Жыныстыкөбеюі - оогамиялы. Аналық жыныс органы - карпоген қысқа бұтақтардың қолтығында бір-бірден өседі.
Карпоген-колба пішінді, ол жалғыз жұмыртқа клеткасы жататын кеңейген т‰п бөлімінен және жоғарғы жіңішке т‰тік тәрізді мойны трихогенадан тұрады. Карпогонның кеңейген бөлімінде ядромен хромотофора, ал трихогинасы т‰ссіз, протоплазмаға толы болады, оның жас кезінде ядросы болып, кейіннен ол жойылып кетеді. Қарапайым т‰рлерінде трихогина өспейді деседе де болады, себебі ол өте кішкентай. Антиридий және карпоген сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды. Антиридийден босаған спермация судың ағынымен карпогонға келіп трихогинге жабысады да, қабықпен қоршалады, одан кейін
трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп, жұмыртқа клетканы ұрықтандырады.
Ұрықтанғаннан кейін трихогина жойылып кетеді, карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады, оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпиден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да, өсе келе балдырлардың жаңа талломына айналады. Қызыл балдырлардың көбісінде карпогоннан бірден циотокарпия дамымайды. Карпоген бірнеше өсінділер береді, олар ерекше аукцияларлы клеткалар деп аталатын өсу клеткасымен қосылады, мұнда ядролары қосылмайды. Ауксилярлы клеткалардың ішіндегі заттары басқаларға қарағанда, қою болып келеді. Сонымен, карпоспора мен цистокарпия көпшілік уақытта екінші рет бірігу нәтижесінде т‰зіледі. Көпшілік қызыл балдырларда цистокарпидің ерекше қорғаныш қабықшасы болады. Мұнда карпоспорадан тетраспора т‰зілетін диплоидты өсімдік өседі, ал тетраспорадан жыныс органы т‰зілетін гаплоидты гаметофит дамиды.
Қызыл балдырлардың 4000-дай т‰рі бар, оларды екі класқа және бірнеше қатарға бөледі.
Бангиевалылар (Bangiophyceae) класы.
Бұл класқа қарапайым құрылыстыаздаған ғана балдырлар жатады. Хроматофоралары көпшілігінде жұлдыз тәрізді, переноидтары бар. Клеткаларының арасында ұсақ поралары болады. Жыныссыз моноспора жолымен, жынысты карпоспора арқылы көбейеді. Трихогинаның орнында кішкене өсіндісі болады. Ұрықтанған клеткадан 8 карпоспора т‰зіледі. Ұрпақ ауысуы болмайды. Диплойдты болып зигота ғана есептеледі. Бұл кластың өкілі - бангия (Bangia) тарамдалмаған жіп тірізді көлденеңінен және ұзынынан перделерге бөлінген. Парфира (Parphyra) ірі, нәзік жапырақ пішінді қызыл балдыр. Теңіздер мен мухиттардың жағалауында таралған. Талломы қызыл т‰сті бір немесе екі қатар клеткадан құралады. Парфиридиум (Parphyridium) клегейлі қабықша тәрізді теңіз жиектерінде, тастардың бетінде бекініп тіршілік етеді.