Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет3/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Классификациясы. Көк-жасыл балдырлар үш класқа бөлінеді: хроококкалар класы (Chroococcophyceae), хамесифондылар класы (Chamaesіphonophycae), гормогониялар класы (Hormogonіophyceae).
Хроококкалар класына (Chroococcophyceae) мына туыстар жатады: глеокапса (Gloeocapsa), микроцистис (Mіcrocystіs), мерисмопедия (Merіsmopedіa); хамесифондылар класына (Chamaesіphonophycae) – дермокарпа (Dermocarpa), паширенема (Pascherіnema - Endonema), хамесифон (Chamaesіphon); гормогониялар класына (Hormogonіophyceae) – осциллатория (Oscіllatorіa), спирулина (Spіrulіna), лингвия (Lyngbya), анабена (Anabena), носток (Nostoc), толипотрикс (Tolіpotrіx), ривулярия (Rіvularіa), глеотрихия (Gloeotrіchіa). Таралуы және шаруашылықтағы маңызы. Көк-жасыл балдырлар өте өзгергіш және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді. Олар тұщы және теңіз суларында, топырақтың бетінде, топырақта, жалаңаш жар тастардың бетінде, қардың астында және ыстық қайнар бұлақтарда да өмір сүреді. Кейбір планктонды түрлері ыластанған сулардың көкшіл түске боялуына ("цветение") әкеліп соқтырады (анабена туысы- Anabena), ал екінші біреулері, шіру процесінің өнімдерін минерализациялап, суды тазартады. Көк-жасыл балдырлардың топырақта кездесетің түрлері - формидиум (Phormіdіum) және плектонема (Plectonema) ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті келеді. Ностоктың (Nostoc) колониясын қоршап тұратын шырышты заттарға, ауадағы азотты бойына сіңіретін бактериялар қоныстанады. Көптеген түрлері саңырауқұлақтармен селбесіп, қыналар түзеді.


ІІІ .ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ЯДРОЛЫ ПЛАСТИДТІ ТАРМАҒЫ (ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ АВТОТРОФТЫ ӨСІМДІКТЕР) - THALLOBІONTA EUCARYOTA.
Бұл тармақтың құрамына "балдырлар" деген жалпы атпен белгілі өсімдіктердің суда өсетін 9 бөлімі және қыналар бөлімі кіреді.

Б а л д ы р л а р (в о д о р о с л и) – A l g a e.


Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынын өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және колониялы балдырлар. Филогенез процесінің барысында, балдырлардың эволюциясы, бір клеткалы және колониялы формаларынан көпклеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциацияланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен (гигантский) өсімдіктерге дейін жеткен.
Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтылардан (жгутиковых-Flagellatae), яғни суда өмір сүрген 1-2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофилдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеретрофты) организмдер кездеседі. Бұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтанда көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын, жалғастырып тұратаын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет