Тамыр жемістер кіндік тамырдан пайда болады. Олардың пайда болуына гипокотильде қатысады. Тамыр жемістерді мынадай бөліктерге бөледі: басжағынан - жапырақтары бар қысқарған сабақтық бөлігі; мойынға - гипокотильдің ұлғайып өсуінің нәтижесінде түзелетін, тамыр жемістің ең жуан бөлігі; нағыз тамырға, одан жанама тамырлар кетеді. Әртүрлі өсімдіктердің тамыр жемістерінің мойнының ұзындығы әртүрлі болады.
Тамыр жемістері монокамбиалды - камбийдің бір ғана қабатынан және поликамбиалды - камбийдің бірнеше қабатынан тұратын болып келеді. Монокамбиалды тамыр жемістердің біреулерінің тамыр жемістерінің көп бөлігін екінші реттік қабық алып жатады, осы жерде артық қор заттары жиналады (сәбіз), ал екінші біреулерінің екінші реттік қабығы кішкентай болады, ал тамыр жемістерінің көп бөлігін ксилема алып жатады, онда артық қор заттары жиналады (шалқан- репа). Поликамбиалды тамыр жеміс қант қызылшасында түзіледі. Құрылысы мұндай тамыр жемістің ортасында диархты алғашқы ксилема орналасады, оған паренхиманың радиальды учаскелерінен бөлінген соңғы ксилеманың екі участогі тиісіп жатады. Камбий ксилеманы қоршап тұрады. Оған сырт жағынан соңғы флоэманың участкелері тиісіп тұрады. Сонымен қант қызылшасының соңғы құрылысы басқа тамыр жемістердің соңғы құрылысымен бірдей. Екінші реттік өзгерудің артынша үшінші реттік өзгеру жүреді. Соңғы флоэманың айналасында, тамырдың шет жағында перициклдің клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде паренхималық клеткалардың қабаты пайда болады. Осы қабатта клеткалардың бір қатары тангентальды перделермен бөліне бастайды да, камбийдің жаңа қабатына айналады. Камбийдің бұл қабаты ішке қарай ксилеманы, ал сыртқа қарай коллатеральды шоқ түрінде флоэманы бөліп шығарады. Бұлар бір-бірінен қабықшалары жұқа болып келетін паренхималардың қабатымен бөлініп тұрады. Сонымен бірге паренхиманың шеткі қабаттарында камбийлі клеткалардың жаңа шеңбері түзіліп отырады және тағы басқалар.
Тамырдың түйнектері (тамырдың түйіндері) артық қор заттары бүйірлік және қосалқы тамырларда жиналған жағдайларда ғана түзіледі. Тамырдың түйнектерінде көп жағдайда қосалқы бүршіктер болады, солар арқылы өсімдіктердің вегативтік көбеюі жүзеге асады.
Микориза. Тамырдың ұштарын олармен бірге симбиозда селбесіп өсетін саңырауқұлақтардың жіп шумақтарын (гифаларын) микориза деп атайды.
Микоризаның үш типін ажыратуға болады :
1) сыртқы немесе эктотрофты микориза, бұл жағдайда саңырау-құлақтың жіп шумақтары тамырды тек сыртынан тығыз қоршап тұрады;
2) сыртқы - ішкі немесе экто-эндотрофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тамырдың клеткала-рына аздап еніп тұрады;
3) ішкі немесе эндотропты микориза, бұл жағдайда саңырау-құлақтың жіп шумақтары тек тамырдың клеткаларының ішінде өмір сүреді. Эктотрофты микориза көп жағдайда ағаштар мен бұталарда, ал эндотрофты микориза шөптсін өсімдіктерде болады. Саңырауқұлақтың жіп шумақтары өсімдіктің тамырына өтіп, оның ұлпаларындағы органикалық заттармен қоректенеді, сонымен бірге оған суды және онда еріген минералдық тұздарды жеткізіп отырады. Саңырауқұлақтардың клеткасында болатын ферменттер, топырақтағы органикалық заттарды минералды заттарға айналдырады, сөйтіп оларды өсімдіктердің сіңіруіне мүмкіндік жасайды. Микориза табиғатта өте кең тараған.
Түйнектер. Бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктердің тамырларына ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті ризобиум (Rhіzobіum) туысына жататын ерекше бактериялар қоныстанады. Бактериялар өсімдіктердің органикалық заттарымен қоректенеді, ал өсімдіктер бактериялар синтездеген азоттық қосылыстарды бойына сіңіреді. Бактерияның тамырға енуі оның қабықтық бөлігінің ұлпаларының ұлғайып өсіп, түйнектер деп аталынатын, ісік тәріздес буылтық түйнектердің пайда болуына әкеліп соғады. Бактерияға толған (бактериялы ұлпа) клеткалар, бактериялы ұя түзіп топтасып орналасады. Түйнекте бір немесе бірнеше осындай ұялар болуы мүмкін.
Сабақ Сабақ қалыпты жағдайда шексіз өсетін полисимметриялы өстік орган болып табылады. Оның ұзындыққа өсуін төбелік және қыстыра меристемалары қамтамасыз етеді. Бұтақтануы және бүршіктерінің пайда болуы сырт жағынан (экзогенно) жүзеге асады. Сабақта жапырақтар мен бүршіктер орналасады.
Сабақ жапырақтар мен тамырдың арасын байланыстырып тұрады, жақсы жетілген ассимиляциялық системаның түзілуіне мүмкіндік туғызады және жапырақтардың оларға күннің сәулесі жақсы түсетіндей жағдайда орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге сабақ артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады.
Ағаштардың сабақтары мен тамырлары 4-6 мың жыл өмір сүре алады (мамонт ағашы, айдахар ағашы). Кейбір шөптесін өсімдіктердің сабағы 30-45 күн ғана өмір сүреді (эфемерлер).