Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет41/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

1) Жыныссыз көбеюі. қозғалмайтын споралары арқылы ж‰зеге асады. Олар спорангияның ішіндегі заттардан біреуден (моноспоралар) немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Тетраспоралары диплоидты жыныссыз өсімдікте - спорофиттерде (тетроспорафиттерде) т‰зіледі. Тетраспорангияда тетраспора т‰зілердің алдында мейоз процесі ж‰реді.
Жыныс процесі оогамиялы. Аналық жыныс органы - карпогон қызыл балдырлардың көпшілігінде (флоридей) кеңейген базальдық бөліктен құрсақтан тұрады, оның ішінде жұмыртқа клеткасы орналасады, ал оның жоғарғы жағында мойны -трихогинасы болады (бангияларда ол болмайды). Карпогон әдетте ерекше карпогониялдық бұтақшадан пайда болады. Антиридилері ұсақ т‰ссіз клеткалар, олардың ішіндегі заттары жалаңаш, талшықсыз аталық ұрықтандырғыш элементтері спермациялар т‰рінде босап шығады. Антиридиден босап шыққан спермациялар судың ағынымен жайлап жылжып отырады да трихогинаға барып жабысады. Спермацияның трихогина мен т‰йіскен жеріндегі клетканың қабықшасы ериді де, нәтижесінде спермацияның ядросы алдымен трихогенаға, одан кейін карпогонға өтіп, жұмыртқа клеткасымен қосылады. Ұрықтанғаннан кейін карпогонның базальді бөлігі трихогенадан көлденең перде арқылы бөлінеді. Осыдан кейін трихогенасы жойылады.
Бұл дамудың детальдарының сперматикалық маңызы аса зор. Қызыл балдырлардың біреулерінде зиготаның ішіндегі заттары (ұрықтанған карпогон) тікелей бөлініп қозғалмайтын жалаңаш споралар - карпоспоралар береді. Екінші біреулерінде ұрықтанған карпогоннан (немесе оның аналық клеткасынан) тарамдалған жіпшелер - гонимобластар өседі, олардың клеткалары карпоспорангияларға айналады. Олардың әрқайсысы бір-бірден карпоспора береді. Қызыл балдырлардың көпшілігінің гонимобласттары ұрықтанған карпогонның құрсағынан бірден пайда болмай, ерекше қосымша
- ауксилярлық клеткадан т‰зіледі. Ауксилярлық клеткалар талломда тікелей карпогонның жанында, немесе одан шамалы қашықтау жерде орналасады. Ауксилярлық клеткалар карпогоннан қашық орналасқан жағдайда, ұрықтанған карпогонның т‰п жағынан байланыстырғыш (соединительные), немесе ообластемалық жіпшелер кетеді. Олардың пайда болуынан бұрын капулляциялық ядро митодикалық жолмен бөлінеді. Сонымен байланыстырғыш (ообластемные) жіпшелердің клеткаларының ядросы диплоидты болады. Байланыстырғыш клетканың жіпшелері ауксилярлық клеткаға дейін өседі, осы кезде олардың екеуінің т‰йіскен жеріндегі клеткалардың қабықшалары еріп, олардың бір-бірімен қатынасуына м‰мкіндік туады. Бұл жағдайда клеткалар қосылғанмен, олардың ядролары қосылмайды (яғни ообластемдік клеткалар диплоидты, болады, ал ауксилярлық клетка гаплоидты қалпында қалады). Алайда ауксярлық клетканың қосылуы байланыстырғыш жіпшенің диплойдты ядорсының бөлінуін және гонимобластардың т‰зілуін тездетеді. Гонимибластардың клеткалары диполидты және диплоидты карпоспоралар береді. Карпоспоралар т‰зетін гонимобластар, әдетте крпоспорафит деп аталатын ерекше генерация ретінде қарастырылады.
Жоғарғы деңгейде жетілген қызыл балдырлардың ауксилярлық клеткалары карпогон ұрықтанғаннан кейін, оған жақын жерде пайда болады. Ауксиярлық клеткалдардың жиынтығымен карпогонды қосып айтқанда прокарпий деп атайды. Бұл жерде ұзын байланыстырғыш жіпшелердің
т‰зілуінің қажеттілігі шамалы, өйткені ауксилярлық клетка ұрықтанған карпогонның құрсағымен тікелей қосылады. Осыдан кейін барып карпогоннан гонимобластар карпоспораларымен жетілдеді. Карпоспоралары көп жағдайда тығыз топтасып орналасады - оларды цистокарпилар деп атайды.
Қызыл балдырлар екі кластан тұрады: бангиялар (Bangiophyceae) және флоридейлер (Florideaphyceae)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет