Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі


Қазіргі американдық менеджмент тарихи үш алғы шартқа негізделеді



бет50/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Байланысты:
person bask lektsiya

Қазіргі американдық менеджмент тарихи үш алғы шартқа негізделеді:
1) нарықтың бар екеніне;
2) өндірісті ұйымдастырудың индустриалды тәсіліне;
3) корпорацияны – кәсіпкерліктің негізгі формасы деп қарауға.
Қазіргі американдық менеджмент моделі – жеке кәсіпкерлікті корпорация ретінде қарайтын ұйымдық-құқықтық формаға бағытталған.
Менеджменттің қазіргі теоретиктері АҚШ-та басқарудың үш революциясы орын алды деп санайды:
Бірінші революция басқаруды өндірістен бөліп, оны басқару іс-әрекетінің ерекше түрі деп қараумен байланысты.
Екінші революция менеджерлердің, яғни ерекше мамандық иелерінің пайда болуымен байланысты.
Үшінші революциясы ретінде американдық авторлар: кәсіби маман еместерді басқару ісіне тартуды атайды.
Соңғы 50 жыл бойы АҚШ әлемдік экономиканың лидері саналып келді: еңбек өнімділігі артып отырды, экономикалық көрсеткіштер жақсарды, халықтың табысы өсті, үкімет кең көлемде инновациялық саясат жүргізді, технологияларды жиі ауыстырып тұрды, жаңалықтарды көптеп енгізу бағытын қолдап отырды және т.б. Алайда соңғы кезде дүние жүзінің басқа дамыған мемлекеттерімен (Германия, Жапония т.б.) салыстырғанда, АҚШ-та экономикалық төмендеу байқалып келеді.


2. Басқарудың финдік, шведтік модельдерінің дамуы және олардың басқа елдерге ықпалы. Соңғы мақсатқа жетуді алдына міндет қойған фин компаниялары басшылығының басқару моделі – «Нәтижеге қарай басқару» деген атқа ие болды. Бұл жерде мақсат сандық көрсеткішке қарап анықталады (сату көлемі, табыс, рентабельдік).
«Нәтижеге қарай басқару» деген түсінікке: ұйымның барлық мүшелерімен ақылдасып, келісілген және, сонымен бірге, шаруашылық жағдайдың ерекшеліктерін, адамдардың шығармашылық қабілеттерін, басқарудың әр түрлі стилі мен техниканы да тиімді пайдаланудың арқасында нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатын – басқару мен дамудың жиынтық жүйесі деген анықтама беруге болады. Нәтижеге қарай басқару – әрбір жеке ұйымда өзінше бірегей және сол ұйымға ғана тән болып келеді. Нәтижеге қарай басқаруда бастысы – жоғары басшылық орындаушылармен және жұмысшылармен бірлесе отырып мақсат қойған нәтижеге қалай қол жеткізуге болатынын анықтайды. Нәтижені анықтап алған соң, оған қалай қол жеткізуге болатын жолдарды қарастырады да, оны орындайтын адамдар – соған қажет жолдар мен әдістерді өздері таңдап алды.
Бұл жерде басты нәтижелерді бағалау әр түрлі деңгейде жүргізіледі:
1) фирма жұмысының тиімділігін және өндіріс шығындарының деңгейін бағалау. Мұнда басты нәтиже ретінде: мақсаттылық, функционалды ұйымдастыру, еңбек өнімділігі саналады;
2) өнімдер мен қызметтің бағасы. Бұл жерде басты нәтиже болып: қызмет деңгейі, өнім сапасы, сатылған тауар саны алға шығады;
3) тұтынушылардың талабын қанағаттандыру деңгейін бағалау. Мұнда жоғары басшылықтың міндеті болып: белгіленген нәтижелерге қол жеткізетін жұмысқа жетекшілік жасай білу, ал бұл, өз кезегінде, жоспарлауды, орындауды, бақылау мен дамуды жүзеге асыруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет