Талломның сифонды құрылысты болып келуіне байланысты, көп уақыт бойы бұл қатарды сифонды балдырларға жатқызып келді. Вошериялардың оогамиялық жыныс процесінің сифондылардан өзгеше болуы, қор заты ретінде крахмал жиналмай, май жиналуы және т‰стерінің өзгешелігі, бұларды жеке қатарға бөлуге м‰мкіндік береді.
Вошериялар қатарының негіңзгі өкілі вашерия (Voucheria) ол таяз тұщы суларда және ылғалды жерде кездеседі. Оның талломы жасыл қоңыр т‰сті, жуан бұтақталған жіптен тұрады. Бұл жіптер өз ара матасып жатады. Вошерия жоғарғы ұшынан өседі, ал төменгі жағында субстратқа бекінетін ризоидтары болады. Вошерияның талломы жеке клеткаларға бөлінбей іші қуыс т‰кше тәрізді болып бір клеткадан тұрады. Протоплазмасы қабыққа жақын орналасыады. Храматафоралары жасыл т‰йіршікті, ядролары көп, олар талломның ішінде бытырап жатады, периноидтары болмайды. Денесінің ортасында вокуолья орналасады.
Зооспоралары арқылы жыныссыз жолмен көбейеді, олар бұтақтардың ұштарында дамиды. Мұның алдында т‰тікшенің ұшы ісініп көтеріледі де, көлденең пердемен бөлінеді. Сол ісініп көтерілген бөлігін зооспорангия деп атайды. Зооспорангиядан ядросы, хромотафорасы және клетка шырынына толы вакуольясы бар бір ғана зооспора жетіледі. Вошерия зооспорасы көп ядролы, әрбір ядроның тұсында екі-екіден талшық шығады, сондықтан оны ұсақ зооспоралар калониясы дейді. Кейбір кезде зооспораның орнына көп ядролы, қозғалмайтын апланаспора дамиды.
Жынысты көбею- оогамиялы. Оогоний мен антеридий бір жіпшеде қатар жетіледі. Оогоний сопақ пішінді болып, буылтықтанып жіпшеде өседі. Алғашқы буылтыққа протоплазма және хромотофорамен бірге көп ядролар өтеді, перде т‰зілердің алдында бір ғана ядро қалып, қалғандары оогониядан жіпке кейін қарай т‰тіктің ішіне өтіп кетеді. Буылтықта қалған бір ядро көлемі жағынан ұлғайып, жұмыртқа клеткасына айналады. Антеридидің пішіні иілген м‰йіз тәрізденіп, жіпшеден иілген жерінің ортасы арқылы бөлінеді. Антеридий өзінің жоғарғы ұшымен аналық жынысты оогонийге қарай өседі, одан көптеген екі талшықты сперматозойдтар жетіледі. Оогоний піскен кезде беткі жағындағы қабығы жыртылған жерінен шыққан сперматозоидтар оогонийге енеді де
ұрықтандырады. Ұрықтанған оогонийден қалың қабықпен қапталған жеке қор затымен қамтамасыз етілген қоңыр т‰сті зооспора дамиды, одан тыныштық кезеңінен өткен соң жаңа вошерия өсіп шығады.