Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет32/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107
Крахмал дәндері. Өсімдіктің ең кең таралған және аса қажетті қорлық заттарының бірі. Крахмал дәндері барлық органдардың клеткаларында кездеседі, әсіресе олар өсімдіктің дәндерінде және түрі өзгерген жерасты сабақтарында (түйнектерінде, баданаларында, тамырсабақтарында) көптеп жиналады. Крахмал дәндері тек пластидтерде ғана түзіледі. Жоғарыда айтылғандай хлор-пластарда алғашқы крахмалдың дәндері пайда болады. Бірақта олар, бұл жерде көптеп жиналмайды. Ферменттердің көмегімен алғашқы крахмалдар қантқа айналады және глюкоза түрінде жапырақтан өсімдіктің басқа органдарына тасымалданады (яғни беріледі). Қанттың екінші рет крахмалға айналуы лейкопластарда жүреді (амилопластарда). Екінші рет крахмал дәндерінің түзілуі амилопластың стромасының белгілі бір жерінен басталады. Ондай жерлерді крахмалдың түзілу орталығы деп атайды. Крахмал дәндерінің өсуі жаңа қабаттардың пайда болуы арқылы жүреді. Іргелес қабаттарда (смежные слои) жарықтың сәулесінің сынуының көрсеткіштері әр түрлі болуы мүмкін, сондықтанда олар микроскоппен көрінеді. Қат- қабаттылық центрлес шеңберлі және эксцентрлі болып келеді. Крахмал дәндерінің өсуіне байланысты амилопластың стромасының көлемі кішірейеді және белгілі бір кезеңде оның қабатының жұқаратындығы сонша, оптикалық микроскоппен мүлдем көрінбей қалады. Бірақ та екінші реттік крахмал дәндерінің сыртында барлық уақытта екі мембраналы қабықшаның және строманың жұқа қабатының болатындығын естен шығармау керек.
Егер амиллопласта, айналасына крахмалдың қабаттары жиналатын бір орталық болса, онда қарапайым дәндер түзіледі. Ал егер екі немесе оданда көп орталық болса, онда күрделі дәндер түзіледі. Жартылай күрделі дәндер мынадай жағдайда пайда болады. Егер крахмал алдымен бірнеше нүктелердің айналасында жиналса, содаң соң қарапайым дәндердің шеттері түйіскеннен кейін барып, олардың айналасында барлығына бірдей ортақ қабаттар пайда болса. Крахмал дәндерінің көлемі үлкен мөлшерде ауытқып отырады. Мысалы, картопта олардың диаметрі 100 мкм. жетеді, бидайда және қарабидайда крахмал дәндерінің диаметрі 2-9 мкм. ден аспайтын, ұсақ түйіршіктерден 30-40 мкм.- ге дейін жететін үлкен дәндерге дейін болады, ал жүгерінің крахмал дәндерінің диаметрі 5- тен 30мкм. дейін барады.
Крахмал дәндерінің формасы, мөлшері, құрылысы өсімдіктердің әрбір түрлеріне, кейде тіптен әрбір сортқа ерекше тән болып келеді. Бұл жағдайды ұнның құрамына анализ жасағанда үнемі ескеріп отырады.
Шыны май тамшылары. Шыны май тамшыларының формасы сфера тәрізді болып келеді және олар гиалоплазмада жиналады. Олардың саны мен мөлшері клеткаларда ауытқып отырады. Шыны майының тамшылары барлық органдардың клеткаларында кездеседі, әсіресе дәндер мен жемістер оған аса бай болады.
Клетка қабықшасы. Өсімдіктердің клеткасының жануарлардың клеткасынан айырмашылығы сол, олардың жақсы жетілген, әдетте қатты қабықшасы болады. Клетка қабықшаларының жиынтығы өсімдікке мықтылық беретін, оның қаңқасын (скелетін) түзеді. Әртүрлі заттардың өсімдіктің бойына сіңірілуіне және тасымалдануына қабықшаның маңызы аса зор. Ол көп жағдайда протопластқа қарағанда ұзақ сақталады, соған байланысты тіпті өлі клеткалардың өзі әртүрлі қызметтер атқаруын тоқтатпайды.
Алғашқы қабықша. Алғашқы қабықша клетканың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Телофазаның соңына таман клетканың экваториалдық бөлі-гінде клеткалық табақша пайда болады, келешегінде ол орталық табақшаға айналады. Ол негізі-нен пектинді заттардан тұрады. Клеткалық табақшаға, әрбір жас клетканың протопласты алғашқы қабықшаны бөліп отырады. Оның қалыңдығы 0,1- 0,5 мкм. тең. Алғашқы қабықшаның құра-мына негізінен пектинді заттар, гемицеллюлозалар және целлю-лоза (барлығы 10-12 %), сонымен бірге көп мөлшерде су кіреді.
Қабықшаның түзілуі және оның өсуі Гольджи аппаратының және плазмаллеманың тіршілік әрекетіне байланысты болады. Алғашқы қабықшаның өсуі оған плазмаллеманың сыртынан синтезделетін целлюлозаның молекуласының және Гольджи көпіршігі жеткізетін аморфты пектинді заттардың өтуіне байланысты болады.
Екінші реттік қабықша. Алғашқы қабықшаның іш жағынан жаңа қабаттардың түзілуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдайда қабықша қалыңдап өседі, ал клетканың қуысының көлемі кішірейеді. Екінші реттік қабықшаның қалыңдығы клетканың арнайы мамандануына байланысты болады және 1 ден 10 мкм. арасында ауытқып отырады. Екінші реттік қабықша, әсіресе арқаулақ қызмет атқаратын клеткаларда қалың болады. Бойымен су жүретін клеткаларда екінші реттік қабықша сақиналар, спиральдар тәрізді бөлініп отырады, немесе қалыңдығы тегіс болмайды.
Екінші реттік қабықша негізінен целлюлозадан (90% дейін) және гемицеллюлозадан тұрады. Онда пектинді заттар мен судың мөлшері алғашқы қабықшаға қарағанда әлде қайда аз болады.
Целлюлозаның молекуласының параллель орналасуы, қабықшаның ішкі құрылысының жұқа жүйесін түзеді. Бірнеше ондаған жіп тәрізді молекулалар бірігіп мицеллалар түзеді, олардан микрофибриллдер пайда болады.
Микрофибриллдер қабықшаның негізгі құрылыстық бірлігі болып табылады. Микрофибриллдердің диаметрі 10-30 нм. тең, ал ұзындығы бірнеше микрометрге жетеді.
Микрофибриллдер фибриллдерге бірігеді. Фибриллдер дегеніміз оптикалық микроскоппен көрінетін ұзындығы 0,4-0,5 мкм.- ден аспайтын талшықтар немесе табақшалар. Паренхималық клеткалардың алғашқы қабықшасында және екінші реттік қабықшасында микрофибриллдер не клеткананың тік өсіне талшықты текстура, немесе оған перпендикуляр (сақиналы текстура), немесе бірқатар бұрыш түзіп (спиральды текстура) орналасады. Қабықшаның өсуі барысында микрофибриллдердің бағыты өзгеріп отыруы мүмкін, ол қабықшаның қат-қабаттылығын көрсетеді. Микрофибриллдердің арасында сұйық матрикс болады. Ол судан, пектинді заттардан және гемицеллюлозадан тұрады.
Целлюлозадан тұратын қабықшалар майысқақ және өте берік болады. Бірақта тіршілік процесінің барысында, ерекше қызмет атқаруына байланысты клетканың қабықшасының химиялық құрамы өзгеруі мүмкін. Ол қабықшаның физикалық қасиетінің өзгеруіне әкеліп соғады. Көп жағдайда алғашқы және соңғы қабықшаның матриксінде және орталық табақшасында лигнин жиналады. Бұл майысқақтылықтың жойылуына, қаттылықтың артуына, өткізгіштік қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай қабықшаларды сүректенген (ағаштанған) деп атайды. Бұлар арқаулық қызмет атқарады. Кейбір клеткалардың қабықшаларында липидтер болады - балауыз, кутин, суберин. Бұл заттар қабықшаның матриксімен қосылмай, бөлек қабаттар түзеді. Әдетте кутин мен суберин балауызбен бірге алма кезек ауысып келіп отыратын параллель қабаттар түрінде бөлінеді. Кутин клетка қабықшасының сыртқы жағынан бөлінеді және сыртқы ортамен шектеседі (кутикула), ал суберин - клетка қабықшасының ішкі жағынан бөлінеді және плазмадесмамен шектеседі. Балауыздың жеке өзі клетканың сыртқы қабықшасында қабаттар түзе алады. Липидтер клетканың үстінен судың булануын тежейді. Суберин суды және газдарды өткізбейді, сондықтан да ол жиналғаннан кейін протопласт өледі. Суберині бар қабықшаларды қасаңданған (тозданған) деп атайды. Клетканың қабықшасының матриксінде кристалдар түрінде минералды заттар жиналады. Бұлар көбіне кремнезем немесе кальцийдің тұздары болып келеді. Осы тұздардың қатысуының негізінде қабықша әрі қатты, әрі морт болып келеді. Клетка қабықшалары осындай болып келетін өсімдіктерді малдар нашар жейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет