Бөліп шығарушы клеткалар. Басқа ұлпалардың клеткаларының арасында шашыраңқы орналасады. Экскреттің жиналуына байланысты олардың протопластары өледі, ал клетканың қабықшасына оның ішкі жағынан суберин жиналады. Ол улы заттарды, айналасындағы клеткалардан, бөліп тұрады. Бөліп шығарушы клеткалар шайдың, лаврдың, жапырақтарында, баданның тамырсабақтарында және басқаларда болады.
Схизогендік және лизогендік қуыстар. Бұл қуыстар зат алмасуға уақытша қатыспайтын, өсімдіктің тіршілігінің көптеген соңғы өнімдерін жинау және оларды ұзақ уақыттар бойы сақтау үшін қажет. Олардың формалары домалақ немесе канал тәрізді болып келеді және мөлшері де әрқилы.
Схизогендік қуыстар, клеткалардың ығысуының нәтижесінде, олардың арасында пайда болатын бос кеңістіктерден түзіледі. Қуысқа жақын орналасқан тірі клеткалар эпителиальды клеткалар болып саналады және олар осы қуысқа экскреторлық заттарды бөліп шығарады. Схизогендік қуыстар өсімдіктердің әртүрлі топтарында болады, бірақ олар әсіресе жалаңаштұқымдыларға тән. Соңғыларының смола жолдарында бальзам (смоланың эфир майларындағы ерітіндісі) жиналады.
Лизогендік қуыстар экскреторлық заттарға толы клеткалардың тобының еріп кетуіне байланысты пайда болады. Олар цитрус тұқымдастарына тән.
Безді түктер. Эпидермистің клеткаларынан пайда болады. Оларда газ түрінде, сұйық және қатты формада әртүрлі экскреторлық заттар жиналады және өсімдіктердің денесінен сыртқа шығарылып отырады. Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақта өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұрғыдан тұрақты болады.
Шірнеліктер. Өсімдіктердің органдарының сыртына углевод- тардың ерітіндісін бөліп шығаратын бездер. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозаңдануын қамтамасыз ететін насекомдарды шақырады.
Гидатодтар. Бұл сулы устьицалар. Олар жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында орналасады.
Ұлпалардың классификациясы
Ұлпалардың аты
Жартылай топтарының аты
Орналасқан жері
Түзуші ұлпалар (меристемалар)
Жабындық ұлпалар
Негізгі ұлпалар
Арқаулық ұлпалар
Өткізгіш ұлпалар
Бөліп шығарушы ұлпалар
Төбелік немесе апикальды меристема (алғашқы)
Бүйірлік немесе латеральды меристема (екінші реттік)
Қыстырмалы немесе интерка-лиарлы меристема (алғашқы)
Зақымдық немесе травматика-лық меристема (екінші реттік)
Эпидерма (алғашқы)
Пробка немесе перидерма (екінші реттік)
Корка немесе ритидом (үшінші реттік)
Ассимиляциялық ұлпа
Қорлық ұлпалар
Сорушы ұлпалар
Аэренхима
Колленхима: бұрыштық, пластинкалық
Склеренхималар: тін талшықтары сүректік талшықтар
Склереидтер: тасты клеткалар тіректік клеткалар
Трахеидтер түтіктер(сосудтар)
електі түтіктер
Ішкі секрецияның ұлпалары: сүттіген түтікшелері бөліп шығарушы клеткалар схизогендік және лизогендік қуыстар
Сыртқы секрецияның ұлпалары: безді түктер шірнеліктер гидатодтар
Сабақ пен тамырдың ұштарында
Өстік органдардың ұзына бо-йында цилиндрдің бойымен
Жапырақтың буынаралық-тарының түп жағында
Органдардың зақымданған жерлерінде
Жапырақтардың, жас сабақтардың, жемістердің cыртында
Сабақ пен тамырдың көпжыл-дық бөліктерінің сыртында
Сабақ пен тамырдың ескір-ген бөліктерінің сыртында
Жапырақтарда, жас cабақтарда
Сабақтарда, тамырларда және олардың өзгерген түрлерінде
Тамырлардың сору зоналарында, тұқым жарнағында
Су асты органдарында, ауалық және тыныс алуға қажетті тамырларында және т.б.
Жас өстік органдарда, жапырақтарда
Өстік органдарда
Жапырақтарда, жемістерде
Ксилемада
Ксилемада
Флоэмада
Органдардың ішінде
Органдардың сыртында
Пысықтау сұрақтары: Ұлпа дегеніміз не? Ұлпалардың қандай топтары болады?
Меристемалық ұлпаның негізгі білгілері қандай? Меристеманың клеткаларына бөлінудің қандай түрі тән? Меристеманың клеткалары мен жапырақтың дифференцияланған клеткаларының құрылысында қандай айырмашылықтар болады?
Алғашқы меристема мен соңғы меристеманың айырмашылығы неде? Прокамбий дегеніміз не?
Қандай меристема органның ұзындыққа өсуін, ал қандайы жуандыққа өсуін қамтамасыз етеді? Камбий дегеніміз не? Өсімдіктердің органдарындағы жарақаттардың бітуі (жабылуы) қалай жүреді?
Неге эпидермисті алғашқы жабындық ұлпа деп атайды? Эпидермиспен өсімдіктің қандай органдары қапталып тұрады? Эпидермистің клеткасының құрылысының ерекшелігі неде?
Устьица аппараты қандай компоненттерден тұрады? Оның атқаратын қызметі қандай? Түйістіргіш (көмкерме) клеткалардың құрылысының ерекшелігі неде?
Эпидермистің қорғаныштық ролін қандай құрамдар күшейте түседі?
Қабық (пробка) қандай комплекстің құрамдық бөлігі болып есептелінеді?
Қыртыс (корка) қалай пайда болады және қандай гистологиялық элементтерден тұрады?
Негізгі ұлпа қандай клеткалардан тұрады? Негізгі ұлпа қандай қызмет атқарады?
Арқаулық ұлпаның атқаратын қызметі қандай? Арқаулық ұлпаның клеткаларының атқаратын қызметіне қарай, құрылысының негізгі ерекшеліктері қандай?
Колленхима неге өсімдіктің жас өсіп келе жатқан органдарына тән?
Склеринхиманың клеткаларының колленхиманың клетка-ларынан айырмашылығы неде? Сүректік талшықтардың, тін талшықтарынан айырмашылығы неде?
Склереидтің құрылысының ерекшеліктері қандай?
Қандай өткізгіш ұлпаларымен органикалық заттар, ал қандайымен минералдық заттар тасымалданады?
Сүзгілі түтіктер мен сосудтардың пайда болуында қандай ұқсастықтар бар? Сүзгілі түтіктердің сосудтардан қандай принциптік айырмашылығы бар?
Сосудтардың трахеидтерден айырмашылығы неде? Неге сақиналы және спиральды сосудтар өсімдіктің жас, өсіп келе жатқан органдарына, ал нүктелі, торлы- нүктелі, баспалдақты сосудтар біршама ескі органдарына тән?
Сүзгілі түтіктер мен сосудтар қанша уақыт өмір сүреді және олардың тіршілігін тоқтатуы немен байланысты?
Сосудтардың бунақты мүшелерінің қандайлары және сүзгілі түтіктердің мүшелерінің қандайлары қарапайым болып есептелінеді?
Флоэма мен ксилема қандай гистологиялық элементтерден тұрады?
Ашық және жабық өткізгіш шоқтарының бір- бірінен қандай принциптік айырмашылықтары бар? Флоэмасымен ксилемасының орналасуына қарай шоқтарды қалай классификациялайды?
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің сабақтары мен тамырларына қандай шоқтар тән?
Сүт жолдарының атқаратын қызметі не? Латекс дегеніміз не? Мүшелі сүт жолдарының мүшесіз сүт жолдарынан айырмашылығы қандай?
Бөліп шығарушы ұлпалардың қандайлары ішкі секрецияның ұлпаларына, ал қандайлары сыртқы секрецияның ұлпаларына жатады?