Бұл класқа бір клеткалы және колониялы организмдер жатады. Бір клеткалы өкіліне тұщы және теңіз суларында тіршілік ететін планктонды балдырлар –циклотелланы (Cyclotella) алуға болады. Жақтау жағынан қарағанда диск, ал бклдеу жағынан қарағанда машина баллонының пішініне ұқсас, сәулелі құрылысты келеді. Протоплазмасы клетканың қабығына қарай орналасқан, онда көптеген сары т‰сті дән немесе дөңгелек пішінді
хромотофоралары болады. Клетканың ортаңғы бөлімін клетка шырынына толы вакуоля алып жатады. Вакуолияның бойынан протоплазма жіпшелері өтіп, екі жақтауды орта бөлімімен бір-біріне байланыстырып тұрады. Оның ортасында клетка ядросы орналасады.
Клетканың жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Осылай көбейе берудің нәтижесінде клетканың көлемі кішірейе береді де одан әрі бөлініп көбеюге қабілеті келмей қалады, сол кезде бөліне келе кішірейген әр клетканың ядросы редукциялы жолмен бөлініп, пайда болған 4 гаплоидты ядроның екеуі өліп, екеуі қалады. 2) Қалған екі ядро өз ара бірігіп, диплойдты класта ауксоспора өзін-өзі ұрықтандыру немесе автогамия жолымен пайда болады.
кейбір өкілдері зооспора арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Бұл жағдайда клеткадан алмұрт пішінді бірнеше жалаңаш дене сыртқа шығады. Біраз қозғалыстан кейін тең екі трлщығын жоғалтып, кремнеземмен қапталған жаңа особьқа айналады.
Колониялы т‰рлеріне мелозира (Melosira) жатады. Бұның колониясы жіп тәрізді болып, көптеген цилиндр пішінді клеткалардан құралған. Мелозирада кейінгі кезде оогамиялық жыныс процесі болатындығы анықталды.
Диатомды балдырлар табиғатта көп таралған. Олардың шамамен 10 мыңнан 15 мыңға жуық т‰рлері белгілі. Олар тұщы және теңіз суларында кездеседі. Аздаған т‰рлері топырақтың бетінен және оның терең қабаттарынан да табылған. Диатомды балдырлар негізінен планктонда және су т‰бінде жиі кездеседі.
Балдырлардың центрикалық класы қозғалыс к‰йінен айырылған, олардың көптеген т‰рлері мен пеннатта класының аздаған т‰рлері планктонды тіршілік етеді. Ал пеннатта класының қозғалғыш т‰рлері центрикалық кластың өте сирек өкілдері судың т‰бін мекендейді.
Планктондық тіршілік етуге байланысты нағыз жыныс процесі жойылып, ол автогамиямен алмасқан. Пеннатталар класында зооспоралар арқылы көбеюі жойылған, ал мұнда қозғалу органының қызметін тегіс атқаратын болған. Балдырдың құрылысының осындай болуы олардың су т‰бінде тіршілік етуіне өте қолайлы. Диатомды балдырлардың кремнеземдік сауыттары берік болғандықтан балдырлардың тіршілігі жойылып, олар шірігеннен кейін де сауыттың пішіні сақталады. Бұлардың қалдықтары жер қабаттарын құраған, оны диатомита немесе трепел деп атайды, ол негізінен кремний тотығыннан (SiO2) тұрады. Оны өндірістерде жылылықты сақтау, әсіресе өңдеу материалы есебінде жиі қолданады. Сонымен бірге диатомды балдырлармен судағы ірі омыртқасыздар қоректенеді, ал оларды балықтар қорек етеді. Диатомды балдырлардың қазба қалдықтары юра дәуірінен белгілі. ‡шінші дәуірдегі диатомды балдырлардың пішіні, құрылысы осы дәуірдегілерге өте ұқсас болған.