Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі


Бұл жерде маңызды факторлар болып мыналар табылады



бет51/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
person bask lektsiya

Бұл жерде маңызды факторлар болып мыналар табылады: баға саясаты (ауылшаруашылық өнімдеріне біршама жоғары сатып алу бағасын ұстап отыруға қолдау көрсету); сыртқы сауданы реттеу (әлемдік ірі өнім өндірушілердің және импортерлердің мүдделерін қорғау); қатал бақылауда болатын мақсатты субсидиялар; кәсіпкерлік саласындағы тұрақты бәсеке-лестік; табыс арасындағы үлкен айырмашылық. Мемлекеттің шаруашылық-кәсіпкерлік міндеті – мемлекет және жекеменшік компаниялар мен фирмалар арасындағы нарықтық қатынастардың өзіндік формасына сай келетін келісім-шарттар жүйесі арқылы жүзеге асады.
Жоспарлаудың азиалық жүйесі (Жапония, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур). Мұнда: дамыған капиталистік мемлекеттер арасында Жапонияның макроэкономикалық позицияларға негізделген ортамерзімдік бесжылдық жоспарлау моделі көп қолданылады. Азиялық жоспарлау жүйесі – шаруашылық жоспарлауды әлемдегі саяси шындықпен тығыз байланыс-тырады. Мысалы, Жапонияда қабылданған бесжылдық бағдарламада: саяси, экономикалық және моральды-этикалық ой-санадағы радикалды өзгерістер де ескеріліп, экономикадағы құрылымдық өзгерістер де бөлек көрсетілген. Осыған орай жапон экономикасының мемлекеттік және жекеменшік секторларында 3 басты міндет орындалу керек деп айтылған: сыртқы саудадағы теңсіздікті «жұмсарту»; Жапония тұрғындарын мемлекеттің экономикалық қуатына сай келетін тұрмыс деңгейімен қамтамасыз ету; күрт ауытқуларсыз экономикалық және әлеуметтік салаларда қазіргіден де тұрақты нәтижелерге қол жеткізу.
Қайталауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Жапон және АҚШ менеджментінің ерекшеліктері мен негізгі сипаттамасы
2. Басқармалы экономика дегеніміз
3. Жапониядағы менеджменттің басты ерекшелігі
4. Қазіргі американдық менеджмент
5. Басқарудың финдік, шведтік модельдерінің дамуы
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. А.Рахметов.., Т.Байнеева «Персоналды басқару» теория, тестілер, тәжірбие сабақтары, оқу құралы Алматы Экономика-2006ж.
2. К. Бердалиев «Менеджмент» лекциялар курсы Алматы Экономика-2006ж.
3. Ахметов К. Ғ.., Сағындықов Е. Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А.., Жұмаев Ж.Ж. «Менеджмент»Ақтөбе-Орал,2005ж.
4. Т.И.Есполов., Ж.Ж.Сулейменов «Менеджмент» Алматы, 2003ж.
5. У.Брэддик «Менеджмент в организации» Москва, Инфра.1997ж.
6. Н.Ф.Пушкарев., Н.Н.Пушкарев., Е.В.Троицкая «Практикум по кадровому Менеджменту» Деловые игры Москва «Финансы и статистика» 2000ж.
7. О.С.Вихонский, А.И.Наумов «Менеджмент» Москва 1999ж.
8. Е.Моргунов «Управление персоналом исследование, оценка, обучение» Учебное пособие, Москва 2000ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет