Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Әрт‰рлі талшықты балдырлардың филогенезі



бет36/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Әрт‰рлі талшықты балдырлардың филогенезі


Бұл типтің балдырларын бұрын көптеген ұқсастық белгілеріне қарап, жасыл балдырлармен біріктіріп, бір тип ретінде қарастырған. Мұнда тең талшықты жасыл балдырларда кездесетін негізгі эволюцияның негізгі бағытын байқауға болады. Олардан әрт‰рлі талшықтарының және сары пигментінің болуы арқылы ажыратылады. Сондықтан әрт‰рлі талшықты балдырлардың дамуы тең талшықтыларға байланыссыз, олармен параллель дамыған. Бұлардың арғы тегін кейбір альгологтар бояуларының пигменттерінің және зооспораларының ұқсастығына байланысты хризомонадалармен жақындастырып, оларды ортақ бір тектен шыққан деп қарайды. Кейінгі уақытта альгологтар вашерияны қор заты ретінде май жинауына және гетероксантин пигменттерінің болуына, сонымен қатар сперматазоидтарының тең емес екі талшықтан тұруына байланысты әрт‰рлі талшықтарға жатқызып ж‰р.


ҚОҢЫР БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (БУРЫЕ ВОДОРОСЛИ)-


PHAEOPHYTA

Т‰рлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы сарғыштан қара- қоңыр, тіптен қара- қышқыл т‰ске дейін болады. Ол осы балдырлардың пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің (қоңыр т‰сті) араласып келуінің нәтижесінде қалыптасатын т‰стер. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады.


Олардан эволюцияның дамуын микроскопиялық ұсақ организмдерден бастап, аса ‰лкен (гигантский), кейде тіптен 60-100 м жететіндеріне дейін (Macrocystіs) кездестіруге болады. Қарапайым т‰рлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әрт‰рлі бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық, арқаулық (механикалық) және өткізгіш ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін т‰зеді. Мұндай дифференциация талломның әрт‰рлі қызмет атқаратын участоктерге - ризоидтарға, өстік бөлікке ("сабаққа") және филлоидтарға ("жапырақтарға") бөлінуіне байланысты болса керек.
Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп жағдайда диска тәрізді, көп болып келеді. Артық қор заттары ламинарин (полисахарид), маннит (сахароспирт) және шыны май тамшылары т‰рінде жиналады. Пектинді-целлюлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қыстырма меристамасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға созылады.
Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге ‰зілуі арқылы ж‰зеге асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жыныссыз
жолмен көбеймейді - Fucales қатары) көптеген екі талшықты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы ж‰зеге асады. Зооспоралары бір клеткалы, сиректеу көп клеткалы зооспорангияларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады (диктиоталарда - Dіctіotales қатары).
Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы және оогамиялы болып келеді. Изо-және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады: оогонийлері мен антеридийлері - бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фукустан басқаларының барлығының өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспорангияларда ж‰реді. Зооспоралары, немесе тетраспоралары гаметофитке (n) бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2n) айналады. Әрт‰рлі т‰рлерінде ұрпақ алмасуы әрт‰рлі болады: біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады (эктокарпус - Ectocarpus туысы, диктиота - Dіctіota туысы), ал екіншілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама ‰лкен және көпжылдық болып келеді (ламинария - Lamіnarіa туысы, макроцистис - Macrocystіs туысы).
Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ірісі.
Олар теңіздердің т‰бінде орман немесе шалғын т‰зіп өседі. Кейбір қоңыр балдырлардың талломасының ұзындығы 60-100 м дейін барады (макроцистис туысы). Сондықтанда оларды моряктар "тірі кедергілер" деп атайды. Мұндай балдырлар кішірек катерлерді тоқтатып тастайды, ‰лкен параходтардың (судно) ж‰рісін тежейді және суға қонатын самолеттердің қонуына едәуір кедергі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет