Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет77/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107
Жаңғақша - перикарпиі қатайып сүректенген, бір тұқымды, жоғарғы гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Апокарпты гинецейден топтасқан жаңғақша (сборный орешек) пайда болады. Филогенетикалық тұрғыдан қарағанда, көп жағдайда жаңғақшалар көп тұқымды жемістердің, тұқым бүршігінің (семяночка) редукцияға ұшырауының нәтижесінде пайда болған (сарғалдақ - лютик, эспарцет, қияқ-осока).

2. Жаңғақ - перикарпиі қатайып сүректенген бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Оның түп жағы біріккен жабындық жапырақтардан пайда болған тостағанша тәрізді қосымшамен (плюска) қапталған болып келеді (лещина).
3. Шошқа жаңғақ (желудь) - перикарпиі сүректенген, бірақ онша қатты болмайтын, бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған жеміс. Оның түп жағы тостағанша тәрізді қосымшамен (плюска) қапталған болады.
4. Тұқымша (семянка) - екі жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болған, қауыз тәрізденген перикарпиі тұқыммен тұтаспаған, бір тұқымды құрғақ жеміс (күнбағыс, бақбақ және т.б.).
5. Дән (зерновка) - құрғақ, бір тұқымды, перикарпиі тұқыммен тұтасып бірігіп кеткен жеміс; ол бір жеміс жапырақшасынан тұратын, жоғарғы гүл түйінінен пайда болады (бидай, қарабидай, арпа және т.б.).
6. Қанатты жеміс (крылатка) - екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, перикарпиі тұқыммен бірікпеген, қауыз немесе жарғақ тәрізді қанатшаға ұқсас өскін беретін, екі ұялы құрғақ жеміс (үйеңкі - клен, шаған-ясень).
Шырынды жемістер жоғарыда айтылғандай жидекті жемістер және сүйекті жемістер болып екіге бөлінеді.
Жидекті жемістерге (жидек тәрізді жемістер) перикарпиі етженді болып келетін, көп жағдайда көп тұқымды жемістерді жатқызады.
Бұған жататындар:
1. Жидек (ягода) - перикарпиінің жұқа экзокарпасынан басқа бөлігінің барлығы шырынды және етженді болып келетін жеміс (картофель, банан, виноград, помидор).

  1. Алма (яблоко) - бұл жемістің дамып жетілуіне гүл түйінінен басқа аталықтары мен аналықтарының түп жағы және гүл тұғыры қатысады (алма ағашы, алмұрт).

3. Асқабақ (тыквина) - гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдің, үш жеміс жапырақшасынан пайда болған, экзокарпиі қалың, қасаңданған жеміс. Жемісінің етженді бөлігі, негізінен тұқымның жатынға бекінген жерінің ұлғайып өсуінің нәтижесінде қалыптасады (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр).
4. Гесперидий, немесе померанец- экзокарпиінде эфир майлары жиналатын жері бар; мезокарпиі құрғақ, борпылдақ, ақ түсті; эндокарпиі шырынды, етженді болып келетін жеміс (лимон, апельсин, мандарин).
5. Гранат - бұл екі қабат (ярус) түзіп орналасатын, төрт жеміс жпырақшасынан тұратын, төменгі гүлтүйінінен пайда болатын жеміс. Жемістің сыртқы қабығы көн тәрізді , ал тұқымның сыртқы жабыны әрі етженді, әрі шырынды болып келеді (гранат ағашының жемісі).
Сүйекті жемістерге бір тұқымды, эндокарпиі қатты, сүректенген жемістер жатады:
Сүйекті жемістер ( костянка) - көп жағдайда төменгі бір немесе көп ұялы гүл түйінінен пайда болған, перикарпиі жұқа экзокарпиге, етженді мезокарпиге және азды-көпті қалың, сүректенген эндокарпиге дифференциацияланған жеміс. Бір сүйекті жемістерге грек жаңғағы, өрік, шие, алхары, шабдалы және тағы басқалар мысал болады. Көп сүйекті жемістерге таңқурай (ежевика, малина) жатады, ол апокарпты гинецейден пайда болады. Сонымен бірге апокарпты гинецейден, сиректеу құрғақ сүйекті жеміс пайда болады (кокос пальмасы).
Жоғарыда келтірілген жемістердің бірқатары апокарпты гинецейдің жекелеген аналықтарынан пайда болады. Мұндай апокарпты жемістерді көп жағдайда жиынтық жемістер деп атайды (сборные плоды). Бұларға көп таптама (шөмішгүл - водосбор), көп жаңғақша (сарғалдақ- лютик), көп сүйекті жемістер (таңқурай - ежевика, малина) жатады.
Бөлшекті жемістер ( дробные плоды). Бұларға пісіп жетілген кезінде жеміс жапырақшаларына, немесе олардың тікесінен алынғандағы жартысына дәл келетін (мирикарпий) кейбір тұқымдастардың құрғақ ценокарпты, көп тұқымды жемістері жатады (шатыршагүлдер тұқымдасына жататын вислоплодник, төрт жаңғақшаға бөлініп кететін ерінгүлділердің жемістері, үйеңкінің - кленнің екі қанатшалы жемісі).
Бунақты жемістер (Членистые плоды). Бұларға пісіп жетілген кездерінде, көлденең перделері арқылы бір тұқымды бунақтарға бөлініп кететін жемістер жатады (жабайы шомыр- дикая редька, тиындық-копеечник).
Кейде жалған жемістер деп бөледі. Оларға жемістерінің түзілуіне гинецей ғана емес, сонымен бірге гүлдің басқада бөліктері қатысатын (мысалы, гүлтұғыры) жемістердің барлығын жатқызады (бүлдірген - земляника, алма).
Табиғатта мұндай жемістердің көп кездесетіндігі сонша, оларды жеке топқа бөліп қарау тиімсіз.
Біріккен жемістер (соплодие). Бұларға бір-бірімен біріккен бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүлшоғынан пайда болатын жемістерді жатқызады (тұт, инжир,ананас).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет