Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет2/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
person bask lektsiya

Персоналды басқару жүйесі. Персоналды басқару жүйесі персоналдарды басқару мақсаттарының, функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау үдерістерінде мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен атқарымдық өзара байланыстардың қалыптасуынан тұрады. Персоналды басқару функциялары жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару жүйесі деп аталады.
Ұйымдағы персоналды басқару жүйесі ұйымды бүтіндей және оның жеке бөлшектерін басқаруды орындайтын атқарымдық, қамтамасыздандырушы ішкі жүйелерден тұрады:

  • Персоналды жоспарлау және маркетинг

  • Персоналды жалдау және есепке алуды басқару

  • Еңбек қатынастарын басқару

  • Бір қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі

  • Персоналды дамытуды басқару

  • Персоналдың мінез – құлқын басқару

  • әлеуметтік дамытуды басқару

  • персоналды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыздандыру

  • персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандыру

  • персоналды басқару жүйесін техникалық қамтамасыздандыру.

Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы – бұл персоналды басқару жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы.
Персоналды басқарудың екі бағыты бар:

  • бизнестің стратегиялары шеңберінде ұйым мен жұмыскерлер арасындағы қарым- қатынасты реттеу негізінде ұйымның бәсекеге қабілеттілік жағдайлары мен ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

  • ағымдағы персоналдық жұмыстар жүргізіледі.; персонал қажеттілігінің қазіргі жағдайы мен жоспарлауы, штаттық кестелерді жасау, персоналды бағалау және іріктеу, таяудағы кадрлық ауысымдарды, жұмыстан босатуды жоспарлау, біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау және т.б.

Персоналды басқару - ұйымды қажетті өндірістік тәртіпті сақтайтын, өндірістік функцияларды қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру, қайта даярлау функцияларын атқарады. Кәсіпорын персоналын басқару өзара байланысқан іс-әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:
- кәсіпорын іс-әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау
- еңбек нарығын талдау және бейімдеу
- кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың кәсіби және әкімшілік өсуін жоспарлау
- өндірістік үдерістерді ұйымдастыру, еңбек шығындарын талдау, әр түрлі топтардағы персонал саны арасындағы тиімді қатынасты бекіту
- еңбек өнімділігін басқару
- еңбекақы төлеу жүйесін жобалау
- кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру
- дау-жанжалдан сақтану және болдырмау.
Персоналды басқару әдістері – бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық обьектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет