Резервті қалыптастыру кезеңдері-дайындық жұмысы, эксперттік топтардың барлық қызметкерлердің сапасын бағалауы, жұмыс бабында сол лауазымға қойылатын талаптарға сай болатын жақсы баға алған және іс-әрекетті бойынша жақсы нәтижеге жеткен үміткерлерді резервке қосуды атап көрсету.
Тәуелсіз төрешілер әдісі-адамдарды бұрын таныс болмаған тұлғалардың «кері сұрақтар» негізінде бағлауды білдіреді.
Уақыт мөлшері-сәйкес біліктілігі бар бір адам немесе жұмысшы тобының бірлік жұмыскерлердің жұмысты орындауға жұмсаған қоғамдық қажетті уақыт шығыны.
Үміткердің жеке басының сапасына қойылатын талаптар-тапқырлық,кез келген жағымсыз жағдайлардан шығудың жолын табу, төзімділік, белгілі бір уақытта бір сарынды жұмысты орындау қабілеттілігі, байланысқа бейімділігі, ұжымда жұмыс істеу икемділігі, тартымдылығы, тазалығы, байсалдығы, тәрбиелігі, мақсатқа жетудегі табандылық және тілекке сәйкес нәтижеге жетудегі талпынысы, сыпайылығы, өз міндетін беріле орындауы, бастаған істі аяғына жеткізуі, нақты нәтиже ала білуі.
Ұйымдастырушы әкімдік әдістері - еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті, адамның белгілі бір бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларда еңбек ету керек екенін түсінген саналы уәжге бағытталған.
Х теориясы-төмендегілерді тұжырымдайды: адам жалқау, жұмыстан қашуға тырысады, адамдарды жұмысқа мәжбүрлеу керек, олар өздерін басқарғанын қалайды, олар жауапкершілікті қаламайды, өзгерістерге шыдамайды, оларға сенуге болмайды.
Шешуші жағдайлар әдісі-көбінесе орындаушыларды бағлауда қолданылады, ол жұмыскердің белгілі бір жағдайларда дұрыс және дұрыс емес мінездерін бейнелеп, оларды жұмыстың сипатына қарай бөлуге негізделген.
Ынталандырудың мақсаты - адамды жұмыс істеуге ықпал жасау емес, оны еңбек қатынастарында көрсетілген талаптарды одан да жақсырақ істеуге түрткі болу.
Іскерлік мансапты,қызметтік кәсіби жоғарылатуды жоспарлау - жұмыскерді ұйымға қабылдаған уақыттан бастап, жұмыстан шығады-ау деген уақытқа дейін оның қызметі немесе жұмыс орнының жүйесі бойынша жоспарлы түрде көлденеңінен және тігінен жылжуын ұйымдастырудың қажеттілігінен тұрады.
Экономикалық әдістер - қызметкерлерді экономикалық ынталандыруына негізделсе, ал әлеуметтік-психологиялық әдістер оның әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатында қолданылады. Экономикалық әдістердің көмегімен ұжымның, жеке жұмыскерлердің материалды ынталандыруы орындалады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |