Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


VІІ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтылар тармағы -



бет66/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   107
VІІ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтылар тармағы - Cormobіonta GYNOECІATAE

  • Жабық тұқымдылар бөлімі - (магнолилар) - Angіospermatophyta (Magnolіophyta)

  • Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтылар тармағы - Cormobіonta gynoecіatae

  • Жабық тұқымдылар, немесе магнолиофиттер бөлімі (покрытосеменные, или магнолиофиты) - Angіospermatophyta, Magnolіophyta

ДӘРІС 10. ЖАБЫҚТҰҚЫМДЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
Түрлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін барады. Бұл жер бетіндегі қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.
Құрылысы. Спорофиттерінің өмірлік формасы – ағаштар, лианалар, бұталар, шөптесін өсімдіктер (бір-, екі,- және көпжылдық). Вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысы олардың гистологиялық элементтерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұларда трахеидтермен бірге түтіктері де болады. Жабық тұқымдылардың өмірінің ұзақтығы әрқилы, 2-3 аптадан бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жылдың қолайсыз мезгілдерін басынан өткізуге мүмкіндік беретін түрі өзгерген жер асты вегетативтік органдары - түйнектері, баданалары, тамырсабақтары болады.
Көбеюі. Спорофитте гүлдер пайда болады, ал оларда микро-және мегаспоралар жетіледі. Споралары спорангилерінің ішінде өсіп гаметофиттерге айналады. Аталық гаметофит- тозаң, екі клеткадан, ал аналық гаметофит-ұрық қабы, сегіз клеткадан тұрады. Жыныстық процестің нәтижесінде тұқымбүрінен дән, ал гүл түйінінен (жатыннан) және гүлдің басқада бөліктерінен жеміс пайда болады. Гүлдің құрылысы, микро – және мегаспорогенез, аталық және аналық гаметофиттердің түзілуі, тозаңдануы мен ұрықтануы 3- тарауда толығынан берілген. Жабық тұқымдылардың өмірлік циклы.
Гүлдің шығу тегі. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүлдің пайда болуының үш түрлі теориясы белгілі.
Олардың ішіндегі ең белгілілерінің бірі Р.Веттштейннің псевдант (гректің Pseudos-жалған, anthos-гүл) теориясы. Бірақ бұл теорияны қазіргі кезде тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар деп айтуға болады. Р.Веттштейннің тұжырымдауы бойынша барлық жабық тұқымдылардың ішіндегі алғашқысы және ең қарапайым гүлге ие болғандары бір жабынды өсімдіктер (Monochlamydeae). Оларға шамшатгүлділер, қайыңгүлділер, талгүлділер және басқа да тұқымдастар жатады. Бұл тұқымдастардың гүлдері ашық тұқымдылардың стробилдері ( бүршіктері - шишки) секілді аталық және аналық болып бөлінеді. Әсіресе бір жабынды өсімдіктердің гүлдері ашық тұқымдылардың ішіндегі қылшаның (эфедраның) шоғырланып жиналған стробильдеріне ("соцветиях") ұқсас. Мысалы, Австралия казуаринінің аталық гүлін қылшаның микроспорофильдерінің шоғырынан пайда болған деп айтуға болады, егерде гүлдің жабындық қабыршақтарының көптеген модификациясы болады деп қарастырар болсақ.
Казуариннің аталығының жіпшелері екіге бөлінген, оның өзі гүлдің жабынының қабыршақ тәрізді екендігін және қылшамен (эфедрамен) казуариннің жақындығын көрсетіп тұрғандай. Одан әрі жабындық қабыршақтарының түгелдей редукцияға ұшырауына және аталықтарының бірігіп кетуіне байланыстыбір жабынды өсімдіктерге тән аталық гүл пайда болған. Олай болса аталық гүл гүлшоғырынан пайда болады. Басқаша айтқанда аталық гүл псевдаций (грек. псевдо- жалған; антос - гүл) болып саналады; бір жабынды өсімдіктердің гүлінің гүлсерігі өзінің шығу тегі жағынан микростробилдердің жабындық жапырақшалары болып табылады. Осылай деп түсінген (ұғынған) жағдайда жабық тұқымдылардың аталықтарының, гүлсерігінің жапырақшаларының араларына емес, оларға неге қарама-қарсы орналасқаны өзінен-өзі түсінікті болады. Жоғарыда сипаттағандай қылшаның (эфедраның) аталық "гүлшоғырының" казуариннің аталық гүліне айналуы жабық тұқымдылардың гүлінің пайда болуының алғашқы кезеңі болып табылады.
Екінші кезең аталықтарының санының артуымен сипатталады, әрине бұл жағдайда аталықтардың гүлсерігі жапырақшаларына қарама-қарсы орналасуы толық сақтала қоймайды.
Үшінші кезеңде аталықтардан күлте жапырақшалар пайда болады, ал оған дейінгі пайда болған гүлсерігі тостағанша жапырақшаға айналады.
Жабық тұқымдылардың аналық гүлдері ашық тұқымды-лардың аналық "гүлшоғырынан" немесе "гүлдерінен" (стробилдерінен) пайда болған. Екі ашық жеміс жапырақшалардың бір жабық аналыққа біріккені және қабыршақтарының редукцияға ұшырағаны байқалады.
Р.Веттштейннің теориясының ең маңызды жері сол, ол аталық гүлдің үшінші кезеңде қосжынысты гүлге айналғандығын көрсеткендігі. Өйткені насекомдардың өсімдіктерге қонғаны сонда пайдалы, егер олар тек аталықтарға ғана емес, сонымен бірге аналықтың да аузына тисе. Сұрыптау бір гүлде аталықтарының да және жеміс жапырақшаларының да болатындығын көрсетіп отыр.
Р.Веттштейннің жорамалдауы бойынша, егерде бір жабынды өсімдіктердің аталық гүлі ашық тұқымдылардың "гүлшоғырынан" емес, стробилінен пайда болған болса, онда мұндағы аналықтың (гинецейдің) қайдан пайда болғанын түсіндіру қиынға түскен болар еді. Сонымен қосжынысты гүл күрделі синтетикалық процестердің негізінде пайда болған.
Р.Веттштейннің пікірі бойынша барлық жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығады, ең қарапайым жабық тұқымдылардың гүлдерінің құрылысы қарапайым және бір ғана гүлсерігінен тұрады, немесе гүлсерігі жоқ, көп жағдайда дара жынысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет