Резервті қалыптастыру туралы жалпы талаптар. Компанияның дамуы, басқарудың барлық буындарындағы жұмыстың, нарықтық қатынастар жағдайында өндірістік, экономикалық және әлеуметтік көлемде жетекшілер мен мамандар жұмыс жасау анықталады.
Кадрлар резервімен жұмыс жасау кадрлық әлеуеттің әбден дамуын, қызмет етуін барлық саладағы өзгерістерді дәл сезіне алатын және қазіргі заманда тиімді жұмыс істеу қабілеті, кәсіпкерлік бейнесі бойында бар жетекшілер мен мамандардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Резервтің бар болуы ұйымға жоспарлы түрде оқытуды және тарбие алуды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыскердің кәсіби бейімделу мерзімін қысқартады, басқару процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, жеткіліксіз дайындалған жұмыскерлерді барынша дайындалғандармен дер кезінде ауыстыруға мүмкіншілік береді.
2. Резервке үміткерлерді таңдаудың жалпы қағидалары.Резервке үміткерлерді таңдау үшін ғылыми дәйекті бағалау және жұмыскерлерді жұмыс орнында дұрыс ауыстыру және дұрыс пайдалану туралы әдістерін қатаң қолдану негізінде төмендегідей жүзгеге асырылады:
Нақты ұжымда маманның белгілі бір қызметке тұрудың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау
Маманмен жекеше қарым-қатынас жасаудан және тікелей басшысынан, бағынышты әріптестерден алынған маман жайлы мәліметтерді зерттеудің нәтижесі
Қоғамдық ұйымдардың ой-пікірі
Жеке іс қағаздарын зерттеу нәтижесі
ақыл-ой және денсаулық мүмкіндіктері
жауапкершілік
еңбек жағдайлары.
Резервті қалыптастырудың тәртібі мен әдістемесі.Резервті қалыптастыру келесі кезеңдерді орындау нәтижесінде жүзеге асырылады:
дайындық жұмысы
сарапшы топтардың барлық қызметкерлерінің сапасын бағалауы
жұмыс бабында сол лауазымға қойылатын талаптарға сай жаксы баға алған және іс-әрекеті бойынша жақсы нәтижеге жеткен үміткерлерді резервке қосуды атап көрсету
қызметкерлерді резервтің қатарына қосу туралы шешім қабылдау.