Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет44/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107
Күнбағыстың сабағының сыртын, үлкен көп клеткалы түктері бар (трихомалары) эпидермис жауып тұрады, оның астында арқаулық ұлпа - колленхима орналасады. Колленхиманың астында алғашқы қабықтың паренхимасының аздаған қабаты жатады, ол эндодерманың иректелген қабатымен аяқталады. Паренхимада схизогендік смола жолдары болады. Сонымен, алғашқы қабық колленхимадан, негізгі паренхимадан, эндодермадан тұрады.
Алғашқы қабықтан өзекке қарай, орталық цилиндр орналасады. Ол шеңбердің бойымен қабықшасы жұқа паренхималық клеткаларымен алмасып келіп отыратын, склеренхиманың участкелерінен тұратын, перициклдік зонадан басталады. Склеренхиманың сілемдері (тяжи), қалай болса солай емес, коллатеральды сосуд- талшық шоқтарымен комплексте болады және олар шоқтың флоэмалық бөлігіне жанасып жатады. Шоқтары ашық, олар сабақтың айналасында бірқалыпты орналасды. Шоқтық камбийдің бірнеше иілген зонасы, шоқтың деңгейінен асып, шоқаралық камбийдің иілген доғасын түзеді. Камбийдің жалпақ зонасы оның белсенділігінің дәлелі.
Шындығында, екі айдың ішінде күнбағыстың сабағы 8-10 есе жуандайды. Шоқаралық камбий прокамбийден өткізгіш шоқтары түзілгеннен кейін, негізгі паренхимадан пайда болады. Осыдан кейін барып шоқтық камбийдің жұмысы басталады. Шоқаралық камбий жаңа өткізгіш шоғының элементтерін: сабақтың өзегіне қарай ксилеманы және шетіне қарай флоэманы береді. Біртіндеп ескі және жаңа шоқтар ұлғайып қосылады. Шоқаралық камбийдің белсенділігінің нәтижесінде шығыңқы өсінділері бар, өзекке және флоэманың тұтас қабатына өтіп жататын, камбийдің біртұтас қабаты пайда болады. Өзектің үлкен клеткалардан тұратын паренхимасы, сабақтың негізгі бөлігін түзеді. Құрылысы шоқтық болып келген, сабақтың алғашқы құрылысы, осыған дейінгі жағдайдағы секілді шоқтық болып келеді. Айырмашылығы камбийдің белсенділігіне байланысты болады. Шоқтық камбий соңғы флоэманың және соңғы ксилеманың элементтеріне, ал шоқаралық камбий тек өзектік сәулелерді түзетін паренхимаға айналады. Сонымен сабақтың соңғы құрылысында, өткізгіш ұлпалардың шоқ түзіп орналасуы сақталып отырады. Сабақтың мұндай құрылысын бірқатар, шөптесін өсімдіктерден кездестіруге болады (кирказон, асқабақ, сүйел шөп- чистотел және басқалар).
Кирказонның сабағының эпидермисі, кутикуламен жабылған болып келеді. Оның астында көбіне табақшалы, сиректеу бұрыштық колленхима орналасады. Паренхимасы қабықшасы жұқа, ірі клеткалардан тұрады. Олардың кейбіреулерінде друз түрінде қымыздық (щавель) қышқылы кальцийдің кристалдары болады. Алғашқы қабық қабаты эндодермамен аяқталады.
Орталық цилиндрдің сыртқы қабатының клеткалары - склеренхималар перициклден пайда болған. Сабақтың көлденең кесіндісінде склеренхималар көпбұрышты, бір-біріне тығыз жанасып жататын, қабықшалары қалың, қарапайым поралары бар клеткалардан тұрады. Склеренхималық шеңбердің ішкі шекарасы толқынды болып келеді. Шоқтың үстінде ол әдетте көтеріңкі, ал шоқтардың арасында ойыстау болып тұрады.
Коллатеральды өткізгіш шоқтары, шеңбердің бойымен, бір қатарға орналасады. Флоэмасы өзін қоршаған паренхимадан, біршама ұсақ клеткаларымен ажыратылады. Ол електі түтіктерден, серіктік клеткалардан және қабықшалары жұқа тін паренхималарынан тұрады. Шоқтың сыртында орналасқан алғашқы флоэманың түрі өзгеріске ұшырайды. Камбийден пайда болған соңғы ксилема, диаметрі үлкен түтіктерден (торлы- түтіктерден), сүректік талшықтардан және сүректік паренхималардан тұрады. Алғашқы ксилема өзекпен шекерада орналасады. Ол диаметрі кішкентай, аздаған сақиналы, спиральды түтіктерден және трахеидтерден тұрады.
Ксилема мен флоэманың арасында камбий зонасы жатады. Камбийдің шоқтары, алғашқы өзектік сәулелермен бөлініп тұрады. Дамудың соңғы фазаларында, өзектік сәулелердің паренхимасынанда камбий түзіледі. Шоқаралық камбийдің участкелері шоқтық камбиймен жалғасып, тұтас камбийлі шеңбер түзеді. Шоқаралық камбий тек өзектік сәулелердің паренхимасын береді.
Өзек сирек орналасқан паренхималық клеткалардан тұрады. Олардың да кейбіреулерінде друздар болады.
Қорыта келе атап өткен жөн, қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысы, ағаштармен бұталарға қарағанда алуан түрлі болып келеді. Оның өзі шөптесін өсімдіктердің жоғарғы деңгейде маманданғандығының белгісі болып есептелінеді. Шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысының ағаштардан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктеріне: феллогеннің болмауын немесе оның нашар жетілуін, паренхималық клеткаларының көп басым болуын, камбийдің қызметінің нашарлауын, механикалық ұлпалардың және кейбір өткізгіш ұлпалардың редукцияға ұшырауын жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет