Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі


АҚШ менеджментің қалыптасуы мен дамуы



бет49/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Байланысты:
person bask lektsiya

АҚШ менеджментің қалыптасуы мен дамуы. Менеджмент – әлеуметтік-экономикалық ілім ретінде АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды. Содан бері АҚШ оның отаны саналады. Американдық менеджмент АҚШ-қа – батыс әлемінде және Жапонияда алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік берді. Ол – кәсіпкерлік белсендікке, халықтың белсенді тобының баюына есептелген. Ал тұрмысы нашар топтарға ішінара жеңілдіктер мен жәрдемақылардың есебінен біршама дұрыс өмір деңгейі қамтамасыз етілген. Бұл елде әлеуметтік теңдік мәселесі мүлдем қойылмайды. АҚШ-тағы модель – жоғары еңбек өнімділігіне және жаппай жеке табысқа қол жеткізуге есептелген.
Егер американдықтардың іскерлік белсенділігіне әсер ететін ұлттық ерекшеліктерге келетін болсақ, олардың күреске дайын екенін, өзінің артықшылығын дәлелдеуге тырысуын және өмірге деген құштарлығын ерекше атап өту керек.
Соңғы жылдары американдық бизнестің психологиясын – лидерлік үшін күрес, оң өзгерістерге деген дайындық анықтайтын болды. Сонымен бірге жаңа нарықтарды іздеу, басқару құрылымдарындағы бюрократияны азайту, өндірісті ұйымдастыру стилін жаңарту – негізгі міндеттерге айналды. Американдықтар өзінің отандасы Г.Фордтың: «Уақыт жоғалту оңай, бірақ оны қалпына келтіру мүмкін емес, өйткені жоғалтқан уақыт басқа зат сияқты жерде бекер жатпайды» деген өсиетін әлі ұмыта қойған жоқ. Экономиканы басқарудың американдық жүйесіне – жеңіске жету үшін барлық әдіс-айланы қолданатын және жауынгерлік қасиеттері бар күшті тұлға феномені тән. Алайда соңғы жылдары менеджмент бойынша кеңесшілер мен теоретиктер басқару мен іскерлік өмірдегі мінез-құлықтың авторитарлық стилін «жұмсартуға» шақырып, жалғыз адамның басқаруынан бас тартып және басқару мен іскерлік қарым-қатынастарда жалпы либерализацияға көшудің қажеттілігі туралы айта бастады.
Басшылар мен қатардағы қызметкерлер арасындағы принциптер анықталып қойған. Ол принциптер бүкіл іскер Америкаға тән болғандықтан, олардың негізгілерін атап шығайық:
- қызметкерлер өзінің жеке сенімі ретінде қарайтын – жалпы этикалық құндылықтар: парасаттылық, жұмысқа деген адалдық, бір біріне сенім, еңбекке деген жоғары мотивация, патриотизмнің ортақ рухы;
- жұмыспен толық қамту саясатын жүзеге асыру немесе нақты фирмаға жұмысшыны «өмір бойына жұмысқа алу». Ал жұмысшылар болса, фирманың ішінде өзінің қызығушылығына байланысты жұмыс таңдау құқығына ие болады. Сол сияқты олар фирма ішінде өз қалауынша мамандығын да ауыстыра алады;
- жұмысшыларды еңбекке ынталандырудың материалдық және моральдық стимулдардың кең және тиімді түрлерін қолдану;
- шешім қабылдауда – жұмысшылардың консенсус негізінде жеке өзінің қатысуы;
- басшылар қарауындағы жұмысшылардың арасындағы патерналистік, отбасылық, формалды емес қарым-қатынас стилі. Адамға деген құрмет пен сенімді ресми түрде жариялау;
- индивидуализмді, жеке жарқын қабілеттерді жан-жақты қолдау және жоғары біліктілігі бар мамандарды жұмысқа тарту;
- ең төменгі деңгейдегі жұмысшыларға дейін өкілеттіктерді мейлінше көп беру. Бұл, өз кезегінде, штаттағы басшыларды «бауырмашыл» болуға, демократиялық принциптерді басшылыққа алуға, горизонталды байланыс-тарды дамытуына итермелейді, әр түрлі ұсыныстардың жасалуын көтермелейді, іскер сынның дамуына септігін тигізеді.
Американдық менеджерлер: іскер әлемде кім тәуекелге барып, инновацияларды тез енгізетін адамдар ғана лидер бола алатынын бір ауыздан мойындайды. Сондықтан американдықтар бизнес саласына ескі әдет-ғұрыптар мен догмаларға «байланып» қалмаған жастарды жұмысқа тартуға тырысады. «ХХІ ғасыр қарсаңындағы американдық менеджмент» кітабының авторлары: «Американдықтардың көбісінде өзгеруге деген ниет те, дайындық та бар. Күрес жағдайында өз жұмысын үнемі жақсартуға және жоғары сапалы тауарлар шығарып, қызмет көрсетуге ұмтылатын басшылар мен жұмысшылардың жаңа толқыны өсіп келе жатыр» деп атап көрсетеді.
Сондықтан соңғы кездері, әсіресе қазіргі жағдайда басқарудың келесі стильдері мен принциптері кең тарай бастады:
1. бақылаудың негізіндегі басқару – ұзақ мерзімге есептелген тұрақты даму жоспарланғанда негізінен, қаржы бақылауы қолданылады;
2. экстраполяция негізінде басқару – өткенде орын алған үрдіс-ағымдар болашақта қайталанады деп болжам жасалғанда қолданылады, осы мақсатқа бола күнделікті шығындардың бюджетін, күрделі қаржы бөлудің бюджетін жасау, мақсатты басқару, ұзақ мерзімді жоспарлау әдістері қолданылады;
3. тұжырымды жаңа стратегия жасап шығару негізінде басқару – дамудың жаңа үрдіс-ағымдары айқын байқалып, басқарудың жаңа тәсілдері мен тұжырымдарын қабылдау, сондай-ақ жаңа стратегиялық бағыттар мен әр кезеңге есептелген стратегиялық жоспарлар құру қажеттігі туындаған кезде қолданылады;
4. жедел шешімдер қабылдау негізінде басқару – күтпеген жағдайлар мен ойламаған даму ағымдары пайда болған кездерде және стратегиялық міндеттерді топтап бөлгенде қолданылады (әсіресе АҚШ пен Жапонияның фирмаларында).
Қазіргі жағдайда фирманың стратегиясын жасап шығару жолдары да өзгерді. Егер бұрындары бәсекелестік күресте кез келген фирмаға артықшылық береді деп есептелген стратегияны фирма басшылығы ғана білуге тиіс болса және ол жариялауға жатпайды деп саналса, қазір керісінше стратегияны ашық түрде талқылап барып қабылдауға басымдық беріліп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет