Ең ‰лкен қатар. Бұ5н 80-дей туыс және 400-ден аса т‰р жатады. Көптеген т‰рлері су өсімдігінің, сиректеу жер бетінде кездесетін өсімдіктердің паразиттері. Кейбіреулері судағы омыртқасыз жануарлардың паразиті немесе судағы және ылғал топырақтағы өсімдіктермен жануарлардың қалдықтарында сапрофитті өмір с‰реді.
Мицелилері жоқ, вегетативті денесі өсімдіктер клеткасының ішінде жалаңаш протоплазмалық дене т‰рінде кездеседі, клетка қабықшасы болмайды. Тек көбею органы құралғанда ғана клетка қабығына оранады. Мұның барлық денесі бір ғана зооспорангий құруға жұмсалады. Бұл қатарға жататын т‰рлердің барлығы да клетка ішілік паразиттер. Олардың өкілі – альпидиум (Olpidium brasgicae), капуста көшетінде кездесіп, оны «қара т‰бір» ауруымен ауыртады. Бұл аурумен ауырғанда тамыр мойнының айналасы қарайып, сабағы жіңішкеріп, көшеті қурайды. Қарайған жерлеріндегі эпидермистің немесе паренхима клеткаларын микраскоппен қарағанда, паразит саңырауқұлақтың жалаңаш протоплазмадан тұратын бір ғана ядролы вегетативті денесін көруге болады. Кейін ол көп ядролы болып, сыртында қабық пайда болады да, зооспорангийге айналады. Зооспорангийлер т‰тікше тәрізді өсінділер береді, олардың ұштары қылтиып, эпидермистен сыртқа шығып тұрады да, бір талшықты зооспоралардың шығуына себебін тигізеді. Дымқылды жерде зооспоралар жылжып отырып, зақымданбаған өсімдікке барады. Онда клетка қабықтары арқылы эпидермис
клеткаларынан әрірек жатқан ұлпаларға өтіп, олардан жаңа зооспорангийлер дамиды.
Қолайсыз жағдайларда қалың қабықшалы цисталар т‰зеді. Бұлардың алғашқы кезде екі ядросы болады, кейін олар бірігіп зигота құрайды, кейбір жағдайларда зооспоралар белгісіз себептермен, гаметалар сияқты қозғалғыш зигота т‰зеді: ол қалың қабықша мен қапталады да, өсімдік шірігеннен кейін ғана өсе бастайды.
Бұл аурудан құтылудың жолы ауру жұққан көшетті құрту, парниктерді желдетіп отыру, парниктерде ылғалды кеміту және жаңа тамырлардың т‰зілуіне м‰мкіндік беру ‰шін құм себу.
Синхитриум (Synchitrium endobioticum) картоптың т‰йнегінде рак ауруын тудырады. Бұл аурумен ауырғанда клетканың ұлғайуынан шоғырланған ‰лкен ісік пайда болады. Бұларда альпидиум сияқты, артқы жағында бір талшығы бар зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Мұның алпидиумнен негізгі айырмашылығы вегетативті денесінен көптеген зооспорангийлер т‰зіледі. Изогаметалар арқылы жынысты жолмен көбейеді. Екі талшығы бар зигота картоп т‰йнегіне еніп, қалың қабыққа оранып, қыстап шығатын спораға немесе цистаға айналады. Бұл аурумен айырған кезде картоп т‰йнегі өнім бермейді. Картоптың рак ауруы Солт‰стік Америкада және Батыс Европада көп тараған. Бұл ауру шыға қалса,ол жерлерге уақытша тыйым салынып, оның әрі қарай таралуына м‰мкіндік бермей, хлорпикрин химикаттарымен дезинфекциялайды
Хитридиялылардың ішінде екі талшығы бар зооспора т‰зетін ворониндер (Woroninaceae) тұқымдасы ерекше орын алады.Тұқымда аты орыс микологы М.С.Воропиннің құрметіне қойылған. Тұқымдасы ерекше орын алады. Вегетативті денесі жалаңаш протоплазмадан тұрады, тек зооспора құрар алдында ғана қабыққа оранады. Қабығының құрамында целлюлоза болады және екі талшығы б‰йірінен шығады. Өкілі альпидиопсис (Olpidiopsis saproledinae) балдыр мен су саңырауқұлақтарында клетка ішілік паразит рететінде тіршілік етеді.
Вегетативті денесінің, қабығының және ризомицелилердің болуы арқылы ерекшеленетін т‰рлері бар. Оған ризофидиум (Rhizophidium pollinis) жатады, ол суға т‰скен қарағайлардың тозаңдарында кездеседі. Бір талшықты зооспора тозаңға т‰сіп, қабыққа оранады. Одан тозаңның ішіне қарай өте жіңішке нашар тармақталған ядросыз ризомицелийлер өседі. Бірақ өскеннен кейін ядро бөлінуі және көпіршік тәрізді клетканың ішіндегі заты зооспораларға ыдырайды да, клетка қабығының тесігі арқылы сыртқа шығады. Кейбір т‰рлерінде қатар жатқан екі клетканың қосылуы арқылы
тынышталған клетка зигота т‰зіледі. Сөйтіп мұнда зигогамиялы жыныс процесі байқалады.
Қозғалмайтын эвгленаларда полифаг (Polyphagus euglenae) саңырауқұлағы паразитті тіршілік етеді. Оның көпіршік тәрізді қабығы бар вегетативтік денесі, бірнеше эвгленаларды біріктіретін тарамдалған көптеген ризомицелилер т‰зеді.
Құрлысы к‰рделі хитридиомициттердің тарамдалған мицелилері ядросыз болып, бірнеше клеткалар арқылы созылып жатады, оның кейбір жерлерді бір немесе бірнеше бір ядролы клеткалардан томпиып ісінеді. Бұл клеткалар не жаңа ризомицулийлер береді, не зооспорангийге немесе спораларға айналады. Оған жылы жақтарда ж‰геріде паразитті тіршілік ететін физадерма (Rhysoolermal zegemaydis) жатады.