Бұған дейінгі қатардан айырмашылығы, бұл қатардың өкілдерінде ауксилярлы клеткалар болады. Олар карпоген ұрықтанғанға дейін дамиды да, талломның барлық жеріне таралады және карпогоннан белгілі бір қашықтықта орналасады. Карпогоннан ұрықтану процесі өткен соң, ұзын көп клеткалы байланыстырғыш жіпшелер пайда болып, ауксилярлы клеткаларға қарап бағытталып өседі. Ауксилярлы клеткалардың байланыстырғыш жіпшелердің клеткаларымен қосылғанан соң және жіпшенің клеткаларының диплоидты ядросы ауксиярлы клеткаға өткеннен кейін гонимобласттар пайда болады. Гонимобласттлар (карпоспорафитте) карпоспоралардың диплоидты екі ядросы болады. Осындай диплоидты ядросы бар карпоспоралардан диплоидты өсімдіктер - тетраспорафиттер өседі, олар тек жыныссыз көбею органыны тетроспорангииді береді. Тетраспоралар пайда
болған кезде мейоз ж‰реді де, гаплоидты тетраспоралар гаплоидты өсімдіктерге - гаметофитке айналады. Осы өсімдіктерде жыныс органдары пайда болады. Гаметофит пен тетроспорафиттің сыртқы құрылысы (морфологиясы) жағынан бір-бірінен айырмасы болмайды. Сонымен криптонемиялыларда көптеген басқа қызыл балдырлардағыдай диплоидты карпоспорафиттен қиындатылған изоморфты ұрпақ ауысу болады. Қатардың өкілі дюренеа(Dudreznaya), оңт‰стік ендіктегі теңіздерде кездеседі, талломы тарамдалған қызғыштау т‰сті, кілегейлі кустиктен тұрады. Анатомиялық құрылысы батрахспермумға өте ұқсас. Аналық гаметофитінің т‰п жағындағы б‰йірлік бұтақшаларынан, карпогониалды бұтақшалары карпоспораларымен жетіледі. Аналық гаметофиттерінде, оның жоғарғы бұтақшаларында, антеридилары жетіледі. Тетраспорафиттерінің жоғарғы клеткаларынан, тетраспорангиилары жетіледі. Мейоздан кейін, олардың ішіндегі заттары, көлденең перделері арқылы бірінің ‰стіне бірі орналасқан төрт спора береді.
Дəріс 5. Тақырып: Саңырауқұлақтар бөлімі (Mycota) 1-сағат