Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Пероноспоралылар (Peronosporales) қатары



бет51/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

3. Пероноспоралылар (Peronosporales) қатары


Пероноспоралылардың көбеюі жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиттері, аздаған т‰рлері ғана суда және топырақта сапрофитті тіршілік етеді. Бұл қатарда эволюция сапрофитті қарапайымнан к‰рделі құрылысты факультативті паразитті тіршілік ететін т‰рлерге, одан облигатты паразитті т‰рлерге қарай дамыған. Сонымен қатар мицелийлері субстраттан тыс
жататын жағдайдан, нағыз паразиттерге тән гаустриялары жоқ, клетка ішілік, одан гаустриялары бар клетка аралық мицелийлерге қарай ауысуы байқалады. Сөйтіп, саңырауқұлақтың бұл т‰рі біраз уақыттың ішінде пісіп, жетіліп өзі тіршілік ететін өсімдігін қуратып жібереді. Жыныссыз көбейгенде аздаған т‰рлері гифалардан ажыраспайтын, цилиндр пішінді зооспорангилер т‰зсе, ал көпшілігі сопақ лимон тәрізді арнаулы гипалары арқылы ‰зіліп т‰сетін зооспорангиялар т‰зеді. Олар ауаның ағынымен конидия сиықты таралады. Спорангий өсіп тұрған гифаны конидия сағағы деп жиі атауы да соған байланысты. Сулы, ылғалды кездерде зооспорангийлерден екі талшығы б‰йірінен тарйтын б‰йрек пішінді зооспоралар т‰зіледі. Құрғақшылықта зооспорангий немесе конидия бірден гифаға айналады. Құрлыққа тіршілік етуге бейімделген переноспоралыларда зооспорангийден зооспоралар т‰зілмейді, олар конидия сияқты бірден жаңа гифаларға айналады.
II.Жынысты көбеюі. Сырт қарағанда споролегияларға ұқсас, алайда олардан оогониінде бір ғана жұмыртқа клеткасының т‰зілуі арқылы ажыратылады. Оның т‰зілуіне протоплазманың тек орталық бөлімі ғана қатысады, шеткі бөлімі жұмыртқа клеткасының айналасында периплазма т‰рінде қалып қояды.
Периплазма кейін ооспора қабығының қалыңдауына қатысады. Ұрықтанғаннан кейін жұмыртқаға антерийдидің бір ядросы ғана өтеді де аталық және аналық ядролар қосылып, тынышталғын ооспора т‰зеді. Оның диплоидты ядросы редукциялық жолман бөлініп, өне келе зооспорангийга айналады.
Переноспоралылар қатары 3 тұқымдасқа бөлінеді, оған бірнеше ж‰здеген т‰рлер жатады. Олардың ішінде суда, құрлықта сапрофитті және паразитті тіршілік ететін т‰рлері де бар. Бұлардың көпшілігінде жыныссыз көбею басым және олардың біраз т‰рлері шөптесін өсімдіктердің паразиттері болып есептелінеді.
Фитофтора (Pytophtora) саңырауқұлағында спорангий сағағы мицелийдің гифасынан оңай ажыратылады және симподналды бұтақтанады. Фитофтора туысының кейбір т‰рлері топырақта сапрофитті тіршілік етсе, ал көпшілігі құрлықта тіршілік ететін өсімдіктердің паразиті. Бұған картоп фитофторасы (Phytophthora infestans) жатады. Ол өсімдікте “картоп зілі” деп аталатын ауру туғызады. Бұл аурумен зиянданған картоп, г‰лденгеннен кейін жапырақтары солып, қарая бастайды. Саңырауқұлақтың мицелийі жапырақтың тканінде ұялайды, жапырақ тақтасының төменгі жағындағы устицелері арқылы канидий сағақтары шығып тұрады. Олардың ұштарында және б‰йір бұтақтарында жұқа қабығы бар лимон тәрізді канидиялар дамиды. Олар шашылып, зақымданбаған жапырақтарын зақымдайды. Ауа райы өте ылғалды болғанда конийдилер зооспорангия сияқты өседі де, ұшындағы төбешігі арқылы ашылады, одан екі талшығы бар 6-12 зооспоралар сыртқа шығады. Олар су тамшылары арқылы басқа жапырақтарға т‰сіп, қабықпен қапталып жаңа гифалар т‰зеді. Сөйтіп жапырақтың бетінде жаңа дақтар пайда болады. Ылғал жетіспеген жағдайда
конидиялар, спора сияқты, тегіс өніп мицелий т‰зеді. Жаңбыр қатты жауғанда зооспоралар мен конидиялар сумен жуылып топырақтағы т‰йнектерге жұғады. Картопты қоймада сақтағанда ауру т‰йнектерден зақымдалмаған т‰йнектерге жұғады, сөйтіп қоймадағы картоп т‰йнектерінің бәрін шірітіп жіберуі м‰мкін. Картоп саңырауқұлағының мицелийлері шіріген жапырақтарда, сабақтарда сапрофитті тіршілік ете береді, ал топыраққа картопты отырғызғанда оған таралады. Бұл жағдайда картоптың шіріген пәлегінде, жыныс процесінің нәтижесінде ооспора т‰зіледі. Ооспора қыс бойы сақталып, келесі жылы жаңадан сол ауруды таратады. Ауру картопты отырғызғанда зақымдалған көзшелері арқылы тарайды. Мұндай көзшелерден пайда болған сабақтарда саңырауқұлақтардың конидиялары к‰зге қарай қаптап кетеді. Жауын-шашын көп болған жылдары фитофтора картоп егісіне көп зиян келтіреді.
Плазмопора (Plasmopera) және переноспора (Peronospora) туыстары әр т‰рлі мәдени өсімдіктерде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың жапырақ тақтасының төменгі жағындағы устьицесінен шығып тұратын конидия сағақтары мицелийлердің гифалары ұқсамайды. Плазмопораның сағағы моноподиалды, ал переноспоралардың сағағы дихотомиялы тармақталған бұта тәрізді болады. Плазмопораның біраз т‰рлерінде конидияның біраз т‰рлерінде конидияның өсуінен зооспора т‰зілсе, қалғандарынан кейіннен қабыққа оралатын жалаңаш протоплазма сыртқа шығады, ол бірден өсіп, гифаға айналады. Plasmopora viticola ж‰зім өсімдігінде мильдия ауруын туғызады. Бұл өсімдіктің жапырақтарын, сабақтарын, жидектерін және мұтршаларын зақымдайтын аса қауыпті паразит. Ол өсімдіктің бұтақтарында, б‰ршіктерінде мицелий к‰йінде, не жапырақтарында көптеген ооспора т‰рінде қыстап шығады. Бұл аурудан сақталу ‰шін бардос сұйығын қолдану керек.
Пероноспора (Peronospora) туысы т‰р жағынан ең көбі. Бұларға дихотомиялы бұтақтанған конедия сағағы тән. Оларда пайда болатын канидиялар барлық уақытта гифалары арқылы өседі. Қысқасы бұлар нағыз конидиялар, таралу жағынан болсын, өсу жағынан болсын. Бұлардың т‰рлері әрт‰рлі өсімдікетерде паразит т‰рінде болады; мысалы, P.tabacina барлық кантиненттерде кездеседі темекіге өте зиянды. P desertarum пиязды зақымдайды. P.sehachtii – қант қызылшасы, P.arbarescens -қызғалдақты және т.б. зақымдайды.
Альбуго (Albugo) немесе цистопус (Cystopus) туысы канидиялы спора тасушы органның ерекшелігі арқылы переноспорадан ажырайды. Оның конидия сағағы өсімдік иесіне жапырақ эпидермисінің астыңғы қабатында ұзын цилиндр пішінді гифаның ұшынан моншақ пішінді болып ‰зіліп т‰сіп отырады. Конидиялардың кернеуінен жапырақ эпидермисі жыртылып, конидиялар ауаның ағынымен таралады. Олар ‰немі зооспора т‰рінде өседі. Жынысты органы тканьнің ішінде дамиды. Ұрықтанудан т‰зілген ооспора өсімдік органының шіруінен кейін босап шығады, өне келе ол зооспора береді.
Albugo candida әр т‰рлі крест г‰лділерде Al.bliti амарантус өсімдіктерінде паразиттік тіршілік етеді.

    1. Лептомиталылар (Leptomitales) қатары. Ағын судағы өсімдіктердің қалдықтарын мекендейтін (бұтақтарында, жемістерінде) сапрофиттер. Сапролегниялылардан, біріншіден вегетативті денесінің құрылысымен ажыратылады. Олардың денесі өте жіңішке тарамдалған перетяжкасы бар гифалардан немесе резоидтары бар жоғарғы жағы бұтақталған дөңгелек клеткалардан т‰рады. Екіншіден, көбею органдарының сағағымен де ерекшеленеді. Одан басқа, олардың кейбіреулері, мысалы лептомитус (Leptomitus) сапролегниядан айырмашылығы сульфатты редукцияға ұшыратады (редукцировать сульфаты) және к‰кіртті өзінің метоболизміне пайдаланады, бірақта амони азотын сіңіре алмайды. Липтомитуста көмірсудың көзі болып аминокислоталар есептелінеді.

Ең белгілі және практикалық жағынан маңызды өкілі болып Leptomitus Lacteus есептеледі. Ол өте лас суларда көптеп кездеседі. (полисапроб). Оның жіңішке мицелийінің ұшынан немесе гифаларының бөліктерінен ұзын зооспорангиялар бірінен соң бірі пайда болады. Бұл саңырауқұлақтың жыныс процесі белгісіз. Мицелийлердің көптеп пайда болуының нәтижесінде L.lactilus суды тазалайтын сооруженияларды бітеп тастайды, балықтарды ұстауға құрал және т.б.
Рипидиум (Rhipidium) туысына жататын т‰рлер судағы шіри бастаған жемістедің ‰стінде, көп жағдайларда блостокладалар, моноблепаридалар қатарларына жататын саңырауқұлақтармен бірге өседі. Олармен сыртқы құрылысы жағынан өте ұқсас. Бұл қатардың өкілдерінде сапролегниялардың ұзын зооспорангиясы секілді ұзын зооспорангияларда және переноспоралар қатары секілді дөңгелек зооспоралары болады. Ол дегеніміз осы қатардың өкілдері сапролегниялармен переноспораларды жалғастыратын аралық қатар деген сөз. Ол көзқарас мынамен дәлелденеді Rhipidium және басқада лептомиталылардың басқа туыстарының өкілдерінің оогониясында жұмыртқа клеткадан басқа периплазма бар, соңғысы пероноспоралылардың т‰рлерінің негізгі ерекшеліктерінің бірі болып есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет