Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет73/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Гүл түйіні гүлдің басқа бөліктеріне қатынасына қарай жоғарғы және төменгі болып келеді. Жалпақ, дөңес немесе ойыс болып келген гүл тұғырына гүлдің қалған мүшелері бос орналасса және гүл түйіні тек жеміс жапырақшалардан түзілсе, онда мұндай гүлдің гүл түйіні жоғарғы болып келеді. Мұндай гүл түйінің препаральды инемен оңай бөліп алуға болады. Төменгі гүл түйінінің түзілуіне, жеміс жапырақшаларымен қатар, гүлдің басқада бөліктері қатысады (көп жағдайда тостағанша жапырақшалар мен күлте жапырақшалардың түп жағы және аталықтары, сиректеу гүл тұғыры). Яғни гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері жеміс жапырақшаларымен бірге гүл түйінімен бірігіп кетеді. Сондықтанда мұндай гүл түйінің гүл тұғырынан препаральды инемен ажырату мүмкін емес. Гүл түйіні жартылай төменгі болып келген гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері гүл түйінімен, кем дегенде түп жағымен біріккен болып келеді.
Бір- бірімен қарым- қатынаста болатын ұялардың санына байланысты, гүл түйіні бір ұялы (егерде ұялар бір- бірімен қарым- қатынаста болса), екі ұялы, көп ұялы болып келеді.
Гүл түйінінің ішінде тұқым бүршігі (семяпочка) пайда болады. Тұқым бүршігінің гүл түйінінің қабырғасына бекінетін жерін "плацента" деп атайды. Тұқым бүршігі плацентаға тұқымаяқшасы (фуникулус) арқылы бекініп тұрады. Тұқым бүршігін сыртынан екі жабындық қабат жауып тұрады. Сыртқы қабаты "интегумент" деп аталынады, оның жоғарғы жағы қосылмай тозаң кіретін тесік қалдырады (микропиле). Тұқым бүршігінің түп жағы "халаза" деп аталынады, ол тұқым бүршігінің тозаң тесігіне қарама-қарсы ұшында орналасады. Жақсы жетіліп қалыптасқан тұқым бүршігінің интегументінің астында көп клеткалы ұлпа "нуцеллус" (мегаспорангии) орналасады. Оның клеткаларының біреуі археоспоральды клеткаға айналады. Одан төрт мегаспора түзіледі. Оның біреуі өсе келе сегіз ядролы ұрық қалтасына айналады.
Гүлдің формуласы мен диаграммасы
Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде мынадай белгілерді пайдалану қажет: тостағанша жапырақша (Calyx)- Ca, күлте жапырақша (Corolla)-Co, аталықтары (Androeceum)- A, аналықтары (Gynoeceum)- G, қарапайым гүлсерігі (Perіgonіum)- P. Гүлдің типтерініңде шартты (условные) белгілері болады: қос жынысты- o(бұл белгіні әдетте формуладан алып тастайды), аналық гүл-n , аталық гүл- o, дұрыс гүл (актиноморфты)-, бұрыс гүл (зигоморфты)- немесе , ассимметриялы (ассимметричный)- .
Гүлдің әрбір бөлігінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5- жапырақшалы күлте- Со5, 6- мүшелі андроцей- А6), егерде олардың саны бір түрдің әртүрлі особьтарының гүлдерінде тұрақты болмаса (әдетте 12-ден көп болса)- шексіздікпен (немесе) белгілейді.
Гүлдің жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткен жағдайда, олардың цифрмен берілген саны жақшаға алынады (біріккен 5- мүшелі күлте- Со(5), екі ағайынды андроцей- А(9)+1). Егерде тостағанша, күлте, андроцей бірнеше шеңбер түзіп орналасса, онда жекелеген шеңберлердің мүшелерінің санын көрсететін цифрлардың арасы + белгісімен байланыстырылады (Со(5+5)).
Формулада гинецейді түзетін жеміс жапырақшалардың саны көрсетілуге тиісті. Егерде жеміс жапырақшалары бірнешеу болса, онда олар бір- бірімен біріккен бе (ценокарты гинецей) немесе бірікпей әрқайсысы жеке аналық түземе (апокарпты гинецей), гүл түйінінің орналасуы қандай - жоғарғы ма немесе төменгі ме соларға көңіл бөліп, дұрыс белгілеу қажет (үш жеміс жапырақшадан тұратын, гүл түйіні төменгі ценокарпты гинецей- G(3), бір мүшелі, гүл түйіні жоғарғы гинецей- G1). Сонымен, қалтагүлдің (калужница) формуласын былай жазуға болады: Р5 А G-, алманың формуласын- Са(5) Со(5)А G(5), асбұршақтың формуласын- Са(5) Со3+(2) А(9)+1 G1.
Гүлдің құрылысы жөнінде бұдан да толығырақ ұғымды диаграмма береді, ол дегеніміз гүлдің өске перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы проекциясы болып табылады. Диаграмма гүлдің бөліктерін және олардың мүшелерінің санын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге олардың өзара орналасу ерекшеліктерін де көрсетеді. Ыңғайлы болу үшін диаграмманы орналастырудың барлық гүлге бірдей тәсілі қолданылады: гүл шоғының өсін жоғарғы жағына, ал жабындық жапырақты төменгі жағына орналастырады. Гүлдің жекелеген мүшелері бір- бірімен біріккен болса, онда олардың арасын доғамен немесе түзу сызықпен қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет