Зигомицеттер ерекше зигомиялы жыныс процесінің болуымен сипатталады. Мұнда жыныс процестері гаметаларға бөлінбеген екі гифаның көп ядролы гаметангия деп аталатын клеткаларының бір-біріне эндогенді жолмен т‰зілген споралар немесе конидиялар арқылы жыныссыз көбейеді. Клетка қабықшалары целлюлозалы емес, хитинді болып келеді. Барлық зигомицеттер құрлықта тіршілік етеді. Бұл класс тармағына 500-дей т‰р жатады, оларды бірнеше қатарға бөледі. Бұлардың ішінде ең көп таралғаны -
- мукорлар (Mucorales) мен энтомафторалылар (Entotomophthorales) қатары. Эндогондылар (Endogonales).Зоопагталар (Zoopagales).
Мукорлардың мицелийлері жақсы жетілген, клеткаларға бөлінбеген,көп ядролы. Көбінде спорангийлерде т‰зілетін споралар арқылы жыныссыз көбейеді. Бұлардың көпшілігі топырақта, өсімдік қалдықтарында, көңде және тұрып қалған тағамдарда сапрофиттік тіршілік етеді. Кейбіреулері адам мен жануардың паразиті. Мукорлар бактериялар сияқты, басқа саңырауқұлақтармен бірге топырақ құрау процесіне қатысады. 1г топырақта мукорлардың бір мыңдай споралары болады. Бұл қатарға 450- дей т‰р жатады, оларды жыныссыз спора тасушы органдарының құрылысына қарай бірнеше тұқымдасқа бөлінеді. Бұлардың өкілі ретінде Mucor muceda деген көп тараған т‰рін алуға болады. Бұл көп ядролы, перделерге бөлінбеген, жан-жаққа тармақталып бұтақтанған мицелийден тұрады. Мицелийден жоғары қарай шар пішінді спорангийлер көтеріледі. Олар вертикаль спорангий сағағынан перделермен бөлінеді және оның ішінде көптеген споралар қоршап тұратын колонкасы болады. Спорангий ішіндегі зат бірнеше ядросы бар көптеген майда бөлшектерге бөлінеді де, кейіннен қабыққа оранып спораға айналады. Спорангий қабығы жыртылып, одан споралар шығады да, ауаның ағынымен таралады. Споралардың пішіні әрт‰рлі болады. Сонымен мукорлар споралар арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты жолмен көбеюі сирек кездеседі. Мұнда сыртқы құрылысы жағынан бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, тек физолагиялық жағынан ғана айырмашылығы бар көрші жатқан мицелийлерден бұтақшалар өседі. Бұл бұтақшалар әрт‰рлі мицелийде жататындықтан мукорлар – гетероталды т‰р болып есептеледі. Бір-біріне қарай бағытталған осы бұтақшалардың, ұштары т‰йіседі де, негізгі гифадан олар перделермен бөлінеді. Т‰йіскен жерлерінің қабықшасы еріп, клетка іштеріндегі көп ядролы заттар араласып зигота т‰зіледі. Оның екі,
‰ш қабаттан құралған қалың қоңыр т‰сті қабығы болады. Зиготада мицелийдің суспензора деп аталатын қысқа өсіндісі қалады. Зигота ядросы редукциялы жолмен бөлініп, ұзақ уақыт тыныштықтан кейін өсіп қысқа гифа береді. Гифа ұрықтық спорангиймен аяқталады, онда аталық және аналық споралар т‰зіледі, бұларда мицелийдің аналық және аталық т‰рлері дамиды. Кей кезде бір мицелийге жататын гифалар өзара (гоморалды) қосылады. Мукор саңырауқұлағын дымқыл нанды қақпағы бар ыдыстың ішіне салып, жылы жерге қойып, оңай өсіріп алуға болады. Көңнен мукордың зиготасын табу ‰шін оның астыңғы қабаттарын алу керек.
Пилаболюс (Pilobolus) саңырауқұлағы көңде сапрофиттік тіршілік етеді. Спорангия сағағының жоғарғы жағы алмұрт тәрізді ісінеді, оның
‰стінде т‰йме сияқты кішкене қара спорангия орналасады. Спорангий піскен кезде сағақтағы тургор қысымының к‰шеюінен өз ішіндегі сұйық затымен қоса спорангийді 1.8м биіктікке атады. Жерге т‰скен спорангий қабығы жыртылады да споралар шашылады.
Мукор қатарына жататын кейбір саңырауқұлақтардың спорангийлерінде колонка болмайды. Колонканың т‰зілуі – прогрессивті белгіге жатады, себебі спорангийдің көлемі ұлғаяды, сөйтіп өсіп келе жатқан
спораларға қоректік заттардың келуі жақсарады. Кейбір мортиерелла (Mortierella) сияқты туыстардан зиготаның айналасында вегетативтік гифадан жемісті дене сияқты қорғаныш қабықтар т‰зіледі.
Бірталй мукорларда крахмалды қантқа дейін гидролиздейтін ферменттер болады, ал Mucorjavanicus, M. zontianus және басқа да т‰рлері қантты спиртке дейін ашытады. Мұны Шығыс Азия елдерінде ашытқы саңырауқұлақтармен бірге спирттік ішімдіктер алу ‰шін пайдаланады. Мұндай ашытқы мукорларының кейбіреулерінің қанты артады, ашытқы саңырауқұлақтағы сияқты б‰ршіктену арқылы көбейеді. Екінші бір мукорлар пектинді заттарды ыдыратады, сондықтан оны зығыр сабақтарынан тін талшықтарын алу ‰шін пайдаланады.
Ризопус (Rhizopusnigricans)овощтарда, жемісиерде, мақтаның талшықтарында және оның өніп келе жатқан тұқымдарында қара зең т‰зеді. Бұларға жуан ауаға көтеріліп тұратын гифалар – сталондар тән. Олар сырт қарағанда құлпынайдың мұртына ұқсас болады. Олар субстраттың ‰стінен көтеріліп тұрады, субстратқа ризоиды еніп тұрады. Осы жерден жоғары қарай спорангия сағағы топталып кетіп жатады, оның басында қара т‰сті спорангия басы (головка спорангии) жетіледі. Оның ішінде шар тәрізді бағанасы көрініп тұрады. Мукорлар мен абсидийлердің (Absidia) кейбір т‰рлері адамда өкпе ауру қоздырады.