Диптеристер тұқымдасы (диптерисовые) -Dіpterіdaceae
Мезозой эрасында матониялармен бірге (триастан бастап, ал кейбір болжамдар бойынша тіптен пермнен бастап) папоротниктерден басқа, қазіргі кезде т‰гелдей жойылып кетуге жақын диптеристер тұқымдасының өкілдері кеңінен таралған болған.
Қазіргі кезге дейін тұқымдастың тек бір ғана диптерис (Dіpterіs) деген туысы сақталған. Оның 8 т‰рі бар. Таралатын облыстары Индияның солт‰стік-шығысынан, Қытайдың оңт‰стігінен және Тайваннан басталып, Малай архипилагі арқылы Жаңа Гвинеяға, Жаңа Каледонияға және Полинезияға дейін жетеді. Диптеристер жер бетінде өсетін ‰лкен папоротниктер. Жерге төселіп өсетін ұзын тамырсабақтарының сыртын т‰к қаптап тұрады, жапырақтары аса ‰лкен, тақталары екі симметриялы жартыға дихотомиялы бөлінген, ал олар өз кезегінде телімдерге (лопасть) бөлінеді. Жапырақтың әрбір бөлімінің негізгі ж‰йкесі дихотомиялы жолмен ұсақ ж‰йкелерге тарамдалады, сөйтіп олар бір-бірімен матасқан тор т‰зеді. Осындай торлардың ‰стінде жамылғысыз ұсақ дөңгелек сорустары пайда болады. Кейбір жағдайда пісіп-жетілген сорустары бір-бірімен қосылып кетеді, сөйтіп парафиздерімен араласқан спорангийлері жапырақтың ‰стінгі бөлігінің көптеген жерін жауып тұрады. Спорангийлерінің төрт қатар клеткалардан тұратын тірсегі (ножки) болады.
Екі рет к‰рделі тілімделген диптерис (диптерис двойчатосложный - D.conjugata) деген ең көп таралған т‰рінің жапырақ сағағының ұзындығы 1м- ге дейін барады. Және олар өздерінің толық ұзындығына жапырақтары ашылғанға дейін жетеді. Осы сағақтардың көмегімен жапырақтары 90 айналып тұрады, ол дегеніміз жарықты мейлінше толық және дұрыс пайдалануға м‰мкіндік алады деген сөз.
Екі рет к‰рделі тілімделген диптерис (диптерис двойчатосложный) басқа диптеристер секілді таудың ашық жерлерінде, сиректеу тегістікте, орман ішіндегі ашық жерлерде, таудағы жалғызаяқ жолдардың жағасында, кейде су жағалауындағы жартастарда өседі. Ол өзен жағалауында көптеген жерлерді алып жатады, тіптен тоғайдағы ағаштардың арасында да қалың болып өседі. Кейде олардың өсетін жерлері кенеттен өзен тасыған кездерде судың астында қалып отырады.
Қазба т‰рінде табылған кейбір диптеристер қазіргі кезде кездесетін диптеристердің т‰рлеріне өте ұқсас болған. Мысалы, хаусмания (Hausmannіa) туысы т‰рлерінің жапырақтары саяз тілімделген және қазіргі кезде кездесетін Жаңа Гвинея диптерисінің (Dіpterіs novoguіneensіs) жапырағынан айырмасы жоқтың қасында болған. Қазба т‰рінде кездесетін басқа туыстарының жапырақтары ерекше көп тілімделгендігімен сипатталады. Спиральды камптоптеристің (Camptopterіs spіralіs) жапырағының құрылысы ерекше болған, оның ‰лкен жапырақтары аша тәрізді жоғарыға қарай бағытталған екі бұтақтан тұрады. Олардың әрқайсысынан спиральдың бойымен қатты қабыршақты, ұзын (50 см-ге дейін) сегменттер кеткен. Жапырақтарының жалпы құрылысы жағынан қазіргі кезде кездесетін және жойылып кеткен диптеристер матонияларға жақын тұрады. Сонымен бірге матонияларға диптеристердің тамырсабақтарының өткізгіш системаларының құрылысы да ұқсас (сифоностель). Екінші бір белгілері бойынша, мысалы, жапырақтарының ж‰йкелену ерекшелігімен, біржылдық спораларының және сорустарының құрылыстары бойынша қазіргі кездегі диптеристер полиподиумдарға жақын. Олардан тек хромосомдарының саны жағынан (х-33), спорангийлері мен гаметофиттерінің құрылыстарының қарапайым болып келумен ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |