз болып отыр. Бұл көзқарастың дұрыс шешілуіне олардың хромосомдарының санының n-39 және 40 болуыда ‰лкен себеп болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |