Тірі организмдерді әдетте өсімдіктермен жануарларға бөлгенде, саңрауқұлақтарды өсімдіктерге жатқызуғады.
Саңырауқұлақтар кең таралған организмдердің тобы. Оған 100000-дай т‰р жатады. Бұған мынадай кластар жатады.
Chytridiomycetes- хитромициттер;
Hyphmetriomycetes-гифохитридомицеттер;
Oomycetes-оомицеттер;
Zygomycetes-аскомицеттер;
Ascomycetes-аскомицеттер;
Besidiomycetes-базидиомицеттер;
Deutermycetes-дейтеромицеттер;
Аңырауқұлақтардың өсімдіктерден елеулі айырмашылықтары бар. Оларға мыналар жатады: саңырауқұлақтар фотосинтез процесіне қабілетсіз келеді, гетеретрофты жолмен қоректенеді. Саңырауқұлақтарды өсімдіктерге олардың мынадай ұқсастық белгілерінің болуына байланысты жатқызады. Саңырауқұлақтардың клеткаларының қабығы жақсы жетілген болады, қоректік заттарды сақтау арқылы(абсорбция) қабылдауы, вегетативтік денесі қозғалмайтын болады. Алайда гетеретрофты жолмен қоректенуі олардың зат алмасуына өзіндік әсерін тигізеді. Саңырауқұлақтардың зат алмасуына мочевинаның қатысуы, артық қор заты ретінде крахмалдың орнына гликогеннің, май тамшыларының жиналуы, клетка қабығында хитиннің болуы оларды жануарларға жақындатады. Көптеген саңырауқұлақтар өсімдіктерден лизин деген аминқышқылының синтезделу жолының өзгешелігімен алшақтанады. Бұл аминқышқылдарының синтезделуі саңырауқұлақтарда жануарлардағы сияқты ж‰реді.
Соңғы кезде ғалымдардың арасында саңырауқұлақтар жөнінде мынадай көзқарас қалыптасып отыр. Олар саңырауқұлақтарды организмдердің бір тобы ретінде бөліп қарастырғанды жөн көреді.
Саңырауқұлақтар д‰ниесіне (патшалығына) мынадай белгілер тән: Жақсы жетілген клетка қабықшалары болады; қоректік заттарды (абсорбция) сору арқылы қабылдайды; споралармен көбейді; вегетативтік жағдайда қозғалмайды және шексіз өсуі; гетеретрофты жолмен қоректенеді, қор заты ретінде гликоген жиналады.
Саңырауқұлақтардың организмдердің жеке бір тобы ретінде бөлнуін қосымша мынадай мәліметтер құптап отыр. Әр т‰рлі организмдердің с цитохромдарын салыстырып тексергенде, саңырауқұлақтардың өте ертеде, өсімдіктермен жануарлар д‰ниесі бөлінбей тұрғанда пайда болған организмдер екендігін дәлелдеп отыр. Цинтроком дегеніміз барлық организмдердің клеткаларында кездесетін к‰рделі белоктар.